Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі − Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысымен бекітілген |
Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Ескерту. Іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2021 № 982 қаулысымен.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Отандық зауыттарда мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды шығаруды ынталандыру мақсатында автобус тасымалын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны және табиғи газ отынын құю инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыру мәселесі жөнінде ұсыныстар енгізу | ИИДМ-ге ұсыныс | ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, екінші деңгейдегі банктер (келісу бойынша), "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2019 жылғы ақпан | талап етілмейді | - |
2. | Осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау | мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды және арнайы автомобильдерді қабылдау-беру актілері | ИИДМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар | талап етілмейді | - |
3. | Осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ қажеттілігінің нысаналы көрсеткіштерін орындау | Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-мен қамтамасыз ету көлемі | "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар | талап етілмейді | - |
4. | Осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау | АГТКС-ті және (немесе) КриоАЖҚС-ті пайдалануға беру актілері | "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша) "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС (келісу бойынша) | жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар | 46 млрд теңге | жеке инвестициялар, қарыз қаражаты |
5. | Мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобус маршруттарын бөлуді ескере отырып, сондай-ақ "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Ташкент-Қорғас" халықаралық көлік дәліздерінде АГТКС-ті және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу үшін жер учаскелерін бөлу | жергілікті атқарушы органдардың қаулылары | облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар | талап етілмейді | - |
6. | Республика ішінде жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарында мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды жаңарту бойынша талаптарды белгілеу | республика ішінде жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттары | облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар | талап етілмейді | - |
7. | Мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманы сәйкестендіру және (немесе) әзірлеу, АГТКС, КриоАЖҚС, көпотынды жанармай құю станцияларын, СТГ шығаратын зауыттарды жобалау, салу және пайдалану | ҚР ҚН, МемСТ, ҚР СТ | ИИДМ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар | талап етілмейді | - |
8. | Мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын сатып алу және (немесе) қайта жабдықтау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарды және халықты ынталандыру үшін жеңілдікті кредит беру мәселесін және басқа да қаржылық, әкімшілік тетіктерді пысықтау | ИИДМ-ге ұсыныс | ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2019 жылғы наурыз | талап етілмейді | - |
9. | Отандық дайындаушы зауыттарға автокөлік құралдарын шығаруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен және авторландырылған дилерлік орталықтардың Қазақстан Республикасына дайындаушы зауыттар шығарған қосотынды (бензин/сығылған ТГ, ДО/сығылған ТГ) автокөлік құралдарын әкелуін ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасау арқылы сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны мотор отыны ретінде пайдаланатын жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың санын ұлғайту | ИИДМ-ге ұсыныс | ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2019 жылғы наурыз | талап етілмейді | - |
10. | Сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны локомотивтік техникаларда пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске қосу мәселесін пысықтау | ИИДМ-ге ұсыныс | "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жыл | талап етілмейді | - |
11. | Ведомстволық/қызметтік автокөлік құралдарына, мемлекеттік органдардың арнайы көліктеріне сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны ендіру жөніндегі мәселені пысықтау | ИИДМ-ге ұсыныс | ЭМ, ІІМ, Қорғанысмині, АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2019 жылғы мамыр | талап етілмейді | - |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"QazaqGaz" ҰК" АҚ – "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
АГТКС – автогаз толтыру компрессорлық станциясы;
КриоАЖҚС – сұйытылған табиғи газ криогенді жанармай құю станциясы;
ТГ – табиғи газ;
СТГ – сұйытылған табиғи газ;
ДО – дизель отыны;
ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;
МемСТ – мемлекеттік стандарт;
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты.
Табиғи газды мотор отыны | |
ретінде пайдалануды өрістету | |
жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға | |
арналған іс-шаралар жоспарына | |
1-қосымша |
Мотор отыны ретінде сығылған және (немесе) сұйытылған табиғи газды пайдаланатын автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту бойынша нысаналы көрсеткіштер
бірлік
Р/с № | Әкімшілік-аумақтық бірлік | 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл |
1 | Нұр-Сұлтан қаласы | 0 | 400 | 800 | 1200 |
2 | Алматы қаласы | 1200 | 1600 | 1 800 | 2000 |
3 | Шымкент қаласы | 400 | 800 | 1 200 | 1600 |
4 | Ақмола облысы | 0 | 100 | 300 | 500 |
5 | Ақтөбе облысы | 200 | 300 | 400 | 600 |
6 | Алматы облысы | 200 | 400 | 500 | 600 |
7 | Атырау облысы | 200 | 300 | 400 | 500 |
8 | Батыс Қазақстан облысы | 200 | 300 | 400 | 500 |
9 | Жамбыл облысы | 200 | 300 | 400 | 600 |
10 | Қарағанды облысы | 0 | 200 | 300 | 600 |
11 | Қостанай облысы | 200 | 300 | 400 | 600 |
12 | Қызылорда облысы | 200 | 300 | 400 | 600 |
13 | Маңғыстау облысы | 200 | 200 | 300 | 500 |
14 | Түркістан облысы | 100 | 400 | 500 | 600 |
15 | Павлодар облысы* | 0 | 100 | 200 | 400 |
16 | Солтүстік Қазақстан облысы* | 0 | 100 | 200 | 400 |
17 | Шығыс Қазақстан облысы* | 0 | 0 | 0 | 200 |
ЖИЫНЫ | 3 300 | 6 100 | 8 500 | 12 000 |
* Газдандырылған жағдайда
Табиғи газды мотор отыны | |
ретінде пайдалануды өрістету | |
жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға | |
арналған іс-шаралар жоспарына | |
2-қосымша |
Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған табиғи газ қажеттілігінің нысаналы көрсеткіштері
млн текше м.
Р/с № | Әкімшілік-аумақтық бірлік | 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл |
1 | Нұр-Сұлтан қаласы | 0 | 17 | 34 | 50 |
2 | Алматы қаласы | 50 | 67 | 75 | 84 |
3 | Шымкент қаласы | 17 | 34 | 50 | 67 |
4 | Ақмола облысы | 0 | 4 | 13 | 21 |
5 | Ақтөбе облысы | 8 | 13 | 17 | 25 |
6 | Алматы облысы | 8 | 17 | 21 | 25 |
7 | Атырау облысы | 8 | 13 | 17 | 20 |
8 | Батыс Қазақстан облысы | 8 | 13 | 17 | 20 |
9 | Жамбыл облысы | 8 | 13 | 17 | 25 |
10 | Қарағанды облысы | 0 | 8 | 13 | 25 |
11 | Қостанай облысы | 8 | 13 | 17 | 25 |
12 | Қызылорда облысы | 8 | 13 | 17 | 25 |
13 | Маңғыстау облысы | 4 | 8 | 13 | 21 |
14 | Түркістан облысы | 8 | 17 | 21 | 25 |
15 | Павлодар облысы* | 0 | 4 | 8 | 17 |
16 | Солтүстік Қазақстан облысы* | 0 | 4 | 8 | 17 |
17 | Шығыс Қазақстан облысы* | 0 | 0 | 0 | 8 |
ЖИЫНЫ | 135 | 258 | 358 | 500 |
* Газдандырылған жағдайда
Табиғи газды мотор отыны | |
ретінде пайдалануды өрістету | |
жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға | |
арналған іс-шаралар жоспарына | |
3-қосымша |
Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және (немесе) криогенді автомобильдік отын құю станцияларын салу бойынша нысаналы көрсеткіштер
бірлік
Р/с № | Әкімшілік-аумақтық бірлік | 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл |
1 | Нұр-Сұлтан қаласы | 0 | 3 | 7 | 10 |
2 | Алматы қаласы | 10 | 13 | 15 | 17 |
3 | Шымкент қаласы | 3 | 7 | 10 | 14 |
4 | Ақмола облысы | 0 | 1 | 3 | 4 |
5 | Ақтөбе облысы | 2 | 3 | 3 | 5 |
6 | Алматы облысы | 2 | 3 | 4 | 5 |
7 | Атырау облысы | 2 | 3 | 3 | 4 |
8 | Батыс Қазақстан облысы | 2 | 3 | 3 | 4 |
9 | Жамбыл облысы | 2 | 3 | 3 | 5 |
10 | Қарағанды облысы | 0 | 2 | 3 | 5 |
11 | Қостанай облысы | 2 | 3 | 4 | 5 |
12 | Қызылорда облысы | 3 | 3 | 4 | 5 |
13 | Маңғыстау облысы | 1 | 2 | 3 | 4 |
14 | Түркістан облысы | 2 | 3 | 4 | 5 |
15 | Павлодар облысы* | 0 | 1 | 2 | 3 |
16 | Солтүстік Қазақстан облысы* | 0 | 1 | 2 | 3 |
17 | Шығыс Қазақстан облысы* | 0 | 0 | 0 | 2 |
ЖИЫНЫ | 31 | 54 | 72 | 100 |
* Газдандырылған жағдайда