Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 133-4) тармақшамен толықтырылсын:
"133-4) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысанын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 310-1) және 310-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"310-1) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту;
310-2) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту;";
мынадай мазмұндағы 402-1) және 402-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
"402-1) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
402-2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекіту;";
мынадай мазмұндағы 690-14) тармақшамен толықтырылсын:
"690-14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 708-8) және 708-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"708-8) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту;
708-9) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту;";
ведомстволардың функциялары:
мынадай мазмұндағы 285-1) және 285-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"285-1) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
285-2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 298-6) және 298-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"298-6) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
298-7) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 503-1), 503-2) және 503-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"503-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлеу;
"503-2) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу;
503-3) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлеу;".
2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 402-1) және 402-2) тармақшаларын және ведомстволар функцияларының 285-1) және 285-2) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |