"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Ре

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 137 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 62-тармағының;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 137 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің күші жойылған кейбір өкімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөнінде республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкімі.

      2. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 114-ө өкімі.

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 154-ө өкімі.