Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының өтініші бойынша "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 1-тармағының конституциялығы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысы

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес және Денисов ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескеріп Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Барлық тұрғындарының кетуіне және көшуіне байланысты таратылсын:
      Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Ақсай ауылы;
      Денисов ауданы Покров ауылдық округінің Иманов ауылы;
      Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Искра ауылы;
      Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің Октябрь ауылы.
      2. "Қостанай облысы Денисов ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің және Қостанай облыстық мәслихатының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 50/3 св бірлескен шешімі жойылсын.
      3. Осы қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            С. Кулагин

      Сессия төрағасы,
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Тукенов