Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 277.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.19. N 29 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  U990006_  Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1322  P981322_  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктілік талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621  P961621_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 506-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) атауында және мәтінінде: 
      "тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      "жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын; 
      1-тармақтың үшінші абзацы "тасымалдаумен" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ережеде: 
      атауында: 
      "тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      "жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын; 
      мәтінінде: 
      "Көлік және коммуникациялар министрлігінің", "Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің", "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "Көлік, инспекциясы", "Көлік инспекциясының" деген сөздер "Көліктік бақылау комитеті", "Көліктік бақылау комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау лицензиялауға жатады"; 
      3-тармақтағы "немесе патент (бұдан әрі - лицензия)" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
      6-тармақта:
      екінші және үшінші абзацтар "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
      төртінші абзацтағы "бір мезгілде" деген сөз алынып тасталсын,  "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияларда оның мынадай қолданылу аймақтары көрсетіледі:";
      он екінші абзац алынып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Лицензиялық алымды заңды және жеке тұлғалар лицензия алғанға дейін енгізеді.
      Лицензия беруден алынған қаражат салық заңдарына сәйкес төленеді";
      9-тармақта:
      б) тармақшасындағы "және әрбір көлік бірлігі үшін құжатқа ақы  төленгенін" деген сөздер алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын:
      "ж) автокөлік құралдарының жолаушылар мен жүктерді
халықаралық тасымалдауға жіберілгені туралы  санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі";
      10-тармақтың бірінші абзацы "30 күннен" деген сөздерден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он күннен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      17-тармақтағы "әрбір көлік құралына" және "немесе құжаттың" деген сөздер алынып тасталсын. 
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар мен       жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдаумен айналысатын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында:
      атауында:
      "тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын; 
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектілер мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиіс:";
      алтыншы абзацтағы "және коммуникациялар" деген сөздер "коммуникациялар және туризм" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі