ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізу медициналық көрсетілетін қызметтерінің есебін бөлек жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы үшін:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қарашаға дейінгі және 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне іске асыру қорытындылары туралы ақпарат берсін.
4. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы қаулының қолданысы Қарағанды облысы үшін 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.";
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне қосымшада:
"Консультациялық-диагностикалық көмек" деген 2-бөлімде:
"Көрсетілетін қызметтердің атауы" деген 2-баған:
мына:
"
8. Ангиография | Айғақтар бойынша |
" |
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
Мамандардың жолдамасы бойынша онкологиялық ауруларға күдігі бар пациенттерге арналған қымбат тұратын диагностикалық қызметтердің түрлері: | Айғақтар бойынша | |
1. Компьютерлік томография | Айғақтар бойынша | |
2. Магниттік-резонанстық томография | Айғақтар бойынша |
". |
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс, осы қаулыға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 3 қыркүйектегі | |
№ 655 қаулысымен | |
бекітілген |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі (бұдан әрі – 1-ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға немесе өндірістік базасы Қарағанды облысының аумағында орналасқан денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмек алатын адамдарға ұсынылады.
2. 1-ТМККК-ге:
1) жедел медициналық көмек;
2) санитариялық авиация;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК);
4) МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;
5) стационарды алмастыратын көмек;
6) стационарлық көмек;
7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
9) халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім;
10) патологиялық-анатомиялық диагностика;
11) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау кіреді.
2-тарау. 1-ТМККК тізбесі
3. Жедел медициналық көмек уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тәулік бойы көрсетіледі және мыналарды қамтиды:
1) шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсету;
2) шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізу;
3) кейіннен транспланттау үшін қажет болған кезде пациентті (пациенттерді), сондай-ақ ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тасымалдау.
4. Санитариялық авиация:
1) пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
2) білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (пациенттерді), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға әуе көлігімен тасымалдауды қамтиды.
5. МСАК – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
МСАК мыналарды:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді;
2) Кодекстің 155-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен халықтың нысаналы топтарын ("Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарды қоспағанда) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді, оның ішінде:
балаларды тісті және ауыз қуысының сілемейлі қабығына күтім жасау бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқытуды – профилактикалық мақсатта жылына бір рет;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеріп-қарауды профилактикалық мақсатта жылына бір рет;
3) бір жасқа дейінгі балаларға патронажды;
4) жүктілікті байқауды және отбасын жоспарлауды;
5) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 127) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқауды, оның ішінде:
диагностикалық зерттеулердің міндетті ең аз мөлшерін (асқынудан тыс);
созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес науқастарды және олардың отбасы мүшелерін өзін-өзі бақылауын, өзіне және өзара көмек көрсетуге оқытуды;
6) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 92) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық-әлеуметтік көмекті;
7) кезек күттірмейтін медициналық көмекті, оның ішінде:
Кодекстің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төртінші күрделілік санатындағы жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсетуді;
8) МСАК маманының, оның ішінде жіті аурулар немесе созылмалы аурулар асқынған кездегі қабылдауын, консультациясын, оның ішінде:
уәкілетті орган бекіткен тәртіппен МСАК деңгейінде көрсетілетін медициналық манипуляциялар мен ем-шаралар жүргізуді;
Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына рецепт жазуды, уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуді;
МСАК мамандарының үйде пациенттерге қызмет көрсетуі – Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде көзделген көрсетілімдер бойынша;
осы Тізбенің 7-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;
Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;
9) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша диагностикалық қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы;
10) саламатты өмір салты, ұрпақты болу денсаулығы және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге консультация беруді, оның ішінде:
профилактикалық кабинеттерде және МСАК ұйымдарының денсаулық мектептерінде оқытуды қамтиды.
6. МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:
1) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды қоса алғанда, оларға медициналық-әлеуметтік көмекті, оның ішінде Кодекстің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бейінді мамандардың қабылдауын және консультациясын;
2) бейінді мамандардың динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды қабылдауын және консультациясын;
3) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын халықтың нысаналы топтарын Кодекстің 155-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және осындай қарап-тексерулер өткізу кезеңділігімен профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді (оның ішінде скринингтер);
4) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен ем-шараларды орындауын;
5) жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар немесе басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлер кезінде пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
6) "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүкті әйелдерге және он сегіз жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық консультация беруді;
7) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес ағымы асқынған жүктілікті медициналық байқауды және патронажды;
8) Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға рецепт жазуды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуді;
9) бейінді мамандардың пациенттерге үйде қызмет көрсетуі – Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде айқындалған көрсетілімдер бойынша;
10) Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтерді қолдануды;
11) осы Тізбенің 7-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын көмек көрсетуді;
12) Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;
13) құқық қорғау органдары, тергеу және анықтау органдары жолдаған кезде психикалық белсенді заттарды тұтынуы тұрғысынан медициналық куәландыруды қоса алғанда, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы қамтиды.
7. Стационарды алмастыратын медициналық көмек:
1) әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге;
2) динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуге;
3) тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізуге арналады.
8. Стационарлық медициналық көмек:
1) шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттерді;
2) әлеуметтік мәні бар ауруларды;
3) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 89) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды;
4) динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуді қамтиды.
9. Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасына сәйкес және тәртіппен медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен, сондай-ақ Кодекстің 162-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен оларды сақтау, құю тәртібіне сәйкес қанмен, оның компоненттерімен, препараттарымен қамтамасыз ету.
10. Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту.
11. Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 99) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім.
12. Патологиялық-анатомиялық диагностика:
1) патологиялық-анатомиялық ашу;
2) динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар, әлеуметтік мәні бар аурулар, оның ішінде шұғыл түрде емдеуге жатқызу;
3) инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, оның ішінде шұғыл түрде емдеуге жатқызу кезінде жүзеге асырылады.
13. Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.
14. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу көрсетілімдері бар болған кезде және Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көрсетіледі.
15. 1-ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:
1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;
2) МСАК көмек көрсету кезінде – Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгілі бір аурулары (жай күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
1-ТМККК ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен бейімделген емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.
Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қолдануға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 655 қаулысымен бекітілген |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі (бұдан әрі – 2-ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға немесе өндірістік базасы Қарағанды облысының аумағында орналасқан денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмек алатын адамдарға ұсынылады.
2. 2-ТМККК шеңберінде медициналық көмек халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған дәрі-дәрмектік көмекті қамтитын медициналық көрсетілетін қызметтер кешені түрінде ұсынылады.
3. 2-ТМККК шеңберінде:
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;
2) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ауруларды 1-ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, стационарды алмастыратын көмек;
3) емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ауруларды 1-ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы стационарлық көмек;
4) уәкілетті орган бекіткен аурулар (жай-күйлер) тізбесі бойынша МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі;
5) 1-ТМККК-ге кірмейтін аурулардың патологиялық-анатомиялық диагностикасы ұсынылады.
2-тарау. 2-ТМККК шеңберіндегі медициналық көмектің тізбесі
4. МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 155-бабының 7-тармағына сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;
2) бейінді мамандардың 1-ТМККК шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулары бар адамдарды қабылдауы және консультациялары, оның ішінде:
диагностикалық қызметтер, оның ішінде көрсетілімдер бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен маманның жолдамасы бойынша зертханалық диагностика;
Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынылатын жоғары технологиялы медициналық қызметтерді қолдану;
уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен ем-шараларды орындауы;
осы Тізбенің 5-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын көмек көрсету;
дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға рецепт жазу;
Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;
3) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету.
5. Ауруларды 1-ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, стационарды алмастыратын көмек МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ұсынылады және мыналарды:
1) бейінді мамандардың қарап-тексеруін, консультацияларын;
2) диагностикалық қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы;
3) медициналық манипуляцияларды, ем-шараларды және хирургиялық операцияларды (эстетикалық пластикалық операцияларды қоспағанда) жүргізу арқылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, емдеуге жатқызуға себеп болған ауруды және оның асқынуларын, өмірге қауіп төндіретін қосарласқан ауруларды емдеуді;
4) Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынылатын жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдануды;
5) уәкілетті орган бекіткен аурулар (жай-күйлер) тізбесі бойынша МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін;
6) қозғалысы шектеулі адамдарға жіті жай-күйлер және созылмалы аурулардың асқынуы кезінде үйдегі стационарды ұйымдастыруды қамтиды.
6. Емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде ауруларды 1-ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы стационарлық көмек МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ұсынылады және мыналарды:
1) медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың қарап-тексеруін, консультацияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы;
2) диагностикалық қызметтерді, оның ішінде медициналық көрсетілімдер бойынша зертханалық диагностиканы;
3) медициналық манипуляцияларды, ем-шараларды және хирургиялық операцияларды (эстетикалық пластикалық операцияларды қоспағанда) жүргізу арқылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, емдеуге жатқызуға себеп болған ауруды және оның асқынуларын, өмірге қауіп төндіретін қосарласқан ауруларды емдеуді;
4) Кодекстің 162-бабының 5-тармағына сәйкес қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасына, қағидаларына сәйкес қанмен, оның компоненттерімен, препараттарымен сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен қанды, оның компоненттерін, препараттарын сақтау, құю қағидаларына сәйкес қанмен және оның компоненттерімен, препараттарымен қамтамасыз етуді;
5) Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынылатын жоғары технологиялы медициналық қызметтерді қолдануды;
6) уәкілетті орган бекіткен аурулар (жай-күйлер) тізбесі бойынша МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін;
7) Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;
8) "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысымен бекітілген тамақтанудың заттай нормаларына сәйкес ұсынылатын емдік тамақтануды;
9) стационар палатасында қосымша сервистік көрсетілетін қызметтерді (теледидар, тоңазытқыш, телефон байланысы, тапсырыс бойынша тағам, медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларды қоспағанда, палатада жалғыз жатқызу) ұсынусыз пациентке емдеуге жатқызудың барлық кезеңіне төсек-орын беруді;
10) үш жасқа дейінгі баланы, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін ұсынуды;
11) медициналық ұйымда баланы күтіп-бағу үшін болған барлық кезеңде бір жасқа дейінгі баланы емізетін ананы тегін тамақпен қамтамасыз етуді;
12) балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтиды.
7. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі.
8. 1-ТМККК-ге кірмейтін аурулардың патологиялық-анатомиялық диагностикасы.
9. 2-ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, бейімделген емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.
2-ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, бейімделген емдік өнімдерді, иммундық-биологиялық препараттарды пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.
Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қолдануға жол беріледі.