Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Қалыпқа келтiру банкiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 наурыз N 359. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.06.22. N 579 қаулысымен. ~P950579

      Акцияларының бақылау пакетi мемлекет қарамағындағы төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк және акционерлiк кәсiпорындардың өндiрiсiн тұрақтандыру, оларды қаржылық жағынан сауықтыру, осы кәсiпорындардың қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы мәселелерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекенттiк Қалыпқа келтiру

банкi (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Қалыпқа келтiру банкi)
төрт жылдан аспайтын мерзiмге құрылсын.
     Қазақстан Республикасының Қалыпқа келтiру банкiсiне 
республикалық бюджет есебiнен 7000000 мың теңге, соның iшiнде 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң кредиттерi есебiнен 
3000000 мың теңге сомасында шығын көзделгенi ескерiлсiн.
     2.
<*>

     3.
<*>

     4.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2,3 және 4-тармақтарының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң
              1998.04.29. N 394 қаулысымен.  

P980394_

 
     5.
<*>

     Ескерту. 5-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.06.08.
              N 800 қаулысымен.  

P950800_

 
     6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бiр ай
мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қалыпқа келтiру банкiне
банкiлiк қызмет көрсетуге берiлетiн кәсiпорындардың тiзбесiн 
бекiтсiн.
     7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару 
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қалыпқа
келтiру банкiнiң аппаратын орналастыру үшiн Алматы қаласынан
үй-жай бөлсiн.
            Қазақстан Республикасы
              Премьер-министрiнiң
              бiрiншi орынбасары