"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 388 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы датчиктердiң көмегiмен тiркеуден тұратын сауал қою рәсiмi;";

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері өтеді." деген сөздер "мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері:

      жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіру кезінде (аттестаттау немесе жоспардан тыс аттестаттау немесе конкурс шеңберінде);

      егер оны өткізу Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізілетін кезектен тыс аттестаттау шеңберінде көзделген болса;

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде өтеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Зерттеуден өтудің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдаған кезде:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) кірудегі құқыққа қайшы ниетін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдардың және басқалардың мүддесіне орай);

      құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен әуестенуін, бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, басқа да есеңгірететін заттар) тұтынуын;

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметін толыққанды өткеруге кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімдігін;

      сауалнамалық деректерді, кірісі, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді, қос азаматтығының бар екендігін, жалған құжаттарды пайдаланғанын жасыруын немесе бұрмалауын;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің бұрын орын алған фактілерін;

      тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тартылу фактілерін;

      тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен қатынас жасауын немесе, егер бұл бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;

      лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануын;

      2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде:

      теріс қылық не құқық бұзушылық жасауының мән-жайларын;

      қызметкердің аталған теріс қылыққа не құқық бұзушылыққа қатыстылығын;

      қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісін;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметте болудағы жасырын теріс себептерін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдардың және басқалардың мүддесіне орай);

      құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен әуестенуін, бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, басқа да есеңгірететін заттар) тұтынуын;

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметін толыққанды өткеруге кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімдігін;

      кірісі, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді, қос азаматтығының бар екендігін, жалған құжаттарды пайдаланғанын жасыруын немесе бұрмалауын;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің фактілерін;

      қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілерін;

      тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен қатынас жасауын немесе егер бұл бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;

      лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануын анықтау болып табылады.

      Қызмет өткеру ерекшелігін немесе анықталуға тиіс мән-жайларды ескере отырып қызметтік тергеп-тексеру жүргізу барысында зерттеу жүргізген кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің бірінші басшысы анықталуға тиіс қызметтік тергеп-тексеру нысанасына тікелей қатысты міндеттерді қосымша белгілеуі мүмкін.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда қызмет өткеру ерекшелігін ескере отырып зерттеу жүргізу барысында Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің бірінші басшысы анықталуға тиіс міндеттерді қосымша белгілеуі мүмкін.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Зерттелетін адамның қалауы бойынша зерттеу мемлекеттік не орыс тілінде жүргізіледі және зерттелетін адамда қадір-қасиетінің түсуі немесе қорлану сезімі туындамауға тиіс.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Зерттелетін адам тестілеуден өтер алдында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі бөлімнен тұратын полиграфологиялық зерттеу туралы декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады. Декларацияның бірінші бөлігі тестілеу алдында, екінші бөлігі тестілеуден өткен соң толтырылады.

      Тестілеу кезінде көңіл-күйі нашарлаған зерттелетін адам бұл туралы тестілеуді жүргізу басталғанға дейін полиграфологқа хабарлайды және ол туралы декларацияда көрсетеді. Бұл жағдайда мұндай адамдарды тестілеу осы күні басқа уақытта не басқа күні жүргізіледі, бұл ретте көңіл-күйінің нашарлау себебі бойынша тестілеуді күнтізбелік он күн ішінде екі реттен асырмай ауыстыруға жол жіберіледі.

      Зерттелетін адам:

      1) жүрек-қантамыры немесе тыныс алу қызметінің бұзылуына байланысты сырқаты күрт ушыққан (зерттелетін адам тиісті медициналық қортынды ұсынады);

      2) зерттелетін адам алкогольге немесе есірткіге масаң күйде болған не интоксикацияның қалдық көріністері болған;

      3) жүктілігі туралы деректер болған жағдайларда тестілеуге жіберілмейді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Зерттеу барысында алынған ақпараттың ықтималдық, ұсынымдық сипаты, сондай-ақ қосалқы мәні бар және оны Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр бөлімшелерінің қызметкерлері, аттестаттау және конкурстық комиссиялары, сондай-ақ құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары және өзіндік қауіпсіздік қызметтері (бұдан әрі – мүдделі бөлімшелер) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдау, аттестаттаудан, конкурстан өту және қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешкен кезде пайдаланады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Зерттеуден өткені туралы қорытындыны полиграфолог осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде дайындайды, кейін мүдделі бөлімшеге жібереді.

      Полиграфологиялық зерттеу қорытындысының қолданылу мерзімі:

      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар үшін бір жылды құрайды;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда өткізілетін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері үшін бір жылды құрайды;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда өткізілетін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері үшін үш жылды құрайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Зерттеу нәтижелерін жария еткені және (немесе) бұрмалағаны үшін полиграфолог, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің мүдделі бөлімшелерінің қызметкерлері және бастықтары (басшылар, комиссия төрағалары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 388 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
құқық қорғау органдарында,
азаматтық қорғау органдарында,
мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінде полиграфологиялық
зерттеуден өту қағидаларына
1-қосымша

      ________________________________

      (жолдама берген органның атауы)



№____ЖОЛДАМА

      Полиграфологиялық зерттеуге _______________________________________

      _________________________________________________________________

      (зерттелетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, айы және жылы)

      __________________________________________________________________

      ________________________________________________________ жіберіледі

      (зерттеудің негіздемесін көрсетілсін) Бұған дейін полиграфологиялық зерттеуден

      өткен/өтпеген

      _________________________________________________________________

      (өткен күні мен жері көрсетілсін)

      Кадр бөлімшесінің басшысы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ж. "____" ___________