"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылд

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 11-8) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-8) соғысқа қатысушы куәлігін беру тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ соғысқа қатысушы куәлігін дайындауды ұйымдастырады;";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы 19-48), 19-49), 19-50), 19-51), 19-52), 19-53), 19-54), 19-55), 19-56), 19-57), 19-58), 19-59), 19-60), 19-61), 19-62) және 19-63) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19-48) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекітеді;

      19-49) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      19-50) Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-51) Жергілікті әскери басқару органдарында кезекшілер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-52) Қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-53) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасының және алып жүрілетін авариялық қорының дәрiлік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекітеді;

      19-54) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ведомстволық күзет бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін күзетуін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-55) Ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;

      19-56) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді;

      19-57) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      19-58) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік кезекшілікті атқаруды бағалау әдістемесін бекітеді;

      19-59) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      19-60) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      19-61) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      19-62) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;

      19-63) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;".

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 772 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 215 Жарлығын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қаңтардағы № 129 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1264 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1281 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 265-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, әскери газеттер мен журналдар баспаханаларының полиграфиялық жабдықтар жиынтықтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 ақпандағы № 192 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 33-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жауынгерлік даярлау үшін әскери мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 337 қаулысы.

      8. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Сот сараптамасы орталық зертханасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 800 қаулысының 3-тармағы.

      9. "Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 697 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 561-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерін және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерін әскери мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 477қбпү қаулысы.

      11. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, 695-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 695 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 53, 715-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық қорлар санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1456 қаулысы.

      14. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын кәсіптік (жауынгерлік) даярлау үшін арнайы мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 175 қаулысы.

      15. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 198 қаулысы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 356-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 417 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 442-құжат).

      18. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын азық-түлiкпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1281 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1204 қаулысы.

      19. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 51 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 37-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19, 96-құжат).