Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 Қаулысы.

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2021 № 982 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов