Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, дәрменсiз кәсiпорындардың банкроттығын, оларды таратудың алдын алу жөнiндегi қызметтi жандандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 394.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен.

      "Лисаков химия талшығы зауыты" акционерлiк қоғамының өндiрiстiк базасын мейлiнше тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен "Лисаков химия талшығы зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығын Лисаков арнайы экономикалық аймағының Әкiмшiлiк кеңесiне берсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi