Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 20 қарашадағы
№ 759 қаулысына
қосымша 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 598-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 557-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 647 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 259-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 161-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.

      8. "Мұнай операцияларына байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1335 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 551-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 және 2005 жылғы 27 маусымдағы № 635 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 1468 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 390-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1277 қаулысы.

      11. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 880 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 833-құжат).

      12. "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 24-құжат).

      13. "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1547 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 35-құжат).