Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 21 маусым N 895

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839 U020839_ Жарлығына сәйкес және мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiк деңгейiн көтеру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен;
      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен бiрлесiп тәртiптiк кеңес өкiлеттiктерi қатарында жергiлiктi атқарушы, аумақтық мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару және мемлекеттiк ұйымдарда тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған және Қызмет этикасы ережесiн бұзған лауазымды тұлғаларға, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттi өзге де тұлғаларға және оларға теңестiрілген тұлғаларға, сондай-ақ тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған аумақтық құқық қорғау органдарының және арнаулы қызметтердiң лауазымды тұлғаларына қатысты тәртiптiк iстердi қарауды көздей отырып, облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңесi туралы жаңа үлгідегi ереже әзiрлесiн және бекiтсiн;
      өз актiлерiн осы Жарлықпен сәйкес келтiрсiн.
      3. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тәртiптiк кеңестер қызметiнiң тиiмділiгiн арттыру, оларды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық нығайту шараларын қолданатын болсын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Омарбекова А.Т.