Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.02.2024 № 137 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөнінде республикалық штаб құру туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі республикалық штаб (бұдан әрі – Республикалық штаб) құрылсын.";
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құрамында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың құрамы";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі" деген жол алып тасталсын;
"Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" және "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жолдар алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Әділет министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |