Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 10 шілде N 14/2 Қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 367 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 P991917_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      

      көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасының экспорттық

      бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының:

      экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты-импорты және транзиті

      мәселелері жөніндегі кіші комиссиясының құрамына:

       Шайманов Болат Елтайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік

       комитеті төрағасының орынбасары (келісім

       бойынша);

      енгізілсін;

      "Ыбыраев Талғат Рысбекұлы - "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның бас

      директоры, экспорттық бақылауға жататын өнімнің эскпорты-импорты және

      транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссиясының хатшысы" деген жол алынып

      тасталсын;

      экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі кіші комиссиясының

      құрамына:

       Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика,

       индустрия және сауда вице-министрі,

       төраға болып енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Нұрбеков Қосбасар Болатбекұлы, Бозымбаев Қанат

      Алдабергенұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.М.

      Орынбекова Д.К.