Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және "Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 430 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғам мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын, оның қызметінің негізгі нысанасы:

      1) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы;

      2) мемлекеттік кепілдік беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы;

      3) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптаманы;

      4) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржылық агенттіктердің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын;

      5) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды;

      6) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;

      7) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулерді;

      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулерді және ұсынымдар әзірлеуді;

      9) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы;

      10) жоспарлау және іске асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы;

      11) халықаралық қаржы институттары қатысатын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіруді және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қорытынды беруді;

      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды;

      13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мамандарды оқытуды;

      14) іске асыру жоспарланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізуді жүзеге асыру болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін конкурстық (аукциондық) құжаттамасы бекітілген концессиялық жобаларды іске асыру үшін қоғам конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы, сондай-ақ концессионерді таңдау жөнінде конкурсты өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптаманы жүзеге асырады.";

      2) "Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 12 маусымдағы
№ 430 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 875 қаулысымен
бекітілген

Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

Р/с

Атауы

1

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің "Алматы – Қорғас" автомобиль жолы учаскесінде "НҰР ЖОЛЫ" автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану

2

Көкшетау қаласында 630 орындық көпбейінді аурухананы салу және пайдалану

3

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)" автомобиль жолын салу және пайдалану

4

Алматы қаласында 300 орындық көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану

5

Қарағанды қаласында 300 орындық көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 12 маусымдағы
№ 430 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысы.

      2. "Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін және олардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 75 қаулысы.

      3. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 82 қаулысы.

      4. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 828 қаулысы.

      ____________________