"Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 879 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарларды гуманитарлық көмек ретінде әкелу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 17 қазандағы
№ 879 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 213 қаулысы.

      2. "Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 374 қаулысы.

      3. "Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 324 қаулысы.

      4. "Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысы.

      5. "Салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар шикізат экспорттаушылардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 784 қаулысы.

      6. "Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 887 қаулысы.