"Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 396 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-11-бабына және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты" деген тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Криминалдық полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы, Жедел басқару орталығы";

      мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

      аға инспектор;";

      мынадай мазмұндағы отыз үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "кезекші бөлімнің жедел кезекшісі;";

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген тармақ мынадай мазмұндағы отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Кадр саясаты басқармасы

      кәсіптік даярлық тобының бас маманы;

      кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы;";

      "3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)" деген тармақ:

      мынадай мазмұндағы отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;";

      мынадай мазмұндағы алпыс бесінші, алпыс алтыншы және алпыс жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Кадр саясаты бөлімі (бөлімше, топ)

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;";

      мынадай мазмұндағы жүз қырық бірінші, жүз қырық екінші және жүз қырық үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Кадр саясаты бөлімі (бөлімше, топ)

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;";

      "4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары" деген тармақта:

      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және жұмылдыру даярлығы қызметтері";

      отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;";

      мынадай мазмұндағы елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

      аға инспектор;

      инспектор";

      мынадай мазмұндағы жүз жиырма алтыншы және жүз жиырма жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының аға инспекторы;

      кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының инспекторы;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов