1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "Электрондық үкімет" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, хатшы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, хатшы";
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";
"Астана қаласы әкімінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары";
мыналар:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі инновациялық даму және цифрландыру секторының бас инспекторы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі инновациялық даму және цифрландыру секторының бас консультанты" енгізілсін;
көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";
2. "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 70-ө өкімінде:
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, хатшы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы";
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі" деген жол алып тасталсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкімінің 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр | А. Мамин |