Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 384 қаулысы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы № 900 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 296-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 384 қаулысымен    
бекітілген       

Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызмет бабында пайдалану үшін өзге де  ақпараттықамтитын нормативтік құқықтық актілерді немесе олардың жекелеген бөліктерін қоспағанда, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
      3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрі – Әділет министрлiгi) және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      4. Әдiлет министрлiгiнің және оның аумақтық органдарының қызметкерлерi орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексін, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
      5. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
      1) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің заңнамада белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлерiн қолдануға жол бермеу;
      2) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнаманың бұзылуын анықтау және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау;
      3) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ мәслихаттарға, әкімдіктерге, тексеру комиссияларына және әкімдерге, олар нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялауды жүзеге асырған кезде әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады.

2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актiлерінің ресми жариялануын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

      6. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылау:
      1) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануының мониторингі;
      2) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын реттейтiн заңнаманың сақталуын тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Тексеруді тағайындау туралы бұйрықта көрсетілген кезеңде тексерілетін субъект шығарған және ресми жариялануға жататын барлық актілер тексерілуге жатады.
      Тексерулер «Орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1596 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелерге:
      1) нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға жіберудің уақтылығына;
      2) нормативтік құқықтық актілерді қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялаудың уақтылығына және бір мезгілдігіне;
      3) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау кезінде оның толық баяндалуына;
      4) нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімінің сақталуына;
      5) қолданыстағы заңнамада көзделген нормативтік құқықтық актіні ресми жариялауға қойылатын талаптарды бұзушылықтарды жою бойынша мемлекеттік орган (лауазымды адам) қолданатын шараларға назар аудару қажет.
      8. Бақылауды жүзеге асыру кезiнде Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратады;
      2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінде және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қолданады.

3. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануына мониторинг жүргізу

      9. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануының мониторингі:
      1) нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығына конкурстың қорытындысы туралы ақпарат жинауды;
      2) мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау бойынша деректерді есепке алуды;
      3) мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау бойынша жұмысты талдауды қамтиды.
      10. Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында тіркелген орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау бойынша ақпарат жиналуға жатады.
      11. Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау бойынша деректерді есепке алуды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне жазбаларды енгізу арқылы жүзеге асырады.
      12. Мемлекеттік органдар күшін жоятын, өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, бұрын шығарылған актілердің қолданысын тоқтата тұратын немесе қалпына келтіретін нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау да мониторингке жатады. Бұл актілер бойынша мәліметтер де Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізіледі.
      13. Жинау және есепке алу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау бойынша жұмысты талдау жүргізіледі, онда нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға байланысты орын алған бұзушылықтар мен проблемалар, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою үшін қажетті шаралар көрсетіледі.