Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1055 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 маусым N 715. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 761 қаулысымен. Бұл өзгеріс 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. ~P020761

      "1966 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және халықаралық капитал рыноктарында Қазақстан Республикасы дебютiнiң табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 518 өкiмiне сәйкес құрылған жұмыс тобының халықаралық капитал рыноктарында Қазақстан Республикасының дебюттiк эмиссиясын жүзеге асыру кезiнде жетекшi менеджер етiп АВN AMRO Hoare Govett тағайындау туралы шешiмi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

     заң кеңесшiсi қызметiне, ABN AMRO Hoare Govett комиссиялық 
және дебюттiк эмиссияны қамтамасыз ету жөнiндегi басқа
да шығыстарын 1996 жылға арналған республикалық бюджетте сыртқы
экономикалық қызметтерге көзделген қаражат есебiнен төлеудi
қамтамасыз етсiн;
     үш күн мерзiмде ABN AMRO Hoare Govett жетекшi менеджердiң
мандатын берсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi