Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2023 № 78 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Индустрияландыру картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2018 жылғы 26 қазандағы | |
№ 685 қаулысына | |
қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2014 жылғы 31 желтоқсандағы | |
№ 1418 қаулысымен | |
бекітілген |
Индустрияландыру картасы
Р/с | Жобаның атауы | Жауапты мемлекеттiк орган және/немесе ұлттық холдинг | Өңiр | Жобаға өтiнiш берушi | Iске асыру мерзiмi*/ жобаның мәртебесі |
кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Болат өндiрiсiн жылына 5 млн. тоннаға дейiн ұлғайту | ИДМ | Қарағанды облысы | "АрселорМиттал Теміртау" АҚ | 2010 – 2022 жылдар |
2. | Бозшакөл КБК салу | ИДМ |
Павлодар | "KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)" ЖШС | 2010 – 2015 жылдар |
3. | Ақтоғай КБК салу | ИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)" ЖШС | 2011 – 2017 жылдар |
4. | Рельсті арқалық зауытын салу |
ИДМ, Ақтөбе облысының | Ақтөбе облысы | "Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС | 2012 – 2015 жылдар |
5. | Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу | ИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ | 2010 – 2019 жылдар |
6. | Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу | ИДМ | Жамбыл облысы | "ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС | 2011 – 2021 жылдар |
7. | Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу | ИДМ | Қызылорда облысы | "Орда Гласс" ЖШС | 2013 – 2018 жылдар |
8. | Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту (мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенін салу) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Атырау облысы | "Атырау МӨЗ" ЖШС | 2010 – 2016 жылдар |
9. | Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (бірінші фаза) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Атырау облысы |
"Kazakhstan | 2010 – 2021 жылдар |
10. | Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
Атырау | "KLPE" ЖШС | 2010 – 2025 жылдар |
11. | Экологиялық класты К5 мотор отынының өндірісі | ЭМ | Батыс Қазақстан облысы | "Конденсат" АҚ | 2012 – 2016 жылдар |
12. | Павлодар МХЗ жаңғырту | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Павлодар облысы | "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС | 2010 – 2017 жылдар |
13. | Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)) | Оңтүстік Қазақстан облысы | "ПетроКазахстан ойл Продактс" ЖШС | 2010 – 2018 жылдар |
14. | "Шалқия" полиметалл кен орны базасында КБК салу | ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Қызылорда облысы | "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ | 2014-2020 жылдар |
15. | Қарағанды кешенді құйма зауытын салу | ИДМ | Қарағанды облысы | "Қарағанды кешенді құйма зауыты" ЖШС | 2011 – 2020 жылдар |
16. | Темір жолға арналған дөңгелектер шығару кешені | ИДМ | Павлодар облысы | "Проммашкомплект" ЖШС | 2014 – 2018 жылдар |
17. |
Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі | ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Жамбыл облысы | "Біріккен химия компаниясы" ЖШС | 2014 – 2020 жылдар |
18. | Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту (2-кезең) | ИДМ | Маңғыстау облысы | "ҚазАзот" ЖШС |
2015 – 2019 жылдар |
19. | Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту | ИДМ | Жамбыл облысы | "Қазфосфат" ЖШС | 2015 – 2020 жылдар |
20. | Кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу | ИДМ | Қызылорда облысы | "АралСода" ЖШС | 2017 – 2021 жылдар |
21. | Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт салу | ИДМ | Алматы қаласы | "Эйжа Стил Пайп Корпорейшн" ЖШС | 2015 – 2018 жылдар |
22. |
Ферросилиций өндірісі бойынша зауыт салу | ИДМ | Қарағанды облысы | "YDD Corporation" ЖШС | 2017 – 2019 жылдар |
23. |
Ақтоғай КБК өңдеу қуатын қолда бар сульфид фабрикасын қайталау арқылы кеңейту | ИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС | 2018 – 2021 жылдар |
24. |
ЭТБЭ/МТБЭ және ұнтақ полипропилен өндірісі зауытын салу | ЭМ | Оңтүстік Қазақстан облысы | "Шымкент Химия Компаниясы" ЖШС | 2017 – 2022 жылдар |
* iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ | - | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi |
ЭМ | - | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | - | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы |
"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ | - | "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлiк қоғамы |
МӨЗ | - | мұнай өңдеу зауыты |
МХЗ | - | мұнай-химия зауыты |
АҚ | - | акционерлiк қоғам |
ЖШС | - | жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк |