Заңдық тұлғалардан табыс салығын ұстаудан босатылатын халықаралық ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 1 тамыз N 1055. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 761 қаулысымен. Бұл өзгеріс 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. ~P020761

      Мемлекеттiк банктер мен мемлекет қатысқан банктердегi меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкi құрылсын.
      2. "Әлем банк Қазақстан" акционерлiк банкi мен " Қазақстан Республикасының Халық банкi" акционерлiк банкiнiң мемлекет меншiгiндегi акциялар пакеттерi "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiнiң басқаруына берiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiнiң президентiмен-бiрiншi басшысымен республика Үкiметiнiң атынан тиiсiнше басқару контрактын жасауға өкiлдiк берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiнiң құрылтайшылық құжаттарының пакетiн бiр апта мерзiмде әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен тiркесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiн орналастыру мәселенi шешсiн.
      5. "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiн құруда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне көмек көрсетуiне ұсыныс жасалсын.
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Үкiметтiң нормативтiк актiлерiн бiр ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
             Қазақстан Республикасының
                  Премьер-министрi