Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 402
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 15, 125-құжат):
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне", "Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң", "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер тиiсiнше "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның", "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "әзiрлеу және" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн акт нысанындағы және оған қосымшалардағы "Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң", "Аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитет" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiнiң сипаттамасында:
3-тармақтағы:
жетiншi абзацтағы "жер учаскесiнiң жоспары" деген сөздерден кейiн "жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi көрсетiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
сегiзiншi абзацтағы "жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi тиiстi орган" деген сөздер "жер ресурстарын басқару жөнiндегi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi жазу кiтабының нысанындағы "жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық органның" деген сөздер "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) "Уақытша жер пайдалану туралы үлгiлiк шарттардың нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 6 желтоқсандағы N 1495
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 50, 487-құжат):
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717
Заң күшi бар Жарлығына
" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер учаскесiн жалға беру туралы және уақытша жер пайдалану туралы үлгiлiк шарттарға 1 және 2-қосымшаларда "аудандық (қалалық) жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттiң" деген сөздер "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 ақпандағы N 235
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 9, 61-құжат):
кiрiспедегi "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717
Заң күшi бар Жарлығына
" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат) деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы ережеде:
3-тармақтағы "жер ресурстарын басқару табиғат қорғау жөнiндегi атқарушы органдар" деген сөздер "жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Төрағаның орынбасарлары" деген сөздер "оның орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың басшылары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары, ал олардың орынбасарлары - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектордың орынбасарлары болып табылады";
7-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың басшыларын - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларын қызметке Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы - Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы тағайындайды";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жүктелген аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары мен мамандары жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады";
9-тармақтағы бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң органдары:";
10-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитеті мен оның органдары" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Экология және биоресурстар министрлiгi" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
15-тармақтағы бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi функциялар жүктелген жергiлiктi атқарушы органдардың, жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi атқарушы органдардың және басқа да уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары өз құзыретiнiң шегiнде:";
22-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі