Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 наурыз N 326. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 745 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.15  N 745  Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесi бекітілсін.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
2001 жылғы 3 наурыздағы   
N 326 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын қызметкерлер еңбек мiндеттерiн атқару процесiнде ұшыраған жазатайым оқиғаларды, кәсiби ауруларды, улану және өзге де денсаулыққа зақым келу оқиғаларын тексерудiң, ресiмдеудiң және тiркеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi. 
      2. Ереженiң күшi, сондай-ақ мыналарға: 
      1) кәсiби даярлық алып жүрген, сынақ мерзiмiн өтеп жүрген немесе жұмыс берушiде өзге де жолмен болашақ өндiрiстiк қызметке дайындалып жүрген адамдарға; 
      2) олар кәсiби тәжiрибеден өту немесе жұмыс берушiнiң жұмысын орындау кезiнде бастауыш кәсiптiк, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарында оқитын адамдарға; 
      3) әскери қызметiн өтеумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшiлерге; 
      4) сот үкiмi бойынша еңбекке тартылатын адамдарға; 
      5) әскерилендiрiлген авариялық-құтқару бөлiмдерiнiң, әскерилендiрiлген күзеттiң жеке құрамына, авариялардың, дүлей зiлзала салдарларын жою жөнiндегi, адамдардың өмiрi мен мүлкiн құтқару жөнiндегi ерiктi командалардың мүшелеріне қолданылады. 
      3. Қызметкерлердiң, олардың еңбек қызметiмен байланысты және уақытша бiр және одан да көп күнге немесе тұрақты еңбекке жарамсыздығына не өлiмiне әкелiп соғатын, денсаулығына кез келген зақым келуi өндiрiстегi жазатайым оқиға ретiнде қаралады, ал оның мән-жайы мен себептерi осы Ережеге сәйкес тексеріледi. 
      4. Себептерiне қарай: 
      1) жұмыс уақытының басталар алдында немесе соңынан жұмыс орнын, өндiрiстiк жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын және т.б. әзiрлеу мен тәртiпке келтiру кезiнде; 
      2) жұмыс уақыты iшiнде жұмыс орнында немесе iссапар уақытында не сол жерде болуы еңбек немесе жұмыс берушiнiң не жұмысты ұйымдастырушының тапсырмасымен байланысты өзге де мiндеттерiн атқарумен байланысты болған басқа жерде; 
      3) қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуi нәтижесiнде; 
      4) жұмыс уақытында, iс-әрекетi қызмет көрсететiн объектiлер арасында жүрiп-тұрумен байланысты қызметкердiң жұмыс берушiнiң тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқанда; 
      5) жұмыс берушiнiң көлiгiнде; 
      6) жеке көлiгiнде, жұмыс берушiнiң оны қызмет сапарларында пайдалану құқығына жазбаша келiсiмi болса; 
      7) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өзiнiң немесе басқа ұйымның аумағында болу кезеңiндегi, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау немесе жұмыс берушiнiң мүддесiне өзiнiң жеке бастамашылығы бойынша өзге де әрекеттер жасау кезiнде; 
      8) жұмыс орны немесе iссапар уақытында оның денесiне зақым келгенде не еңбек немесе қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердi қасақана өлтiрсе және осындай жағдайларда жарақаттары мен денсаулығына келтiрiлген өзге де зақымдар өндiрiстiк (кәсiби) ретiнде жiктеледi әрi ресiмделедi. 
      Осы тiзбе түпкіліктi болып табылмайды және әрбiр нақты оқиға кезiнде оның өндiрiспен байланысын комиссия тергеу барысында анықтайды. 
      Егер қызметкерге жазатайым оқиғаның нәтижесiнде мертiгу немесе жұмыс берушiнiң кiнәсiнен денсаулығына өзге де зақым келтiрiлсе, онда жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру өтемақысының төлемi болмаса оған келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен және шарттармен өтеуге мiндеттi. 
      5. Тергеу барысында ақиқатты анықталған мынадай жағдайларда: 
      1) зардап шегушi өз бетiмен жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес жұмысты орындау кезiнде; 
      2) өзiнiң денсаулығына әдейi (қасақана) зиян келтiру нәтижесiнде немесе зардап шегушi қылмыс жасаған кезде (соттың үкiмiмен анықталған); 
      3) өндiрiстiк факторлардың қауiптi және зиянды әсерiне қатыссыз зардап шегушiнiң денсаулығының кенет нашарлауы; 
      4) жазатайым оқиғаға себепшi болған алкогольдiк мастық, күштi әсер ететiн уландырғыш және нашақорлық заттарды пайдалану жағдайы қызметкерлердiң өндiрiстегi жарақаттары мен өзге де зақымдары өндiрiстiк (кәсiптiк) ретiнде ресiмделмейдi. 
      6. Комиссия жазатайым оқиғаны тексеру кезiнде жұмыс берушi оларға жүктелген функцияларды орындау жөнiндегi еңбек заңнамасының сақталуы үшiн мемлекеттiк бақылау органдарының өкiлдерiне қажеттi барлық жағдайларды қамтамасыз етедi.

  2. Жазатайым оқиғаларды тексерудiң тәртiбi  

      7. Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шегушi немесе куәгер жұмыс берушiге немесе жұмысты ұйымдастырушыға жедел хабарлауға мiндеттi. 
      8. Жұмыс берушi немесе жұмысты ұйымдастырушы: 
      1) зардап шегушiге алғашқы дәрiгерлiк көмектi ұйымдастыруға және оны денсаулық сақтау ұйымына жеткiзуге; 
      2) тексеру басталғанға дейiн жұмыс орнындағы жағдайды, яғни жабдықтар мен механизмдердiң, сондай-ақ еңбек құралдарының жай-күйiн оқиға болған сәтiндегi күйде (егер бұл қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрмейтiн болса, ал өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн бұзу аварияға соқтырмаса) сақтауға және жазатайым оқиға орнын суретке түсiрiп алуға мiндеттi. 
      9. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары жұмыс берушiлерге қызметкерлердiң өндiрiстегi жарақат алуы немесе денсаулығының өзге де зақымдарымен өтiнiш жасаған әрбiр жағдайы туралы, сондай-ақ қатты кәсiби ауру жағдайында (улану) - денсаулық сақтау iсi жөнiндегi уәкiлеттi органның мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына (бұдан әрі - Мемсанэпидқызмет) хабарландырып отыруы тиiс. 
      10. Жұмыс берушi өндiрiстегi жазатайым оқиға немесе қызметкерлердiң денсаулығына келтiрілген өзге де зақымдар туралы (1-қосымша): 
      1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiне (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше), сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі жергілікті органдарға; <*> 
      2) ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiне (кәсiподақтар); 
      3) сақтандыру ұйымымен тиiстi шарт бар болса, сақтандыру ұйымына; 
      4) Мемсанэпидқызметтiң жергiлiктi органдарына кәсiби ауру немесе улану жағдайлары туралы дереу хабар бередi. 
      Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген жазатайым оқиға болған жағдайда жұмыс берушi, сондай-ақ: 
      1) жазатайым оқиға болған жергiлiктi жердегi құқық қорғау органдарына; 
      2) өндiрiстiк және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың құзыреттi органдарына дереу хабарлауға мiндеттi.
       ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 916  қаулысымен .
      11. Кәсiби немесе қатты кәсiби ауру (улану) жағдайы орын алса, комиссияның тексеруiне Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсiби патология орталығының өкiлдерi қатысады. 
      Қатты кәсiби ауру (улану) жағдайларын жеке тексерудi Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсiби патология орталығының өкiлдерi жиырма төрт сағаттың iшiнде, ал созылмалы кәсiби ауру жағдайларын - хабар алынған сәттен бастап жетi күннiң iшiнде жүргiзедi. 
      12. Комиссияның жұмысына жұмыс берушiмен немесе зардап шегушiмен тиiстi шарттық қатынасы бар сақтандыру ұйымының өкiлi қатысуға құқылы. 
      13. Өндiрiстiк тапсырмаларды (қызметтiк немесе шарттық мiндеттерiн) орындау үшiн басқа ұйымға жiберiлген қызметкермен, оның iшiнде өндiрiстiк тәжiрибеден өтiп жүрген, жалпы бiлiм беру мектептерiнде, кәсiптiк мектептерде және жоғары оқу орындарында оқып жүрген адамдармен болған жазатайым оқиғаны тексерудi жұмыс берушінің және зардап шегушінің өкілетті өкілдерінің қатысуымен сол оқиға болған аумақтағы ұйымның басшысы құратын комиссия жүргiзедi. <*>
      Басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмысты жүргізiп жатқан ұйымның қызметкерi ұшыраған жазатайым оқиғаны тексерудi жазатайым оқиға болған аумақтағы ұйымның жауапты өкiлiнiң қатысуымен, оның жұмыс берушiсi жүргiзедi.
       ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 916  қаулысымен .
      14. Көлiк құралдары авариясының салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тексеру көлiк инспекциясы органдарының тексеру материалдары негiзiнде жүргiзiледi. 
      Көлiк инспекциясының органдары көлiк оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзiмде жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының талабы бойынша оған қажеттi құжаттардың көшiрмесiн беруге мiндеттi. 
      15. Жұмыс берушiге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға уақытылы хабарланбаған не олардың салдарынан еңбекке жарамсыздық бiрден пайда болмаған (ескiру мерзiмiне қарамастан) жазатайым оқиғалары зардап шегушiнiң, оның өкiлеттi өкiлiнiң арызы бойынша немесе мемлекеттiк инспектордың (бұдан әрi - меминспектор) нұсқамасымен арыз тiркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн iшiнде тексерiледi. 
      16. Ереженiң 17-тармағында көрсетiлгендерден басқа жазатайым оқиғаны тексерудi ұйымның басшысы оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағат iшiнде құратын, құрамында: 
      төраға - ұйымның (өндiрiстiк қызметтiң) басшысы немесе оның орынбасары; 
      мүшелерi - ұйымның еңбектi қорғау қызметiнiң басшысы, қызметкерлердiң уәкiлеттi органының өкiлi немесе зардап шегушiнiң сенiмдi өкiлi (келiсiм бойынша) бар комиссия жүргiзедi. 
      17. Мыналар: 
      1) ауыр немесе өлiмге апарып соқтырған жазатайым оқиғалар; 
      2) зардап шегушiлердiң жарақаттарының ауырлығына қарамастан, екi және одан да көп қызметкерлердiң бiр мезгiлде басынан кешкен топтық жазатайым оқиғалар; 
      3) қантты кәсiби ауырудың топтық жағдайлары (уланулар) арнайы тексеруге жатады. 
      18. Ауырлығы мен зардабына қарай жазатайым оқиғаны арнайы тексерудi еңбек жөнiндегi аумақтық уәкілеттi мемлекеттiк орган құратын, құрамында: 
      төраға - мемлекеттiк еңбек инспекторы; 
      мүшелерi - жұмыс берушi, қызметкерлердiң уәкiлеттi органының өкiлi немесе зардап шегушiнiң сенiмдi өкiлi бар комиссия он күн iшiнде жүргiзедi. 
      Екi адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тексерудi облыстың, Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттiк еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргiзедi. 
      Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор енгізіледі. 
      Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Мұндай жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады. 
       ЕСКЕРТУ. 18-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 916 қаулысымен.
      19. Үш-бес адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тексерудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құратын, ал бес адамнан көп қаза тапса - Қазақстан Республикасының Yкiметi құратын комиссия жүргiзедi. 
      20. Сарапшылық қорытындыны талап ететiн мәселелердi шешу үшiн арнайы тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар мен бақылау-қадағалау органдары қатарынан шағын сарапшылық комиссиялар құрады. 
      21. Жарылыс, авария, қирау және ұйымдардың объектiлерiндегi басқа да жағдайлар кезiнде зардап шегушiнi (зардап шегушiлердi), хабарсыз кеткен адамды (хабарсыз кеткен адамдарды) одан әрi iздестiру заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, авариялық-құтқару бөлiмшесiнiң басшысы мен маман-сарапшылар қорытындысының негiзiнде комиссиямен белгiленедi. 
      22. Арнайы тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының келiсiмiнсiз ресми тағайындалған арнайы комиссияның жұмыс күндерiнде қандай да болмасын бiреудiң немесе өзге комиссияның куәларға, өз көзiмен көрген адамдарға сауал қоюына, сондай-ақ осы жазатайым оқиғаны тексерудi қатарластыра жүргiзуiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.

  3. Жазатайым оқиғаларды ресiмдеу және тiркеу 

      23. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) кемiнде бiр күн еңбекке жарамдылығын жоғалтуына апарып соққан өндiрiспен байланысты әр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (кепiлдемеге) сәйкес өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы немесе қызметкердiң денсаулығының өзге зақымдануы туралы Н-1 (2-қосымша) нысаны бойынша қажеттi данадағы (әр зақымданушыға бөлек) актiмен ресiмделедi. 
      24. Белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау ұйымы растаған кәсiптiк сырқаттану және улану жағдайлары да еңбекке жарамдылығын жоғалту болғанына немесе болмағанына қарамастан Н-1 нысаны бойынша ресiмделедi. 
      25. Н-1 нысанындағы актiнi еңбектi қорғау қызметi мен ұйым бөлiмшесiнiң басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi толтырып қол қояды, оны жұмыс берушi бекiтедi және ұйымның мөрiмен куәландырады. Кәсiби ауру (улану) жағдайларында Н-1 нысанындағы актiге Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсiби патология орталығының өкiлдерi қол қояды. Егер жұмыс берушi жеке тұлға болса онда Н-1 нысанындағы актiнi жұмыс берушi толтырады және қолын қояды және нотариалды куәландырады. 
      26. Әрбiр жазатайым оқиғаны тексеру аяқталғаннан кейiн, жұмыс берушi үш күннен кешiктiрмей зардап шегушiге немесе оның сенiмдi өкiлiне Ереженiң 23 және 24-тармақтарында аталған актiнi беруге мiндеттi. Бұдан басқа, Н-1 нысанындағы актiнiң бiр данасы жұмыс берушiде қалады, ал басқасы еңбек меминспекторына жiберiледi. 
      Кәсiби ауру және улану жағдайында Н-1 нысанындағы актiнiң көшiрмесi, сондай-ақ Мемсанэпидқызмет органына берiледi. 
      27. Тексерудiң нәтижесiмен келiспеген немесе Н-1 нысанындағы актi уақытылы ресiмделмеген жағдайда зардап шегушi, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi немесе өзге мүдделi адам жұмыс берушiге жазбаша өтiнiш беруге құқылы, ол он күн мерзiмде өтiнiштi қарауға және iстiң мәнi бойынша шешiм қабылдауға мiндеттi. 
      Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезіндегі тексеру барысында жұмыс беруші, қызметкер және мемлекеттік еңбек инспекторы не төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арасында тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша келіспеушіліктерді тиісті инспекцияның бағыныстылығына қарай бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі бас мемлекеттік еңбек инспекторы қарайды не сот тәртібімен қаралады. 
      Қазақстан Республикасы бас мемлекеттiк еңбек инспекторының өндiрiспен байланысты немесе өндiрiспен байланыссыз болған жазатайым оқиғаларды тексеру және олардың жiктемесi мәселелерi жөнiндегi шешiмi қорытынды түрiнде ресiмделедi. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 27-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 916  қаулысымен .
      28. Ауыр немесе өлiммен аяқталған қызметкерлердiң топтық жазатайым оқиғалары мен топтық қатты кәсiби ауруларын (уланулар) тексеру арнаулы актiмен (3-қосымша) ресiмделедi. 
      29. Жазатайым оқиға туралы Н-1 нысанындағы акт тексеру материалдарына сәйкес ресімделеді. 
      30. Жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясының бір мүшесі комиссияның (көпшіліктің) қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол өзінің дәлелді ерекше пікірін тексеру материалдарына енгізу үшін жазбаша түрде беруі тиіс. Ол арнаулы тексеру актісіне "қараңыз, ерекше пікір" деген ескертпемен қолын қояды. 
      31. Егер мемлекеттік еңбек инспекторының пікірі комиссия мүшелері көпшілігінің пікірімен келіспесе, онда ол актіге "қорытындыны қара" деген ескертпемен қол қоюға міндетті. Ол өзінің дәлелді қорытындысын (4-қосымша) тексеру материалдарына енгізеді. 
      Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор жазатайым оқиғаға ықпал еткен себептер жөніндегі өзінің келіспеушілігін арнайы тексеру материалдарына қоса берілетін техникалық қорытынды түрінде ресімдейді. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 916 қаулысымен.
      32. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеу материалдарында арнайы тексеру актісімен қатар, мыналар: 
      1) Н-1 нысанындағы акті; 
      2) зардап шегушінің еңбекті қорғау жөніндегі оқытудан және нұсқаулық беруден, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мәліметтер; 
      3) сауалнамалар хаттамалары (5-қосымша) және уақиға куәгерлерінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбекті қорғау ережелері мен нормалары талаптарын сақтау үшін жауапты лауазымды адамдарының түсіндірмелері; 
      4) уақиға болған орынның жоспарлары, тәсімдері мен фотосуреттері; 
      5) қауіпсіздік талаптарын, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері мен жауапкершілігін реттемелейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа актілерден үзінді көшірмелер және т.б.; 
      6) зардап шегуші денсаулығының зақымдалу сипаты мен ауырлығы (қайтыс болған себебі) туралы медициналық қорытынды; 
      7) лабораториялық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың, талдаулардың және т.б. нәтижелері; 
      8) бар болса (бас) еңбек меминспекторының қорытындысы; 
      9) жұмыс берушіге келтірілген материалдық зиян туралы мәліметтер; 
      10) жұмыс берушiнiң зардап шегушiге (отбасының мүшелерiне) оның денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу және осы жағдайға жол берген кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы бұйрығы; 
      11) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi болуы тиiс. 
      33. Жұмыс беруші жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісінің материалдарын мемлекеттік еңбек инспекторына (2-қосымша), сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде бір данасын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторға тапсырады. <*> 
      Мемлекеттiк еңбек инспекторы тексеру аяқталғаннан кейiн жетi күндiк мерзiмде арнайы тексеру актiсiнiң материалдарын заңнамаға сәйкес шешiм қабылдауға және қабылданған шешiм туралы жiберген тарапқа хабарлауға тиiстi жергiлiктi iшкi iстер органдарына жiбередi. 
      Топтық жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісінің материалдары бір-бір данадан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі орталық атқарушы органға жіберіледі. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 33-тармақтың 1,3 абзацтары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 916  қаулысымен .
      34. Жазатайым оқиғаларды тексеру материалдары ұйымдарда қырық бес жыл бойы сақталады, ол таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тексеру материалдары мiндеттi түрде өзiнiң қызмет ететiн жерiндегi мемлекеттiк мұрағатқа өткiзiлуi тиiс. 
      35. Жұмыс берушi әрбiр жазатайым оқиғаның тексеру нәтижелерiн қарайды және қызметкерлерге хабарлайды. 
      Мұндай оқиғалардың алдын алу жөнiнде түпкiлiктi шаралар әзiрлеу мен қабылдау, зардап шегушiлерге (олардың отбасы мүшелерi мен басқа да мүдделi адамдарға) олардың денсаулығына келтiрілген зиянды өтеу жөнiнде заңнамада көзделген жеңiлдiктер мен өтемақыларды беру мәселелерiн объективтi шешу мақсатында тиiстi бұйрық шығарылады. 
      36. Арнайы тексеру жөнiндегi комиссия ұсынған iс-шаралардың орындалуы туралы жұмыс берушi еңбек меминспекторына, сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторға жазбаша хабарлайды. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 36-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 916  қаулысымен .

  4. Жазатайым оқиғалардың статистикасы және талдау 

      37. Н-1 нысанындағы актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға жазатайым оқиғалар мен өндiрiстегi өзге де денсаулық жарақаттарын тiркеу журналына жазылады (6-қосымша) және өндiрiстегi уақытша еңбекке жарамсыздық пен жарақат алу туралы статистикалық есепке енгiзiледi, оған жұмыс берушi қолын қояды және белгiленген тәртiппен статистика органдарына ұсынады. 
      38. Жұмыс берушi Н-1 нысанындағы актiге сәйкес еңбек жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органына тиiстi мерзiм iшiнде ұйымда болған жазатайым оқиғалардың өсу қарқынының үдемелi қорытындысын белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтер беруге мiндеттi. 
      39. Егер жазатайым оқиға салдарынан болған уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңiнде зардап шегушi қайтыс болса, жұмыс берушi ол туралы еңбек меминспекторына хабарлауға және тиiстi кезеңдегi статистикалық есепке қажеттi өзгерiстер енгiзуге мiндеттi. 
      40. Жұмыс берушiлер жыл сайын жазатайым оқиғалардың себептерiне жан-жақты талдаулар жүргiзуге, қажеттi шаралар қабылдауға және оның нәтижелерi туралы қызметкерлерге хабарлауға мiндеттi. 
      41. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өндiрiстiк жарақаттану себептерiн талдайды, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн зерттейдi және қорытындылайды, осы негiзде тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi және оларды жұмыс берушiлерге, қызметкерлер мен олардың өкiлдерiне дүркiн-дүркiн хабар бередi. 
      42. Аймақтар және республика бойынша жазатайым оқиғалар туралы статистикалық мәлiметтер жыл сайын жариялануға жатады. 

  5. Қызметкерлердiң жұмысқа баратын немесе жұмыстан келетiн жолында ұшыраған жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алудың тәртiбi  

      43. Жұмысқа баратын және жұмыстан келетiн жол бойында екi сағат iшiнде болған, кемiнде бiр күн еңбекке жарамдылығынан айрылуға душар еткен жазатайым оқиғалар тексеруге жатады. Бұл ретте қызметкердiң еңбекке жарамдылығын жоғалтуы өндiрiске байланыссыз болып саналады. 
      44. Жазатайым оқиғаны тексерудi жұмыс берушiнiң өкiмiмен құрылған, құрамында жұмыс берушiнiң, қызметкерлердiң және кәсiподақтың өкiлдерi бар комиссия жазатайым оқиға фактiсi туралы хабар алған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жүзеге асырады. 
      45. Тексеру нәтижесi бойынша Н-2 нысанындағы жұмысқа баратын немесе жұмыстан келетiн жолда ұшыраған жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру актiсi төрт данада (7-қосымша) жасалады, оған тексеру жүргiзген комиссия мүшелерi қол қояды, жұмыс берушi бекiтедi және мөрмен куәландырады. 
      Н-2 нысанындағы актiнiң бiр данасы еңбекке жарамсыздық парағымен, екiншiсi - тексеру материалымен бiрге еңбектi қорғау қызметiнде сақталады, үшiншiсi - зардап шегушiнiң қолына берiледi, төртiншiсi - қызметкерлердiң өкiлдерiне жiберiледi. Н-2 нысанындағы акт арнайы журналда тiркеледi және бес жыл сақталады.

  6. Қорытынды ережелер  

      46. Қызметкерлердiң өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен денсаулығына өзге де зақым келушiлiктердің, (бұдан әрi - жазатайым оқиғалар) ақиқатты, толық, әдiл және уақытылы тексерiлуi, есепке алынуы мен тiркелуi үшiн зардап шегушілермен еңбек қатынасында тұратын (тұрған) жұмыс берушi жауап бередi. 
      47. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тексерілуін және есепке алынуын, сондай-ақ осы жағдайлардың пайда болу себептерін жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды, бұрмалаушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұрмалаушылықтарды жою туралы меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар орындауы үшін міндетті нұсқамалар беретін мемлекеттік еңбек инспекторлары, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторлар өз құзыреті шеңберінде азаматтардың шағымдарын, өтініштерін, арыздарын тексеру және ұйымдарды зерттеу арқылы жүзеге асырады. 
      Мемлекеттік еңбек инспекторларының немесе төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Шағым жасау берілген нұсқамалардың орындалуын тоқтатпайды. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 916  қаулысымен .
      48. Комиссияның еңбек меминспекторының қатысуынсыз жүргiзген тексеру актiсi материалдарында осы Ереже талаптарын немесе еңбек заңнамасын бұзушылық анықталған немесе жазатайым оқиғаны жасыру фактiсi анықталған жағдайда, еңбек меминспекторы қосымша тексеру тағайындауға немесе тиiсiнше қорытынды әзiрлеуге құқылы. 
      49. Зардап шегушi, оның сенiмдi өкiлi немесе өзге де мүдделi адам жазатайым оқиғаны тексерудiң барлық материалдарымен танысуға және қажеттi көшiрмелердi жүзеге асыруға құқығы бар. Олардың жазатайым оқиғаны тексеру, ресімдеу немесе тіркеу мәселелері бойынша келіспеген жағдайда, бағыныстылық ретіне қарай еңбек жөніндегі аумақтық уәкілетті мемлекеттік органға немесе сотқа шағым беруге құқылы.

1-қосымша

Қызметкерлердің еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғасы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы жөніндегі
Хабарлама

      1. Жазатайым оқиға ____________________________________ болды
                              (жылы, айы, күні, уақыты)

      2. Ұйымның атауы, оның орналасқан жері және оқиға орны ______
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      3. Зардап шегушінің (лердің) Т.А.Ә. кәсібі лауазымы нәтижесі

      1) ________________________  _____________  ______________
      2) ________________________  _____________  ______________
      ___________________________  _____________  ______________
      ___________________________  _____________  ______________
      ___________________________  _____________  ______________

      4. Жазатайым оқиғаның мән-жайын қысқаша баяндау:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      5. Тексеруді ұйымдастыру жөнінде қабылданған шаралар
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      6. Хабарлама жасалған күн ___________________________________

      7. Хабарлаған _______________________________________________
                                  (Т.А.Ә., лауазымы)

      8. Қабылдаған _______________________________________________
                                  (Т.А.Ә., лауазымы)

2-қосымша
Н-1 нысаны

      Бекiтемiн:

      Жұмыс беруші _________   __________    
                    (қолы)     (Т.Ә.А.)

      200__ ж. "__"_________

      Мөрдiң орны

Қызметкерлердің еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғасы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы жөнiндегі
N АКТ

Кодтар

1. Ұйымның толық атауы
("Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңының 9-бабының 1-тармағы):
     тiркеу нөмiрi _______________________________________________
___________________________________________________________ "____" 

1) ұйымның мекен-жайы:
     облысы, ауданы ______________________________________________
     қаласы, көшесi, үйдiң N ______________________________ "____"

2) меншiк нысаны __________________________________________ "____"
                        (мемлекеттiк, жеке және т.б.)

3) жазатайым оқиға болған жер _____________________________
__________________________________________________________________
(цехты, учаскенi, жолды, сондай-ақ жабдықты немесе машинаны көрсету)

4) жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрi ___________________
     ______________________________________________________ "____"

2. Зардап шегушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты _______________
__________________________________________________________________

3. Жынысы: еркек, әйел (астын сызу)                         "____"

4. Жасы (толық жасының жылдарын көрсету) __________________ "____"

5. Кәсiбi, лауазымы _______________________________________ "____"

6. Жұмыс істеп жүргенде жазатайым оқиғаға (кәсiби сырқат) душар болған кездегi осы кәсiбiндегi еңбек стажы
     ___________________________________________ "____"

7. Нұсқаулық беру және бiлiм тексерудi өткiзу күнi:
1) кiрiспе ___________________________________________
2) бастапқы (қайталама) ______________________________
3) бiлiмiн тексеру ___________________________________

8. Медициналық тексеруден өткен күндерi:
1) алдын ала _________________________________________
2) кезеңдiк __________________________________________

9. Жазатайым оқиғаның (кәсiби сырқаттың, уланудың) болған күнi мен уақыты ______________________________"_____" "_____" "______"
        (жылы, айы, күнi, уақыты)

10. Болған оқиғаның түрi _________________________________ "____"

11. Жұмыстың басталуынан бастап толық сағат саны _________ "____"

12. Жазатайым оқиғаның (кәсiби сырқаттың, уланудың) мән-жайы _____
__________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________

13. Себептерi:
1) ________________________________________________________ "____"
2) ________________________________________________________ "____"
                (арнайы тексеру актiсiне сәйкес)

14. Жазатайым оқиғаның куәгерлерi _______________________________
__________________________________________________________________
                       (Т.А Ә., лауазымы)

15. Зардап шегушiнiң жазатайым оқиға кезiндегi хал-жайы
__________________________________________________________________
       (медициналық-сот сараптамасы қорытындысына сәйкес)

16. Жазатайым оқиғаның нәтижесi және диагнозы
__________________________________________________________________
            (айығып кеттi, мүгедектiк, қайтыс болды)
__________________________________________________________________
            (негiзгi және соңғы диагнозды көрсету)

17. Жазатайым оқиғаның себептерiн жою жөнiндегi iс-шаралары
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
    (негiзгi 2-3 iс-шараны орындау мерзiмдерiмен қоса көрсету)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

18. Еңбек және еңбектi қорғау туралы заңнамаларды бұзуға жол берген адамдар __________________________________________________________
__________________________________________________________________
(әр Т.А Ә. соңынан өздерi бұзған заңнамалық, нормативтiк құқықтық 
__________________________________________________________________ 
     кесiмдердiң баптарын, параграфтарын, тармақтарын көрсету)

19. Жұмыс берушi кiнәсiнiң дәрежесi _____________________________

20. Қызметкер кінәсінің дәрежесі    _____________________________

      Актіні жасағандар:
      Ұйымның бас техникалық жетекшісі немесе еңбекті қорғау қызметінің маманы _______________________________________________
                          (қолы, Т.А.Ә., лауазымы)

      Кәсіподақтың, еңбек ұжымының немесе зардап шегушінің уәкілетті адамы _________________________________________________
                          (қолы, Т.А.Ә., лауазымы)

      Жұмыстардың жетекшісі _____________________________________
                                     (қолы, Т.А.Ә., лауазымы)

      Мына адамдардың қатысуымен:
      Мемсанэпидқызмет өкілі ____________________________________
                                     (қолы, Т.А.Ә., лауазымы)

      Кәсіптік патология орталығының өкілі ______________________
                                          (қолы, Т.А.Ә., лауазымы)
__________________________________________________________________

Н-1 нысанындағы актiнi толтыруға түсiндiрмелер

      Акт республикалық және арнайы әзiрленген жiктемелерге, жалпы қабылданған (белгiленген) терминдерге сәйкес толтырылатын мәтiн және кодтар бөлiктерiнен тұрады (8-қосымша). Кодтауды жұмыс берушi жүргiзедi.
      1-тармақ. ШСМТ 1  бойынша кодталады.
      1-тармақтың 1) тармақшасы. Аумағы ӘАОБЖ бойынша кодталады.
      1-тармақтың 4) тармақшасы. Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрi қоса берілiп отырған жiктемеге сәйкес толтырылады және кодталады.
      3-тармақ. Жынысы кодталады: 1-еркек; 2-әйел.
      4-тармақ. Жазатайым оқиғаға душар болған сәтiндегi зардап шегушiнiң толық жасының саны көрсетiледi және кодталады. Мысалы: 35 жас 3 ай - "35".
      5-тармақ. Кәсiбi (лауазымы) КҚТРЖС бойынша кодталады.
      6-тармақ. Оқиға болған кездегi жұмысындағы еңбек стажының толық саны. 
      Мысалы: 15 жыл 8 ай - "15".
      Егер стажы бiр жылдан кем болса, мәтiндiк бөлiгiнде айлардың (күндердiң) саны көрсетiледi, ал 00 болып кодталады. Мысалы: 9 ай 2 күн - "00".
      9-тармақ. Жылы соңғы екi санмен, ал айы, күнi мен уақыты олардың реттiк сандарымен кодталады.
      Мысалы, 2000 ж., 22 маусым 45 минут 11 сағат - "00" "22" "06" "11".
      10-тармақ: Қоса берiлiп отырған "Жазатайым оқиғаға жеткiзген оқиғаның түрi" жiктемесiне сәйкес кодталады.
      11-тармақ. Зардап шегушiнiң жұмысы (ауысымның) басталуынан жазатайым оқиға болған кезге дейiнгi толық сағаттар саны көрсетiледi және кодталады.
      13-тармақ. Қоса берiлiп отырған жiктемесiне сәйкес жазатайым оқиғаның екi себебiне дейiн (жазатайым оқиғаның себептерi) - негiзгi (бiрiншi болып кодталады) және жанамасы көрсетiледi және кодталады.
      14-тармақ. Жазатайым оқиғаның тiкелей куәгерлерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
      15-тармақ. Зардап шегушінің нақты жай-күйі, яғни алкогольді немесе есірткі масаң күйде болуы көрсетіледі.
      16-тармақ. Денсаулық сақтау ұйымының түпкілікті қорытындысы негізінде толтырылады.
      18-тармақ. Іс-әрекеті немесе іс-әрекетсіздігі жазатайым оқиғаға негізгі немесе жанама себеп болған адамдар (13-тармаққа сәйкес), еңбек туралы заңнаманың және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің бұзылуына жол берген адамдар көрсетіледі.
      19 және 20-тармақтар. Жұмыс беруші мен қызметкер кінәсінің дәрежесін комиссия пайызбен белгілейді.
__________________________
     1 Қысқартудың ашылуы 8-қосымшада берiлген

3-қосымша

Қызметкер (лермен) 200 __ ж. "____"_________ ______ сағ. болған жазатайым оқиғаны арнайы тексерудің
АКТІСІ

   _____________________________________________________________
   (Ұйымның атауы (ҚР "Еңбек туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағы) 
               және зардап шегушінің (лердің) Т.А.Ә.)

      Төрағасы __________________________________________________
                          (Т.А.Ә., істеп жүрген лауазымы)

және комиссия мүшелері __________________________________________
                            (Т.А.Ә., істеп жүрген лауазымы)
_________________________________________________________________
құрамында, бұйрықпен ____________________________________________
                   (Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының
                        атауы немесе ҚР Үкіметінің шешімі)

тағайындалған комиссия 200 __ ж. "___"_________ бастап "___" _____
дейінгі кезеңде осы жазатайым оқиғаны арнайы тексеруді жүргізіп, осы актіні жасады.

1. Зардап шегуші (лер) туралы мәліметтер:

___________________________________________________________________
Тегі,    !Туған !Кәсібі, ! Кәсібі ! Нұсқамалардың !Зардап
аты,     !жылы  !лауазымы! бойынша! күндері:      !шегушінің
әкесінің !      !        ! еңбек  ! кіріспе,      !қамқорлығындағы
 аты     !      !        ! стажы  ! қайталама,    ! отбасы
         !      !        !        ! білімін       ! мүшелері
         !      !        !        ! тексеру       ! туралы
         !      !        !        !               ! мәліметтер
___________________________________________________________________

2. Кәсіпорынның, учаскенің, жұмыс орнының сипаттамасы

      Жазатайым оқиға болған өндірістік объектіні, орынды қысқаша сипаттап, зардап шегушіге қандай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін екендігін көрсету керек. 
      Егер жазатайым оқиға объектідегі аварияның салдарынан болса, актіге мыналар қосымша енгізіледі: 
      өндірістік объектілер мен көтерме құрылыстардың сипаттамасы - объектінің атауы мен үлгісі, оның негізгі өлшемдерi, зауыттағы нөмiрi, жасап шығарушы зауыт, жасалған және орнатылған жылы, соңғы куәландырылған және тексерiлген күнi, сондай-ақ тағайындалған куәландыру мерзiмi; 
      аварияның санаты мен сипаты туралы деректер; 
      өнiмнiң ысырабы (заттай түрде және теңгемен) туралы, авария келтiрген залал туралы деректер (теңгемен). 

3. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары

      Жазатайым оқиға алдында болған жағдай, еңбек процесi қалай жүргiзiлiп жатты, бұл процеске кiм басшылық жасағанын, зардап шегушiнiң (лердiң) және жазатайым оқиғаға байланысты басқа да адамдардың iс-әрекетiн сипаттау, оқиғаларды ретiмен көрсету қажет. 
      Жарақаттанудың себепкерi болған қауiптi (зиянды) өндiрiстiк факторды, машинаны, құралды немесе жабдықты атау.

4. Жазатайым оқиғаның себептерi 

      Жазатайым оқиғаның негiзгi техникалық және ұйымдастыру себептерiн атап көрсету қажет, еңбек туралы заңнаманың, қызметтiк нұсқаулықтардың, еңбектi қорғау жөнiндегi ережелердiң, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нормалардың және нұсқаулықтардың нақты қандай талаптары сақталмағанын көрсету (тиiстi баптарға, параграфтарға, тармақтарға сiлтеме жасау), сондай-ақ қандай мемлекеттiк стандарттардың бұзылғанын, қандай қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлар белгiленген нормалар мен деңгейлерден асып кеткенiн көрсету керек.

5. Жазатайым оқиғалардың себептерiн жою жөнiндегi комиссия ұсынған iс-шаралар

      Жазатайым оқиғалардың себептерiн жою бойынша iс-шаралар жазатайым оқиғалардың себептерiн жою жөнiндегi шаралар мен осындай оқиға қайталануының алдын алудан тұрады.
      Олар қоса берiлiп отырған нысан бойынша кесте түрiнде берілуi мүмкiн:

___________________________________________________________________
       Іс-шаралар     !  Орындалу мерзімі     !        Орындаушы
___________________________________________________________________

6. Жазатайым оқиғаның өндiрiспен байланысы туралы және еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген адамдар туралы комиссияның қорытындысы

      Бұл бөлiмде комиссияның қорытындылары тiркеледi:
      1) осы жазатайым оқиғаның өндiрiспен байланысы туралы және Н-1 нысаны бойынша актiнi жасау қажеттiлiгi туралы;
      2) жазатайым оқиға себептерiн ескере отырып, зардап шегушi қызметкер мен жұмыс берушi кiнәсiнiң дәрежесi туралы;
      3) iс-әрекеттерi немесе iс-әрекетсiздiгi жазатайым оқиғаға әкеп соққан жауапты адамдар сақтамаған және белгiленген тәртiппен бекiтiлген заңи және нормативтiк құқықтық кесiмдердiң баптарын, параграфтарын, тармақтарын көрсете отырып, олардың Т.А.Ә., лауазымы, кәсiптерi;
      4) комиссия мүшелерiнiң қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес, олардың әлеуметтiк қорғалуға заңды құқықтары түсiндiрiлген, зардап шегушiлермен немесе олардың отбасы мүшелерiмен кездескендiгi туралы мәлiметтер.
      Арнайы тексеру актiсiнiң қорытынды бөлiгiнде қоса берiлiп отырған материалдардың тiзбесi берiледi.

      Комиссия төрағасы _________________________________________
                                 (қолы, Т.А Ә., күнi)
      Комиссия мүшелерi _________________________________________
                                 (қолы, Т.А.Ә., күнi)

4-қосымша

Мемлекеттiк еңбек инспекторының (арнайы тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының) қорытындысы

___________________________________________________________________
             (зардап шегушiлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
___________________________________________________________________
       (лауазымы немесе кәсiбi, кәсiпорынның, жоғары тұрған
___________________________________________________________________
              шаруашылық органның, министрлiктiң атауы)

      "___" _________ сағ.   мин.   болған жазатайым оқиға бойынша
___________________________________________________________________

      Комиссия және өзiм 20___  ж. "___"_________________ бастап жүргiзiлген арнайы тексеру материалдары негiзiнде ...... тұжырымға келдiм.
      Бұдан әрi мемлекеттiк еңбек инспекторы (арнайы тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы) арнайы тексерудi жүргiзген комиссияның қандай қорытындысымен келiспейтiндiгiне негiздеме келтiруi қажет. Өзiнiң қорытындысында ол:
      комиссия сұрау салмаған немесе өздерiнiң алғашқы айғақтамаларын өзгертудi шешкен жазатайым оқиға куәгерлерiнен қосымша алынған түсiндiрмелерiне; 
      зардап шегушi алған зақымдардың сипаты, оның қайтыс болу себептерi туралы медициналық қорытындыға; 
      жазатайым оқиғаға әкеп соққан жағдайдың қалыптасуына әкеп соққан еңбектi қорғау жөнiндегi талаптары сақталмаған нормативтiк құжаттарға; 
      басқа да сараптау комиссияларының қорытындысына; 
      осы жазатайым оқиғаға қатысы бар өзге де құжаттарға сiлтеме жасауы тиiс. 
      Негiзделгеннен кейiн, мемлекеттiк еңбек инспекторы (арнайы тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы) осы жазатайым оқиғаға қатысты қосымша мәлiметтер (құжаттар) ескерiлмей баяндалды деп санаған, арнайы тексеру актiсiнiң, сол бөлiмiн (бөлiмдерiн) тұжырымдауы тиiс.
      Қорытынды тиiстi орындарға жiберiледi.
      Мемлекеттiк еңбек инспекторының (арнайы тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының) қорытындысын жасау Н-1 нысаны бойынша актiнi қайта жасау жөнiндегi жұмыс берушiге қойылатын талапқа қатысты болған жағдайларда, қорытынды осы актiнiң мазмұнын жазатайым оқиғаны қосымша тексеруде анықталған мәлiметтерге сәйкес келтiру туралы талаппен аяқталуы тиiс.

5-қосымша

20 __ жылғы "___" ________ "___" сағ. "___" мин. __________________________________________________________________
 (ұйым объект. атауы)   (зардап шегушінің Т.А.Ә. және мамандығы)
болған жазатайым оқиға куәгерлерін және соған қатысы бар адамдарға сұрау салудың
Хаттамасы

      Тегі _____________ Аты ____________ Әкесінің аты ___________
      Туған жылы ________________________ Білімі _________________
      Лауазымы _________________________ Еңбек стажы _____________
                                                (осы кәсібі бойынша)

      Үйінің мекен-жайы __________________________________________
      Сұрақ: _____________________________________________________
      Жауап: _____________________________________________________

      Сұрау 200 __ жылғы "___"________ жүргізілді

      (Меминспектор немесе           Комиссия мүшелерінің немесе
      ұйым мөрінің орны)             сұрау салу жүргізген адамның 
                                     (дардың) Т.А.Ә., қолы
                                   1. _____________________________
                                   2. _____________________________
                                   3. _____________________________

6-қосымша

Қызметкерлердің еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларын және денсаулығының өзге де зақымдалуын тіркеу
Журналы

____________________________________________________________________
N!Ж/О !Зардап !Еңбек !Кәсібі,! Ж/О, ! Ж/О,  ! Ж/О,  !Қабыл.!Жасал.!
р!бол.!шегуші.!стажы !лауа.  !болған! мән-  !салдар.!данған!ған   !
/!ған !нің    !      !зымы   !жері  !жайлары!лары   !шара. !күні  !
р!күні!Т.А.Ә. !      !       !      !мен се.!       !лар   !және  !
 !    !       !      !       !      !бептер.!       !      !Н-1   !
 !    !       !      !       !      !інің   !       !      !нөмірі!
 !    !       !      !       !      !қысқаша!       !      !      !
 !    !       !      !       !      !сипат. !       !      !      !
 !    !       !      !       !      !тамасы !       !      !      !
____________________________________________________________________
1!  2 !   3   !   4  !   5   !   6  !   7   !   8   !   9  !  10  11
____________________________________________________________________
     11-Ескерту

7-қосымша

      Бекiтемiн

      Жұмыс берушi _________________
                   (қолы, Т.А Ә.)

      20___ ж. "___"________________

      Мөр орны

Жұмысқа бару немесе жұмыстан қайту жолында болған (өндiрiспен байланысы жоқ) жазатайым оқиғаны тексерудiң
N___ АКТIСI

      1. Тегi, аты, әкесiнiң аты _________________________________
      2. Жұмыс орны (ұйымы) ______________________________________
      3. Лауазымы, (кәсiбi) ______________________________________
      4. Оқиға 20__ ж. _____ айының ______ күнiнiң ____ сағ. болды.
      5. Жазатайым оқиғаның себептерi мен мән-жайлары:
      (оқиға қай жерде болды, зардап шегушi жарақат алған сәтте
алкогольдi және есiрткi масаң күйде болған-болмағандығын, жазатайым
оқиға туралы кiм хабар бергенiн: полиция органдары, денсаулық
сақтау ұйымдары және басқасын көрсету).
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      6. Қандай денсаулық сақтау ұйымында (мекен-жайы) және қай
кезде алғашқы медициналық көмек көрсетiлдi (күнi және тәулiк
мезгiлi) _________________________________________________________

      7. Зақымданудың сипаты _____________________________________

      8. Жазатайым оқиғаны тексерудi кiм және қашан жүргiздi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________ 

      9. Осындай оқиғаларды болдырмау жөнiнде комиссияның ұсынған шаралары _________________________________________________________

                                Комиссия мүшелерiнiң қолы, Т.А.Ә.

                                     Күнi 200__ ж. "___"______

8-қосымша

Жiктемелер

Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрi

      1. Жол-көлiк оқиғасы, соның iшiнде:
      1.1 кәсiпорын көлiгiнде жұмысқа бара жатқан немесе жұмыстан қайтып келе жатқан жолда
      1.2 қоғамдық көлiкте
      1.3 жеке көлiкте
      2. Зардап шегушiнiң биiктен құлауы
      3. Заттардың, материалдардың, жердiң және т.б. құлауы, қирауы, жапырылуы
      4. Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналып жүрген заттар мен бөлшектердiң әсерi
      5. Электр тоғымен зақымдану
      6. Шектен тыс температуралардың әсерi
      7. Зиянды заттардың әсерi
      8. Иондаушы сәулелердiң әсерi
      9. Шамадан тыс жүктемеден қалжырау
      10. Жүйке-психикалық қажу
      11. Жануарлармен және жәндiктермен жанасу нәтижесiндегi зақымдану
      12. Суға бату
      13. Қасақана өлтiру
      14. Дүлей зiлзала кезiндегi зақымдану
      15. Аталғандардан басқа, салаға тән оқиғалардың түрлерi (көрсету)
      16. Басқалары

Жазатайым оқиғаның себептерi

      1. Жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс тозаңдануы
      2. Жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс газдануы
      3. Шудың жоғары деңгейi (өлшемдерi)
      4. Жалпы және жергiлiктi тербелiс деңгейiнiң артуы (өлшемдерi)
      5. Ультра дыбыстардың инфра дыбыстық тербелу деңгейiнiң артуы (өлшемдерi)
      6. Жоғарылаған, төмендеген барометриялық қысым (жұмыс аймағындағы қысымның өлшемдерi және оның өзгеруi, ағзаға әсер ету уақыты)
      7. Жоғарылаған, төмендеген ылғалдылық, ауаның қозғалысы (өлшемдерi)
      8. Иондаушы сәулелерi деңгейiнiң артуы (өлшемдерi және сәулелендiру түрлерi)
      9. Ультракүлгiн және инфрақызыл радиация деңгейiнiң артуы (өлшемдерi)
      10. Жұқпалы ауру көздерiмен қарым-қатынас (аурудың атауы көрсетіледi)
      11. Шамадан тыс жүктеменiң адам ағзасына әсерi (өлшемдерi, жұмыс ауыртпалығының дәрежесi)
      12. Құрылғылық жетiспеушiлiктер, машиналардың, тетiктердiң, жабдықтардың, санитарлық-техникалық қондырғылардың жетiлдiрiлмеуi, жеткiлiксiз сенiмдiлiгi
      13. Ақаулы машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды, санитарлық-техникалық қондырғыларды пайдалану
      14. Санитарлық-техникалық қондырғылардың болмауы
      15. Технологиялық процестердiң жетiлдiрiлмеуi
      16. Технологиялық процестердiң бұзылуы
      17. Көлiк құралдарын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптарының бұзылуы
      18. Жол қозғалысы ережелерiнiң бұзылуы
      19. Жұмыс жүргiзудiң қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы
      20. Жұмыс орындарын қанағаттанғысыз күйде ұстау мен ұйымдастырудағы кемшiлiктер
      21. Ғимараттардың, құрылыстардың, аумақтардың қанағаттанғысыз техникалық жай-күйi
      22. Еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiне оқытудағы кемшiлiктер
      23. Жеке қорғану құралдарын қолданбау, оның iшiнде:
      23.1 жеке қорғану құралдарының жетiлдiрiлмеуiнен
      23.2 жеке қорғану құралдарының бұзылуынан
      23.3 олармен қамтамасыз етiлмегендiктен
      24. Ұжымдық қорғану құралдарын қолданбау, оның iшiнде:
      24.1 механикалық факторлардың әсерiне қарсы
      24.2 электр тоғынан зақымданудан
      24.3 химиялық және биологиялық факторлардың әсерiнен
      24.4 шектен тыс температуралардан
      24.5 сәулелердiң деңгейi артуынан (иондаушы, инфрақызыл, лазерлiк және т.б.)
      25. Еңбек және өндiрiс тәртiптерiн бұзу
      26. Белгiленген еңбек режимiн бұзу
      27. Жұмыс iстеушiнi мамандығынан тыс пайдалану
      28. Авариялар
      29. Зардап шегушiнiң өрескел абайсыздығы
      30. Басқалары

Жазатайым оқиғаның нәтижесi

      01 Зардап шегушi жеңiл жұмысқа ауыстырылды
      02 Сауықты
      03 I топтағы мүгедектiк белгiлендi
      04 II топтағы мүгедектiк белгiлендi
      05 III топтағы мүгедектiк белгiлендi
      06 Қайтыс болды

Осы Ережеде қолданылатын кейбiр сөз тiркестерiн, терминдердi және белгiлердi ашып жазу

      1. Денсаулықтың өзге зақымдануы - кәсiби сырқаттардың және уланудың, өлтiрудiң, ыстық өтудiң, күюдiң, үсудiң, найзағай түсуiнiң, жануарлар мен жәндiктермен жанасу нәтижесiнде зақымданудың барлық түрлерi және басқа да зақымданулар.
      2. Кәсiби аурулар мен улану - қауiптi және зиянды өндiрiс факторлары мен заттардың әсер етуi нәтижесiнде туындаған қатты және созылмалы кәсiби аурулар мен уланулар.
      3. ӨРЖЖЖТ - өндiрiс және ауыл шаруашылығы өнiмдерi республикалық жiктемесiнiң жоғары жiктемелiк топтамалары.
      4. МЕСТ - Мемлекеттiк стандарт.
      5. ШСМТ - Шаруашылық субъектілердiң мемлекеттiк тiзбесi.
      6. КҚТРЖЖ - жұмысшылар кәсiптерiнiң, қызметшiлер лауазымдарының және тарифтiк разрядтардың жалпы жiктемесi.
      7. ШРК - шектеулi рұқсат етiлетiн концентрациялар.
      8. ШРД - шектеулi рұқсат етiлетiн деңгей.
      9. ӨРЖ - Өндiрiс және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң республикалық жiктемесi.
      10. ӘАОБЖ - әкiмшiлiк-аумақтық органдарды белгілеу жүйесi.
      11. МБОБЖ - мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарын белгiлеу жүйесi.
      12. ЕҚСЖ - еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2001 жылғы 3 наурыздағы  
N 326 қаулысына      
қосымша       

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп тексеру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 47, 527-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 қазандағы N 1320  қаулысының  соңғы абзацы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 32, 406-құжат). 

      3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 86  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 6, 28-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 тамыздағы N 964  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 303-құжат).