Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| 
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  | 
Ә. Смайылов | 
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 489 қаулысына қосымша  | 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысы.
2. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1089 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 және "Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1164 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
4. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысы.