Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2021 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 642-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
"4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі" деген кіші бөлімде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"патрульдік полиция полицейі.";
"Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністері" деген кіші бөлімде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;";
"Арнайы жедел ден қою жасақтары" деген кіші бөлімде:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;";
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;";
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың полиция департаменттері басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың полиция департаменттері басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) патрульдік полициясы".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |