Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 10 қаңтар N 30. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.08.15. N 1261 ~P971261

      "Мемлекеттiк баж салығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 14 қыркүйектегi N 151-ХIII қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi облыстық (қалалық) басқармалар және жылжымайтын мүлiктердi мемлекеттiк бағалау мен тiркеу тәртiбi туралы ұсынылып отырған Үлгi ереже бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарының, басқару органдары қызметкерлерiнiң жалпы саны мен қызметтiк жеңiл автомобильдер санының лимитi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 қыркүйектегi N 1092 қаулысының N 6 қосымшасы "Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi басқарма" сөзiмен толықтырылсын.
      3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi:
      толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру шартында әкiмдердiң жанынан жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi басқармалар ұйымдастыру мәселелерiн шешуге жәрдем көрсетсiн;
      ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей жеке адамдардың мүлкiне салынатын салықтан түскен сомадан жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi басқармалардың есепшотына оларды ағымда ұстауға қажеттi аударымдар жасасын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы жеке адамдардың мүлкiне (үйлер, саяжайлар, гараждар және басқа құрылыстар) салықты есептегенде және жылжымайтын мүлiктер мен мәмiлелерден мемлекеттiк баж салығын ұстағанда, жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi басқармалар берген актiлердi басшылыққа алатын болсын.
      5. Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi

жұмыстарды жүргiзу үшiн Алматы облыстық әкiмшiлiгiнiң жылжымайтын
мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi басқармасы әзiрлеп,
патенттеген бiрыңғай жүйесi енгiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының
орындалуына бақылау жасайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                     Қазақстан Республикасы 
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                     1995 жылғы 10 қаңтардағы
                                       N 30 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

              Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу
            жөнiндегi облыстық (қалалық) басқарма туралы
                            ҮЛГI ЕРЕЖЕ


      1. Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi облыстық (қалалық) басқарма (бұдан әрi - басқарма) облыс (қала) аумағында жылжымайтын мүлiктердi мемлекеттiк бағалау мен тiркеудi белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын орган болып табылады.
      2. Басқарма өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, облыс (қала) әкiмдерiнiң қаулыларын, жылжымайтын мүлiктердi мемлекеттiк бағалау мен тiркеудiң Тәртiбiн, осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Басқарма өз қызметiн толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында, сондай-ақ жеке адамдардан алынатын салық сомасынан аударымдар есебiнен жүзеге асырады.
      4. Басқарма мынадай қызметтердi жүзеге асырады:
      дайын және аяқталмаған тұрғын үй құрылыстарын немесе олардың бiр бөлiгiн бағалау мен тiркеу;
      әлеуметтiк инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн бағалау мен тiркеу;
      өнеркәсiп объектiлерiн бағалау мен тiркеу;
      өзге де жылжымайтын объектiлердi бағалау;
     конъюнктуралық зерттеулер жүргiзу, жылжымайтын мүлiктер нарығына шолулар даярлау;
      инвестициялық жобаларды ұйымдастыру, құрылыстар және жылжымайтын мүлiктердi сату саласында ақпарат базасын және коммерциялық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн құру;
      оқу, әдiстемелiк, ғылыми және анықтамалық әдебиеттер шығару;
      сертификаттар алған адамдардың есебiн жүргiзiп, санын анықтау;
      бағалаудың стандарттары мен жылжымайтын мүлiктердi бағалаушы этикасының Кодексiн жасау, қолдау және өмiрге енгiзу.
      5. Осы мiндеттердi жүзеге асыру үшiн басқарма:
      жылжымайтын мүлiктердi мемлекеттiк бағалау мен тiркеу мәселелерi бойынша меншiк нысандарына қарамастан кез келген құрылыс объектiлерiнде, ұйымдар мен кәсiпорындарда еш кедергiсiз болуға;
      мемлекеттiк бағалау мәселелерi бойынша статистикалық есеп органдарынан ақпараттар сұрауға және алуға;
      лицензия иегерi ретiндегi мәртебелерiн сақтауын тексеру үшiн жылжымайтын мүлiктердi бағалаушылардың қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
      кәсiпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан жылжымайтын мүлiктердi мемлекеттiк бағалау мен тiркеу мәселелерi бойынша, сондай-ақ басқармаға жүктелген мiндеттердi шешуге қатысты өзге де мәлiметтердi алуға;
      жылжымайтын мүлiктердi бағалау талаптарын бұзған заңды ұйымдар мен жеке адамдар жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      кәсiби мәселелердi шешуде мемлекет қолдауын пайдалануға;
      жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi қажеттi құжаттарды әзiрлеуге мамандандырылған кәсiпорындар мен ұйымдардың сарапшыларын, сандай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқылы.
      6. Басқарманы басқарма бастығы басқарады, оны облыс (қала) әкiмi тағайындап, босатады.
      7. Басқарма дербес заңды ұйым болып табылады, оның дөңгелек мөрi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған бланкiлерi болады.
      8. Басқарма жылжымайтын мүлiктердi бағалау және тiркеу жөнiндегi қажеттi аудандық агенттiктер құрады.
      9. Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу жөнiндегi аудандық агенттiктердiң бастықтарын аудандық (қалалық) әкiмшiлiктердiң келiсуi бойынша облыстық (қалалық) басқармалардың бастықтары тағайындайды.
      10. Басқарма бастығы:
      басқарманың жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, осы Ережеге сәйкес белгiленген мiндеттер мен қызметтердi орындау жөнiнде жеке жауапкершiлiкте болады;
      өзiнiң орынбасарының, бөлiм бастықтарының және басқарманың аудандық агенттiктерi бастықтарының жауапкершiлiк дәрежесi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      барлық мемлекеттiк ұйымдарда ерекше сенiм хатсыз-ақ басқарманың мүдделерiн қорғайды;
      басқарманың мүлкiне, қаржы-қаражатына ие болу, пайдалану және басқару құқына ие, сенiмхаттар бередi және банкiлерде есеп айырысу шоттарын және басқа да шоттарды ашады, қаржы тәртiбiн сақтауды қамтамасыз етедi;
      басқарманың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
      басқарманың шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi мен шаруашылық есебiнiң экономикалық нормативтерiн бекiтедi;
      басқарманың аудандық агенттiктерiнiң қызметi туралы есептердi қарайды және бекiтедi;
      өзiнiң құзыры шегiнде басқарманың аудандық агенттiктерi үшiн орындалуы мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер және нұсқаулар шығарады.
                                     Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 қаңтардағы N 30 қаулысымен Бекiтiлген


               Жылжымайтын мүлiктерге мемлекеттiк бағалау
                       мен тiркеу жүргiзудiң
                             ТӘРТIБI
      Жылжымайтын мүлiк - бұл үстiндегi кеңiстiк пен жер қойнауындағыларды қоса алғанда жер учаскесiн жетiлдiру, орнын ауыстыру оның мақсатына орай өлшемдес залал келмеуi мүмкiн емес жер учаскесi.
      1. Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлiктердi мемлекеттiк

бағалау мен тiркеу салық салу, ипотекалық кредиттеу, жылжымайтын
мүлiктердi сақтандыру, сату - сатып алу және басқа да мақсаттар
үшiн олардың санын, нақтылы бағасын және заңды ұйымдар мен жеке
адамдардың жылжымайтын мүлiкке қатысты құқын анықтау үшiн жүргiзiледi.
     2. Салық салу үшiн жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу
жүргiзгенде басқарма мемлекеттiк салық инспекциясына:
     салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТТН);
     бағалау актiсiнiң нөмiрi;
     жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң атауы;
     кәсiпорынның атауы (заңды ұйымдар үшiн);
     жылжымайтын мүлiк иесiнiң толық аты-жөнi;
     жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекен-жайы;
     жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң жалпы еселiк құны көрсетiлген
ақпарат бередi.


      3. Салық салу мақсатында жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiнде

атқарылған жұмыс үшiн салық төлеушiден ақы алынбайды.
     4. Сату-сатып алу, сыйға тарту, кепiлдiкке беру және басқа
да мәлiметтер үшiн жылжымайтын мүлiктi бағалау жағдайында мынадай
тәртiптi сақтау қажет;
     тапсырыс берушiнiң объектiнiң атауын, орналасқан жерiн және
бағалау мақсатын мiндеттi түрде көрсеткен хатты (өтiнiштi) табыс
етуi;
     меншiк құқын немесе бағаланатын объектiге келiсiмiн растайтын
құжаттардың болуы;
     объектiнi орналасқан жерiне барып көру;
     жылжымайтын объектiнi бағалауды орындау жұмысына үлгi шарт
жасасу;
     жылжымайтын мүлiктi бағалау жұмысын орындау;
     тапсырыс берушiге бағалау актiсiн табыс ету.


      5. Жылжымайтын мүлiктi бағалау жұмыстарын орындағаны үшiн тапсырыс берушi жасалған шартқа сәйкес ақы төлейдi.
      6. Жылжымайтын мүлiктердi бағалау жөнiндегi акт екi дана етiп жасалып, оның бiреуi орындаушыда үш жыл бойы сақталады.