"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18 және 2008 ж

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы қағидатын соттардың сақтауы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 12-тармақтағы «403» деген сандар «396-1, 446-1» деген сандармен ауыстырылсын, «апелляциялық» деген сөзден кейін «және кассациялық» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 13-тармақ «апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев