"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".
Премьер-Министр | О. Бектенов |