"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 108-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 7 тамыздағы
№ 108-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 25.02.2021 № 39-ө өкімімен.

Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2020 жылғы қараша

М.К. Бектанов

2.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2020 жылғы желтоқсан

Е.А. Қиясов

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2020 жылғы қараша

М.Қ. Пішембаев

4.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2020 жылғы қыркүйек

Т.Т. Дәндібаев

5.

"Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2020 жылғы қыркүйек

М.К. Бектанов

6.

"Мемлекеттік материалдық резервте жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру, жинақтау мен пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1327 қбпү қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2020 жылғы қараша

М.Қ. Пішембаев

7.

"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2020 жылғы қараша

М.Қ. Пішембаев

8.

Құпия





9.

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу қағидалары мен нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2020 жылғы шілде

Е.А. Алпысов

10.

"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2020 жылғы тамыз

Е.А. Алпысов

11.

"Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2020 жылғы желтоқсан

М.Қ. Пішембаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.