Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.10.2021 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин