Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 8 Нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша:
      "тергеуші" деген сөз "сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам" деген сөздермен;
      "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен;
      "алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. бүкіл мәтін бойынша:
      "ҚІЖК-нің" деген сөздер "КПК-нің" деген сөздермен ауыстырылды;
      "1-бөлігінің", "1-бөлігінде", "1-бөлігіне", "2-бөлігінде", "2-бөлігінің" деген сөздер тиісінше "бірінші бөлігінің", "бірінші бөлігінде", "бірінші бөлігіне", "екінші бөлігінде", "екінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Есі кіресілі-шығасылы адамдарға, сондай-ақ маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істерді және медициналық сипаттағы шараларды қолдануды тоқтату, өзгерту және мерзімін ұзарту туралы ұсыныстарды қарау жөніндегі сот тәжірибесін талқылай келе, осы санаттағы істерді қарау барысындағы кемшіліктерді жою және заңды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15 N 18 Нормативтік қаулысымен.

      1. Соттардың назары есі кіресілі-шығасылы күйінде қоғамға аса қауіпті әрекет жасаған адамдарға немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарға немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасап, психиатриялық жәрдем қажет ететін немесе маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын дұрыс қолдану олардың емделіп кетуіне немесе денсаулықтарының жақсаруына әсер ететініне, сондай-ақ осындай адамдардың қылмыстық заң бойынша жауапкершілік көздейтін әрекеттерді қайта жасауының алдын алуға ықпал ететініне аударылсын.

      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді және оларды қолданудың мерзімін ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді қараған кезде осы санаттағы істерді жүргізудің ерекшеліктерін көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 91-98-баптарымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 54-тарауының баптарымен реттелетіні түсіндірілсін. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысты медициналық жәрдем көрсетудiң негiздерi мен тәртiбi Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша реттеледi.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      3. Соттар адамның өзiнiң әрекеттерiнiң нақты сипатын және қоғамдық қауiптiлiгiн түсiнуге және оларды басқаруға кедергi жасайтын психикалық сырқаты өздiгiнен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн негiз бола алмайтынын ескеруi тиiс. Осыған байланысты әр iс бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердiң жасалуы дәлелденгенiн, оны жасаған кезде адамның есi кiресiлi-шығасылы күйде болғанын тексеру қажет. Сонымен бiрге, адамның психикалық сырқатына байланысты өзi үшiн немесе басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн немесе басқа да елеулi зиян келтiруi мүмкiндiгiн растайтын нақты фактiлер анықталуы тиiс.

      Адамның психикалық сырқатының сипаты және ауырлығы оның осыған байланысты өзiне және басқа адамдарға қатысты зорлықшыл әрекеттер, өзге де қоғамға қауiптi әрекеттер (мүлiктi ұрлау, өртеу, жою немесе басқа тәсiлдермен бұзу және т.б.) жасауға бейiмділiгi, сондай-ақ қоғамға қауiптi ниетiн жүзеге асыру мүмкіндiгiне баға беретiн аурудың күй-жағдайы - оның өзi үшiн немесе басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн дәлелдейдi.

      4. КПК-нiң 271-бабының талаптарына сәйкес әр қылмыстық iс бойынша, егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген адамға қатысты психикалық жай-күйiне күмән келтiретiн мән-жайлар анықталса, мiндеттi түрде сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы қажет. Бұндай жағдайларға, атап айтқанда, сезiктiнiң, айыпталушының отбасында психикалық аурумен ауыратын туысқандарының болуы туралы, оның ақыл-ойы жетiспейтiндер үшiн арналған мекемеде оқуы туралы, бұрын зақым алғаны туралы, психиатриялық емханаларда тiркелуi немесе емделуi туралы, бұрын психикалық сырқатына байланысты қылмыстық жауапкершiлiктен немесе жазадан босатылуы туралы және т.б. мәлiметтер жатады. Сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сараптамашылардың шешуiне адамның бұрын психикалық сырқатының болғанын, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде психикалық сырқатының дәрежесi мен сипатын анықтайтын, адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде есiнiң кiресiлi-шығасылы болғанын, сезiктiнiң, айыпталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе сот үкiмi бойынша қылмыстық жазаны өтеген кездегi психикалық мiнез-құлқын белгiлейтiн мәселелердi қойған жөн. Сараптамашылардың алдына адамның анықталған ауруына байланысты оның өзi үшiн және басқа адамдар үшiн қауiптi болуы туралы, басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгi туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын және оның қай түрін қолдануды талап ететіні туралы, сондай-ақ психикалық сырқатының сипаты мен ауырлық дәрежесiн ескере отырып, оның түсiнiктер беруге, өтiнiштер мәлiмдеуге, дәлелдемелер келтiруге және КПК-нiң 515-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген басқада әрекеттерді жасауға мүмкіндігі туралы мәселелерді қойған жөн.

      Қылмыстық iсте адамның iшiмдiк, есiрткi, психотроптық немесе өзге де есеңгiрететiн заттарды жүйелi түрде қолдануы туралы мәлiметтер болған жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi органдар осындай адамдарға куәландыру туралы қаулы шығарып, iске осы адам маскүнемдiктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлеу түрде емдеудi қажет ететiнi және оған қарсылық жоқ екенi туралы медициналық комиссияның қорытындысы қоса тiркеуге тиiс.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      5. Бiр әрекетке қатысты адамның есi кiресiлi-шығасылы екендiгiн тану басқа әрекетке қатысты есiнiң дұрыс болуы мүмкiндiгін жоққа шығармайтыны түсiндiрiлсiн. Осыған орай, бұрын есi кiресiлi-шығасылы болып танылған және қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған адам қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған жағдайда, жаңадан жасаған әрекетiнiң әр эпизодына қатысты оның есiнiң дұрыс екенiн немесе кiресiлi-шығасылы болғанын анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы және өткiзiлуi тиiс. Қажет болған жағдайда стационарлық сот-психиатриялық сараптама, сондай-ақ психолого-психиатриялық сараптама өткiзудi тағайындаған жөн.

      6. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар КПК-нiң 14, 279-баптарына сәйкес күзетпен ұсталған сезiктiнi, айыпталушыны сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру үшiн бұл туралы тергеушiнiң қаулысы керек екендiгiн, ал күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық мекемеге орналастыру үшiн оның келiсiмi, олай болмаған жағдайда сот қаулысы керек екендiгiн ескергенi жөн.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған сәтте адамның есi кiресiлi-шығасылы болғандығы туралы немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикалық сырқат пайда болғаны туралы сот-психиатриялық сараптамасын алған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, қылмыстық iс жүргiзу заңының сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндiрiсiнiң тәртiбiн реттейтiн жалпы нормаларынан басқа, КПК-нiң 509-518-баптарының талаптарын тез арада орындауы тиiс: iстi бөлек өндiрiске шығару мәселесiн шешу, бұлтартпау шарасын бұзу және қажет болған жағдайда қауiпсiздiк шарасын қолдану, қорғаушы мен заңды өкiлiн, егер бұрын басқа негiздер бойынша iске қатыспаса, iске қатыстыру.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15 N 18, 2010.06.25 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      8. Қылмыстық процесс жүргiзетiн органдардың назары мынаған аударылсын: қоғамға қауiптi әрекеттердi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасаған адамдарға немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы бұзылған адамдарға КПК-нiң 137-бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдануға жол берiлмейдi. Бұндай адамдарға қажет болған жағдайда КПК-нiң 511-бабының екінші бөлігінде көзделген қауiпсiздiк шаралары қолданылуы мүмкiн, атап айтқанда: денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру психиатриялық көмек көрсететiн психиатриялық көмек көрсететін ұйымға немесе мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру. Ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру түріндегі қауіпсіздік шарасы аталған адамдардың келісімі бойынша ғана қолданылуы мүмкін, ал олар бас тартқан жағдайда медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы қолданылуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Iс бойынша анықталған, есi кiресілi-шығасылы адамның өзiне немесе өзге де адамдарға қауiптiлiгiн немесе басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгiн дәлелдейтiн мәлiметтер қауiпсiздiк шараларын және оның түрiн қолдануға негiз болады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      9. Қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету қажет жағдайларда адамдарды орналастыратын мамандандырылған медициналық ұйымдарға: жалпы түрдегi психиатриялық стационар, арнайы психиатриялық стационар, күшейтiлген бақылау түрiндегi арнайы психиатриялық стационарлар жатады. Сот, тергеу судьясы КПК-нiң 14-бап екінші бөлігінде, 279-бап екінші бөлігінде, 511-бап екінші бөлігінде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты мамандандырылған медициналық ұйымға ерiксiз түрде орналастыру туралы негiзделген қаулы шығаруы керек.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      10. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кiресiлi-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамға оның психикалық сырқатпен ауыратындығы фактiсi анықтағанға дейiн бұлтартпау шарасының қамауға алу түрi қолданылып, ол тергеу аяқталғаннан кейiн жойылмаса, онда iстi өз өндiрiсiне қабылдаған прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша дереу бұзылып, қауiпсiздiк шарасы қолданылған кезде адам психиатриялық көмек көрсететiн тиiстi медициналық ұйымға ауыстырылуы немесе бiреудiң қарауына тапсырылуы керек.

      Қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты ауруды бiреудiң қарауына тапсыруды немесе арнаулы медициналық ұйымға орналастыруды жүзеге асыру тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жасаған хаттамасы, қаулысы ретiнде рәсiмделуi керек. Арнаулы медициналық ұйымдағы адамды сараптама жасау үшiн немесе сот мәжiлiсiне немесе ерiксiз түрде ем алатын жерге әкелу ауру тапсырылған медициналық ұйыммен келiсе отырып, iшкi iстер органдарына жүктеледi.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      11. Сот психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша адам өзiнiң iс жүргiзудегi құқықтарын жүзеге асыру мүмкiндiгiн жоғалтпаған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар КПК-нiң 515-бабының екінші бөлігінiң талаптарына сәйкес ондай адамға iс жүргiзудегi құқықтарын түсiндiруi және оларды жазбаша түрде беруi тиiс.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. КПК-нiң 517-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы мiндеттi болып табылады. Қорғаушының iске қатысуы, егер ол бұрын КПК-нiң 64, 66, 67, 536-баптарында көрсетiлген өзге негiздер бойынша iске араласпаса, адамның есi кiресiлi-шығасылылығы немесе психикасының бұзылуы фактiсi анықталған кезден бастап жүзеге асырылуы тиiс.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      13. КПК-нiң 7-бабының 11)-тармағына сәйкес есi кiресiлi-шығасылы адамдарды немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы бұзылғандардың ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, бiрге туған және бiрге тумаған аға-iнілерi, апа-сiңлілерi, атасы, әжесi, немерелерi заңды өкiлдерi болып танылуы мүмкiн. Егер жақын туысқандары болмаған жағдайда, қорғаушы немесе қылмыстық процесс жүргiзушi органның қатысуға рұқсатымен iс бойынша басқа адамдардың заңды мүддесiн қорғауға құқылы адам оның заңды өкiлi бола алады.

      Заңды өкiлдi iске қатыстыру - тергеушiнiң қаулысымен, олай болмаса, iстi өз өндiрiсiне алған прокурордың немесе соттың қаулысымен жүзеге асырылады.

      Заңды өкiлдi iске қатыстыру туралы мәселе iс жүргiзiлiп жатқан адамның есi кiресiлi-шығасылылығы немесе психикасының бұзылу фактiсi анықталған кезден бастап шешілу керек. Қылмыстық процесс жүргiзушi орган iске қатыстырылған заңды өкiлге КПК-нiң 516-бабының үшінші бөлігінде көрсетiлген құқықтарын түсiндiруге және бұл туралы хаттама жасауға (сот мәжiлiсi хаттамасына жазып қоюға) мiндеттi.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      14. Жақын туысқаны болып танылатын есi кiресiлі-шығасылы адамның заңды өкiлi өзiнiң келiсiмімен ғана және заңды өкiлi болып басқа заңда көрсетiлген жақын туысқаны танылғаннан кейiн заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудың мән-жайлары туралы куәгер ретiнде жауап бере алады.

      15. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша, жасалған әрекеттiң заңдылық бағасына қарамастан, мiндеттi түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлiп, оның барысында КПК-нiң 510-бабының екінші бөлігінде көрсетiлген мән-жайлар толық, жан-жақты және объективтi түрде зерттелуi тиiс.

      Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адам психикалық сырқатының сипатына және ауыру дәрежесiне қарай өзiне және басқа да адамдарға қауiп келтiрмейтiн болса, сондай-ақ өзге де маңызды зиян келтiру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам КПК-нiң 35-бап бірінші бөлігінің 9)-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша iс жөнiндегi сот iсiн қысқарту туралы КПК-нiң 288-бабының екіншіден бастап алтыншыны қоса алғандағы бөліктерінің талаптарына сәйкес қаулы шығаруы тиiс. Басқа жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулы шығаруға және iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберуi керек.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      16. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында адамның қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы қылмыстық iзге түсудi жалғастыруға мүмкiндiк бермейтiнi анықталса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган КПК-нiң 35 және 288-баптарының талаптарын сақтай отырып, iс жөнiндегi өндiрiстi қысқартуы керек. Сонымен қатар, ауырып қалған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұл туралы қаулы шығарып, тексеру және сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы қаулыны бекіту үшiн iстi тиiстi прокурорға жiберуге мiндеттi. Прокурор қаулыны бекіткеннен кейін тергеуші қабылданған шешім туралы ҚПК-нің 289-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды хабардар етуге тиіс.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15 N 18; 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      17. КПК-нiң 518-бабының бесінші бөлігіне сәйкес прокурор медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулысымен келiп түскен iстi қарап, онда КПК-нің 35 және 288-баптарында көрсетiлген негiздер болған жағдайда iстi қысқартуға, ал қажет болған жағдайда (мысалы, заңмен тыйым салынған әрекеттi жасағаны фактiсiн растайтын немесе терiске шығаратын мән-жайларды қосымша анықтау үшiн, әрекетке дұрыс заңдық баға беру үшін, iске қорғаушыны, заңды өкілдi қатыстыру үшiн, қауiпсiздiк шараларын қолдану үшiн, мүдделi адамдардың iспен танысу туралы өтiнiштерiн шешу үшiн және т.б.) қайта тергеуге жiберуге мiндеттi. Iстi қысқартуға немесе қосымша тергеу үшiн негiз болмаған жағдайда, прокурор аумақтық соттылық ережелерiн сақтай отырып, iстi тиісті сотқа жiберуі тиiс. Прокурор қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердi жасаған есi кiресiлi-шығасылы адамдарды немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы бұзылған адамдарды сотқа тапсыру туралы қаулы шығармайды.

      Оған қатысты іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылатын адамның заңмен кепілдендірілген құқықтарын сақтау мақсатында оған және оның заңды өкіліне, процестің басқа да қатысушыларына сияқты, істі қысқарту туралы немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жолдау туралы қаулы міндетті түрде тапсырылады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15 N 18; 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      18. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстердi қабылдау және оны қарауға тағайындау судьяның қаулысымен рәсiмделуi керек. Қаулының қорытынды бөлiгiнде iстi қараудың күнi мен орнынан басқа, егер оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам немесе прокурор бұзбаса, бұлтартпау шараларын бұзу туралы, қажет жағдайда қауiпсiздiк шараларын таңдау, өзгерту немесе бұзу туралы, сот iсiн жүргiзу тiлi туралы, сот талдауының жариялылығы туралы, азаматтық талап арызды қамтамасыз ету шаралары туралы, iсi келiп түскен адамның сот мәжiлiсiне қатысуы туралы, сот мәжiлiсiне жәбiрленушiлердi, куәларды, сарапшыларды шақыру туралы және iстiң дұрыс және заңды шешiлуiне маңызы бар басқа да мәселелер туралы шешiмдер көрсетiлуi керек.

      19. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істерді ҚПК-нің 306-бабынан бастап 309-ны қоса алғандағы баптарында бекітілген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы соттар қарайды. Басты сот талқылауы барысында сотталушының ақыл-есі кіресілі-шығасылы жағдайда қоғамға қауіпті әрекет жасағаны немесе оның психикасының бұзылғаны анықталса, онда ақыл-есі кіресілі-шығасылы адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану немесе қолданудан бас тарту туралы қаулы шығара отырып және басқа адамдарға қатысты шешім қабылдай отырып, істі мәні бойынша сол сот отырысында бір өндірісте қарауға жол беріледі.

      Егер қылмыстық жауапкершілікке тартылуға жататын адамдар туралы істерді қарау ұзақ уақытты қажет етсе, онда сот КПК-нің 44-бабының талаптарын сақтай отырып, есі кіресілі-шығасылы адамға қатысты материалдарды бөлек өндіріске шығаруға құқылы.

      Істі апелляциялық, кассациялық, тәртібінде немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарау барысында қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған кезінде адамның есі кіресілі-шығасылы болғаны немесе ол адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін, бірақ бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін психикасы бұзылып ауырғаны анықталған болса және де мұның өзі жазаны тағайындауға немесе орындауға мүмкіндік бермесе, онда КПК-нің 54-тарауының қағидаларына сәйкес, іс бойынша шығарылған сот кесімдері бұзылуға және іс соттың жаңадан қарауына жатады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15. N 18, өзгерістер енгізілді - 2008.12.22. N 10, 2010.06.25 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      20. Iстiң дұрыс шешiлуiне маңызы бар, адамның қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауiптi әрекеттердi жасағанын растайтын немесе терiске шығаратын дәлелдердi, сондай-ақ өзге де маңызды мән-жайларды мұқият тексеру керек екендiгiне соттардың назары аударылсын. Осы мақсатпен сот мәжілiсiне жәбiрленушілер мен куәгерлер шақырылуы керек, жазбаша дәлелдер жарияланып, қаралуы және заттай дәлелдер зерттелуi тиiс. Адамның есi кiресiлi-шығасылы екендiгi туралы мәселенi шешу, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, мәжбүрлеу шараларының түрiн белгiлеу сот құзырына жатады. Сондықтан, психиатр-сараптамашылардың қорытындысына iстегi барлық материалдармен жиынтықта мұқият баға берiлуi керек. Егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы оның қысқаша жазылғанына, негiзсiздiлiгiне немесе басқа да себептерге байланысты дәлелдi болмаса, немесе онда сол санаттағы iстер бойынша анықталуға жататын мәселелердiң барлығы көрсетілмесе, соттар қосымша немесе қайта сараптамалар жүргiзудi тағайындауы керек.

      Қажет болған жағдайда сараптаманы қайта жүргiзу тәуелсiз сараптамаға тапсырылуы мүмкiн (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасының орталығы негiзiнде ұйымдастырылған сот-психиатриялық сараптама, т.б.).

      21. Соттар сот тергеуi прокурордың есi кiресiлi-шығасылы болып танылған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттiлiгi туралы дәлелдемелерiн баяндаудан басталатынын ескерсiн. Бұл орайда, прокурор КПК-нiң 510-бабында көрсетілген мән-жағдайларды растайтын, сондай-ақ аурудың өзi үшiн және өзге адамдарға қауiптiлiгiн дәлелдейтiн iстегi барлық дәлелдердi көрсетуi керек және олар дәлелденген жағдайда сотқа есi кiресiлi-шығасылы адамға ҚК-нің 93-бабында көрсетілген медициналық мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдануды ұсынуы тиiс. Айыптау және қорғау тараптары iс бойынша жүргізiлген өндiрiстiң заңдылығын, КПК-нiң 510-бабында көрсетiлген мән-жайлардың дәлелденгендiгiн тексеруге қатысуға, ал КПК-нiң 383-бабында көрсетiлген тәртiпте өткiзiлетiн жарыссөз кезiнде сотқа сот тергеуiнде бекiтiлгендерге сәйкес шешiм шығаруды ұсынуға мiндеттi.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      22. КПК-нiң 520-бабына сәйкес iстi сотта талқылаған кезде: әрекеттiң болған-болмағанын; оған берiлген заңды бағаны; әрекеттi iсi қаралып отырған адам жасағанын; ол адам әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасады ма, жоқ әлде оны жасағаннан кейiн ауырып қалғанын; қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн ауырып қалған адамға жаза тағайындауға және оны орындауға бола ма; ауру өзi үшiн және басқа адамдарға қауiптi ме және өзге де елеулi зиян келтiруi мүмкiндiгi бар ма; бұндай адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануға бола ма және нақты қандайын анықтау керек екендiгi түсiндiрiлсiн. Сонымен қатар, сот азаматтық талап арыз қанағаттандырылуға жата ма және кiмнiң пайдасына, қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап арыз берiлмесе, мүлiктiк зиян өтелуге жата ма; азаматтық талап арызды қамтамасыз ету немесе тәркiлеу үшiн қамауға алынған мүлiктi не iстеу керек; заттай дәлелдер туралы мәселелерiн анықтауға тиiс.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      23. Сот iстi сотта талқылаудың қорытындылары бойынша мына қаулылардың бiрiн шығаруға тиiс: КПК-нiң 35-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлген негiздер бойынша, егер iс бойынша өндiрiстi болдырмайтын мән-жайлар анықталса, iстi қысқарту туралы; адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдану туралы; адамды қылмыстық жазадан босату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдану туралы; iстi қысқарту және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы; тергеуді жалпы тәртіпте ұйымдастыру үшін істі прокурорға жолдау туралы. Соттар ҚК-тiң 93-бабында көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiреуiн ғана және тек ҚК-тiң 91-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда қолдануға құқылы екенiне олардың назары аударылсын. Соттар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын таңдаған кезде, ҚК-тiң 92-бабында көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мақсатын басшылыққа алуы, жасалған әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгiн психикалық дерттiң деңгейi мен ауырлығын және осыған байланысты ол адамның өзге адамдарға және өзiне қауiптi болуын және қауiптiлiк деңгейiн немесе психикасының бұзылуына байланысты өзге де маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгiн, сондай-ақ ол адамның емдеудi қажет ететiнiн ескеруi тиiс. Психикасы бұзылған адамның өзi үшiн және өзге де адамдар үшiн қауiптілiгiнiң деңгейi және оның басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрiн белгiлеу үшiн бiрiншi кезектi негiз болып табылады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      24. Сот қаулысы КПК-нiң 521-бабының талаптарына жауап беруi керек, онда iсi қаралып жатқан адамның жасаған әрекетiнiң сипаты, ол әрекет қылмыстық заңның қай нормасында көзделгенiн, әрекеттi осы адамның жасағанын растайтын дәлелдер баяндалуы керек. Сонымен бiрге, қаулыда адамның психикасы бұзылумен ауыратынының нақты дәлелдерi көрсетiлiп, бұл орайда адам әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы кезде жасағаны жоқ әлде психикасы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн бұзылғаны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек.

      Егер сот адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде өзiнiң әрекеттерiне жауап бере алатыны және оларды басқара алатыны, ал психикасы қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн бұзылған деп қорытынды жасаса, онда қаулыда мiндеттi түрде оның ауруы қылмыстық жаза тағайындауға және оны орындауға кедергi болатын-болмайтыны туралы нақты дәлелдер көрсетуге тиiс.

      Психикасының бұзылуына байланысты адамның қылмыстық жауапкершiлiктi өтей алмайтынын немесе қылмыстық жауапкершілiкке тартыла алмайтынын танығаннан кейiн сот өзiнiң қаулысында адамның өзi үшiн немесе өзге адамдар үшiн қауiптiлiгi туралы немесе өзге де маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгi туралы тұжырымының себептерiн келтiруге мiндеттi.

      Маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлықтан ауыратын адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы осы адамдарға тағылған айып бойынша қабылданған сот үкiмiнде немесе өзге қорытынды шешiмiнде көрсетiледi. Ақтау үкiмi шығарылған кезде маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу қолданылмайды.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      25. Қаулының қорытынды бөлiгiнде соттар қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасаған адамды оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолданып немесе қолданбай, қылмыстық жауапкершiлiктен босату туралы және қылмыстық iстi қысқарту туралы көрсетуi тиiс.

      Егер сотта адамның психикасы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн бұзылғаны анықталса, сот қаулысының қорытынды бөлiгiнде ҚК-тiң 75-бабының бірінші бөлігіне сiлтеме жасай отырып, оған заңда көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолданып немесе қолданбай, адамды жазаны өтеуден босату және ҚК-тiң 75-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ондай адамдарға сауыққаннан кейiн ҚК-тiң 71 және 77-баптарында белгiленген ескiру мерзiмдерi шеңберiнде қылмыстық жауапкершілiкке тартылатындығын ескере отырып, iс жөнiндегi өндiрiстi тоқтата тұру туралы көрсетуге мiндеттi. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзiмдерi сот қаулысында көрсетiлмейдi. Қаулыда ісі қаралған адамның қорғаушысы, заңды өкілі немесе жақын туысы, жәбірленуші және оның өкілі қаулыға апелляциялық тәртіппен шағым жасай алатыны, сондай-ақ ҚПК-нің 48-тарауында жазылған қағидалар бойынша прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін екендігі көрсетілуге тиіс. Iсi қаралған адамның жақын туысқаны, iс бойынша заңды өкiл болған-болмағанына және iске қатысқан-қатыспағанына қарамастан, кассациялық шағым беруге құқылы екенi түсiндiрiлсiн. Iсi қаралған адам, егер сараптама қорытындысы бойынша оның психикалық күйi iс жөнiндегi сот өндiрiсiне қатысуға рұқсат етсе, сот қаулысына шағымдануға құқылы. Өзге жағдайларда бұл адамдар, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдерi арыз бере алмайды.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15 N 18; 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      26. ҚК-тiң 91-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот қаулыларын орындау психиатриялық стационарлар қарасты денсаулық сақтау органдарына және iшкі iстер органдарына жүктеледi. Маскүнемдiк, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе психикасының бұзылуымен ауыратын, қылмыстық жазамен қатар мәжбүрлеп емдеу тағайындалған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiмен анықталады.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      27. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану және психиатриялық көмек көрсету жүктелген денсаулық сақтау органдары медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн, ал одан кейiн жүйелi түрде 6 ай сайын ауруды куәландырып, қолданылған емдеудiң тәсiлдерiнiң және медициналық бақылаудың негiзiнде ҚК-тiң 96-бабына сәйкес сотқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды өзгерту, мерзiмiн ұзарту немесе тоқтату туралы негiзделген қорытынды ұсынуға мiндеттi. Адамды медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды қолданудың мерзiмiн соттың жүйелi түрде ұзартуынсыз психиатриялық стационарда ұстау заңсыз болып табылады.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      28. Дәрігер-психиатрлардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тоқтатудың, өзгертудің және ұзартудың қажеттілігі туралы ұсынысын (қорытындысын) мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулыны шығарған соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады. Егер мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйым аталған соттардың аумақтық соттылығынан тысқары жерде болса, онда ұсынысты медициналық мекеме тұрған жердегі тиісті аумақтық сот қарайды. Сот қызметiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды негiзсiз өзгерту, мерзiмiн ұзарту немесе тоқтату фактiлерi жойылуы тиiс. Соттар есi кiресiлi-шығасылы болып танылған адамның жасаған қылмысы ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға жататын жағдайларға, оның медициналық ұйымда болу мерзiмiне және дәрiгерлiк қорытындыда көрсетiлген оның психикасындағы өзгерiстерге ерекше назар аударуы керек. Бұндай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту өткiзiлген емдеуден кейiн немесе психикалық және тән күйiнiң өзгеруi салдарынан өзiне және өзге адамдар үшiн қауiптi болмайтынын дәлелдейтiн шынайы, даусыз мән-жағдайларға негiзделуi керек.

      Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту, мерзiмiн ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижесiнде шығарылған қаулыға КПК-нiң 522-бабында көрсетiлген адамдар наразылық келтiре алады.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15 N 18, 2010.06.25 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      29. КПК-нiң 477-бабының бірінші бөлігіне сәйкес адамға айыптау үкiмiмен және қылмыстық жаза тағайындаумен қатар қолданылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мерзiмiн ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелердi сотталушының жазаны өтеп жатқан мекеменiң ұсынысы бойынша немесе сотталушының өзiнiң өтiнiшi бойынша сотталушының жазаны өтеу орны бойынша аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шешетiнi соттарға түсiндiрiлсiн. ҚК-тiң 75-бабында көзделген негіздер бойынша адамды жазадан босатып, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды, сотталғанды жазадан босату туралы қаулыны шығарған аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады. Егер мәжбүрлеп емдеу сот үкiмiнiң ҚК-тiң 91-бабы бірінші бөлігінде 3), 4) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тағайындалса, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзiмiн ұзарту туралы ұсыныстарды жаза өтелiп жатқан жердегi аудандық немесе оған теңестiрiлген сот қарайды.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15 N 18, 2010.06.25 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      30. Осы қаулының қабылдануына байланысты КСРО Жоғарғы Сот Пленумының 1984 жылғы 26 сәуiрдегi "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, өзгерту және тоқтату жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы" N 4 қаулысы, 1985 жылғы 1 қарашадағы Пленум N 17 қаулысымен енгiзілген өзгерiстермен бiрге Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


Пленум хатшысы