Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысы.

      1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 26 мамырда Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады),

      1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 43-бабын негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Шартқа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"4-бап Құқықтық көмек көрсету кезінде қатынастар жасау тәртібі

      Азаматтық және қылмыстық істер бойынша кұқықтык көмек көрсету туралы өтініш жасаған кезде Уағдаласушы Тараптардың соттары және басқа да органдары мен мекемелері, егер осы Шартта өзгеше белгіленбеген болса, өздерінің құзыретті мекемелері арқылы бір-бірімен өзара қатынас жасайды.

      Уағдаласушы Тараптар тағайындалған құзыретті мекемелер, олардың функциялары мен байланыс деректері туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.".

      2. Шарттың 22-бабы 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарында "соттың (судьяның) қаулысы," деген сөзден кейін "сот бұйрығы," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Шарттың 23-бабы 2-тармағының в) тармақшасы "сот бұйрығын тану және орындау туралы өтінішхатпен жүгіну жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      4. Шарттың 28-бабы алып тасталсын.

      5. Шарттың 40-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"40-бап Дау-дамайларды шешу

      Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың ережелерін түсіндіру немесе орындау мәселелері бойынша туындайтын дауларды осы Шарттың 4-бабында көрсетілген тиісті орталық органдар арасындағы консультациялар не дипломатиялық арналар арқылы шешеді.".

2-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама Шарттың қолданылуы тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданылуын тоқтатады.

      2022 жылғы "26" мамырда Бішкек қаласында қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде әрқайсысы екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда Шарттасушы Жақтар орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін