"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы";
көрсетілген өкімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.";
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы";
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы, хатшы";
"Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы";
"Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;
"Астана қаласы әкімінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары";
көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже";
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комиссияның негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.".
Премьер-Министр | А. Мамин |