"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысымен бекітілген |
Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
Ескету. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.06.2025 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2025 туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) қаулысымен.
Р/с | Атауы |
1 | "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің "Алматы – Қорғас" автомобиль жолы учаскесінде "НҰР ЖОЛЫ" автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану |
2 | Көкшетау қаласында 630 орындық көпбейінді аурухананы салу және пайдалану |
3 | "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)" автомобиль жолын салу және пайдалану |
4 | Алматы қаласында 300 орындық көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану |
5 | Қарағанды қаласында 300 орындық көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану |