Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 1822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1175 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 759 қаулысымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 1822 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 598-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелерінде:

      2-тармақтың жетінші абзацындағы "немесе жеке" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақтағы "Электр энергиясын пайдалану ережелермен және" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі