Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 666 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары
1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің (бұдан әрі – қызметкер) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қызметкер қызметін өткеріп жүрген ұлттық қауіпсіздік органын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
3. Осы Қағидаларға сәйкес залалды өтеу түрінде төленген сома кейіннен залал келтірген адамнан өндіріп алынып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатынан толық көлемде өтелуге тиіс.
4. Қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу үшін қызметкерді және (немесе) оның отбасы мүшесін өзге тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеті салдарынан зардап шекті деп тану туралы сот шешімі мен қызметкердің залалды өтеу туралы баянаты негіз болады.
5. Залалды өтеу үшін ұлттық қауіпсіздік органының бірінші басшысының қаржы және (немесе) экономикалық қызметке жетекшілік ететін орынбасарының атына жазылған залалды өтеу туралы баянатты қызметкер тікелей бастығына ұсынады. Баянатқа "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
6. Өтелетін залалдың мөлшері сот арқылы белгіленеді.
7. Қызметкер осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін, ұлттық қауіпсіздік органының басшысы 10 (он) жұмыс күні ішінде өтелетін залалдың сомасын көрсете отырып, залалды өтеу туралы бұйрық шығарады.
8. Кадр бөлімшесі залалды өтеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның үзінді-көшірмесін төлемдерді қамтамасыз ету үшін ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне жолдайды.
9. Залалды өтеу ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне бұйрықтың үзінді-көшірмесі келіп түскен күнінен бастап 10 (он) банктік күн ішінде қызметкердің ақшалай үлес төленетін ағымдағы шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.
10. Залал келтірген кінәлі тұлғаның есебінен залал өтелген жағдайларда қызметкер қызмет өткеріп жүрген ұлттық қауіпсіздік органы аталған төлемді жүзеге асырмайды.
11. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.