Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 603 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң кейбiр нормативтiк актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 қазан N 1208

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Венгер Республикасында және Чех Республикасына ресми сапары барысындағы көлiк шығыстарын iшiнара жабу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiсiндегi "тапсырмалар бойынша сомалар" ағымдағы шотынан (МФО 190501008, есеп айрысу шоты 1141197, РНН 600700013069) 15 мың АҚШ долларына баламды сомада қаржы қаражаты бөлiгiн пайдалануға рұқсат етсiн.

      Премьер-Министр