Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 10 желтоқсандағы N 1320. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.30. N 1246 қаулысымен.(2005 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді)

      Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстiк

Ирландия Құрама Корольдiгiмен дипломатиялық қарым-қатынас
орнатуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
     1. Лондон қаласында Қазақстан Республикасының Елшiлiгi
ашылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан
Республикасының Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама
Корольдiгiндегi Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыс сметасын
анықтасын.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi