Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.02.2024 № 137 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құрамында:
"Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр Ә. Смайылов |