Нормативтік қаулыны "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6
нормативтік қаулысына
(1998 жылғы 15 мамырдағы және 2004 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша "ҚР" деген сөздер алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабына
сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы Ж. Бәйішев