Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 ақпандағы № 201 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы № 703 қаулысы.
4. "Ғылым қорының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 63-құжат).
5. "Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 78 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1104 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2039 қаулысы.
8. "Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 қаулысы.
9. "Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 маусымдағы № 685 қаулысы.
10. "Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 317 қаулысы.
11. "Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1058 қаулысы.
12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістердің 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1166-құжат).
13. "Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 494 қаулысы.
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 48-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1, 42-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).