Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1034 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және Маңғыстау облысының жергілікті бюджетіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 15-жол сол күйінде қалдырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 80-жол сол күйінде қалдырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 172-1-жолмен толықтырылсын:
      "172-1. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімі.";
      реттік нөмірі 239-жол сол күйінде қалдырылсын;
      реттік нөмірі 265-жол сол күйінде қалдырылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі