Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан беріле

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысы

      «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2016 жылға арналған нысаналы трансферт қаражатын бөлу;
      2) Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 374 қаулысымен    
бекітілген       

Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2016 жылға арналған нысаналы трансферт қаражатын бөлу

      Ескерту. Кестеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 495; 06.12.2016 № 772; 06.12.2016 № 776 қаулыларымен.

Р/с

Жобаның атауы

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Халықаралық қаржы ұйымы

1

2

3

4

5

1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті
сараптамалар жүргізуге

1.

«Астана - Қарағанды - Балқаш - Күрті - Қапшағай - Алматы» Орталық-Оңтүстік дәлізін, «Қарағанды - Бурылбайтал» учаскесін реконструкциялау

4021

ИДМ

ДБ

2.

«Орталық-Батыс» дәлізін реконструкциялау

5511

ИДМ

ДБ

3.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Орскіге) - Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)» автомобиль жолын, «Атырау - Астрахань» учаскесін реконструкциялау

181

ИДМ

ИДБ

2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға

1.

Өскемен қаласындағы қоршаған ортаны қалпына келтіру.
Өскемен қаласында су ресурстарын қорғау және өнеркәсiп ластаған жерасты суларын қалпына келтiру

205519

АШМ

ДБ

2.

«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасының 2-фазасы (ИДЖЖ-2)

686516

АШМ

ДБ

3. Бағдарламалық жобаларды іске асыруға

1.

Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын
ынталандыру

41260

ДСӘДМ

ДБ

2.

Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1 305

ҰЭМ

ДБ

3.

Өнімді инновацияларды ынталандыру

152606

БҒМ

ДБ

4.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қарағанды қаласындағы "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан 300 төсектік көпбейінді клиникалық аурухана салу және оны пайдалануға беру

54000

ДСӘДМ

АДБ

4. Техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға

1.

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі ЕҚҚДБ бағдарламасын іске асыру

1738255

ҰЭМ

ЕҚҚДБ

2.

Шағын бизнесті қолдау бағдарламасының шеңберінде «Бизнестегі әйелдер» кіші бағдарламасын іске асыру

604014

ҰЭМ

ЕҚҚДБ

3.

«Қазақстан Республикасында құрамында тұтқыр органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жою» жобасы

28960

ЭМ

ДБ

5. Үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған нысаналы даму трансферттері

Ақтөбе облысы

419031



1.

Ақтөбе қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

419031

ҰЭМ

ЕҚДБ

Қызылорда облысы

3377982



2.

Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және реконструкциялау

1389559

ҰЭМ

ЕҚДБ

3.

Қызылорда қаласында жылумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау

1388423

ҰЭМ

ЕҚДБ

4.

Қызылорда таратушы электр желілері жүйесiн жаңғырту

600000

ҰЭМ

ЕҚДБ

Жамбыл облысы

189500



5.

Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту

189500

ҰЭМ

ЕҚДБ

Павлодар облысы

910000



6.

«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» акционерлік қоғамын жаңғырту» жобасын іске асыру үшін «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

910000

ИДМ

ЕҚДБ

Солтүстік Қазақстан облысы

1500000



7.

Петропавл қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

1500000

ҰЭМ

ЕҚДБ

Қостанай облысы

240000

8.

Қостанай қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

240000

ҰЭМ

ЕҚДБ

6. ХҚҰ тарту жолымен МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға

6.1. МЖӘ республикалық жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау



1.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу және пайдалану» концессиялық жобасын консалтингтік сүйемелдеу

107721

ИДМ

ДБ

6.2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға ағымдағы нысаналы трансферттер

2.

«Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік (жылдам трамвай) желісін салу және пайдалану» концессиялық жобасын консультациялық сүйемелдеу

40894

ИДМ

ЕҚДБ

7. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге

1.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге

2025367

ҰЭМ

ЕҚДБ

Жиыны

12332643



      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
      ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
      ДСӘДМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және
      әлеуметтiк даму министрлігі;
      ДБ – Дүниежүзілік Банк;
      ЕҚДБ – Еуропа Қайта құру және Даму банкі;
      ИБР – Ислам Даму банкі;
      ХҚҰ – халықаралық қаржы ұйымы;
      ШОБ – шағын және орта бизнес.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 374 қаулысымен   
бекітілген      

Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер – Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер;
      2) бағдарламалық жоба – институционалдық дамуға бағытталған, сондай-ақ республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінде бюджеттік қолдау ретінде сыртқы қарыздар қаражаты есебінен іске асырылатын іс-шаралар жиынтығы;
      3) бюджеттік инвестициялық жоба – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда бар объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;
      4) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан қорытындысы;
      5) грант – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;
      6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары – әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру есебінен іске асыру жоспарланған жобалар;
      7) мандат-хат – әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде келісілген шарттармен жобаны іске асыру үшін кредиттік және (немесе) гранттық қаржыландыруды ұсыну мүмкіндігі туралы халықаралық қаржы ұйымының ниет білдіру хаты;
      8) Үйлестіру кеңесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі;
      9) үкіметтік қарыз жобалары – әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыз беру есебінен іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық және бағдарламалық жобалар;
      10) үшжақты келісімдер – негіздемелік келісімдер шеңберінде нысаналы даму трансферттері мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілетін қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері жасасатын келісімдер;
      11) халықаралық қаржы ұйымы (бұдан әрі – ХҚҰ) – Қазақстан Республикасының Үкіметіне сыртқы қарыз және/немесе грант түрінде, заңды тұлғаларға қарыз және/немесе кредит, кредиттік желілер, грант, техникалық көмек түрінде қаржылық немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы.
      3. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферт қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасында көзделген жобаларды іске асыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаражат бөлу жолымен жүзеге асырылады.
      4. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражаты 073 «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету» деген бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша (бұдан әрі – бөлінетін бюджеттік бағдарлама) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі) болып табылады.
      5. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру мынадай:
      1) БИЖ ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге;
      2) ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындауға және сүйемелдеуге;
      3) бағдарламалық жобаларды іске асыруға;
      4) БИЖ іске асыруға;
      5) техникалық көмек көрсету іс-шараларын іске асыруға;
      6) үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған нысаналы даму трансферттері түрінде;
      7) ХҚҰ-ны тарту арқылы МЖӘ, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға арналған бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
      6. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 614 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім шеңберінде іске асырылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы Техникалық ынтымақтастық бағдарламасын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде іске асырылатын Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 605 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы қол қойылған меморандум шеңберінде іске асырылатын Азия Даму Банкімен бірігіп тәжірибе мен білім алмасу бағдарламасын қамтиды.
      7. Әзірленуін, сүйемелденуін және іске асырылуын бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен қаржыландыру және/немесе қоса қаржыландыру жоспарланған барлық жобалардың іске асыру орындылығын айқындау үшін олар Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына шығаруға жатады.
      8. Жоба бойынша ХҚҰ-дан мандат-хаттың және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 84-ө өкіміне сәйкес құрылған Жұмыс тобының оң қорытындысының болуы жобаны Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына шығаруға негіз болып табылады.
      9. ХҚҰ толығымен немесе ішінара қаржыландыратын мемлекеттік, оның ішінде өңірлік және/немесе қалалық және/немесе жеке секторлардың ұйымдары үшін тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және/немесе қызметтер көрсетуге арналған кез келген шарттар бойынша сатып алулар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше қағидалар белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану және бөлу тәртібі

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражатын бөлу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (бұдан әрі – ББӘ) бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бюджеттік заңнамаға сәйкес бюджеттік өтінім жібереді.
      11. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағидалардың
5-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражаты есебінен іске асыру жоспарланатын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оны кейіннен Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      12. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражаты ББӘ арасында тиісті қаржы жылына бөлу РБК мақұлдаған жобалар тізбесі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
      13. Үкіметтік сыртқы қарыз алынған жағдайда, Қазақстан Республикасы ХҚҰ-мен қарыз туралы келісім жасасады.
      Грант тартылған жағдайда, техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім жасалады.
      Квазимемлекеттік сектор субъектілері қарыз тартқан жағдайда, үшжақты келісімдер жасалады.
      Үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын іске асыру үшін қажетті келісімдердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түрлерін жасасуға жол беріледі.
      14. Үшжақты келісімге және/немесе келісімдердің заңнамада көзделген өзге де түрлеріне қол қойылғаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 5 (бес) күн мерзімде қол қойылған келісімнің көшірмесін бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.
      15. Ақша қаражатын алғаннан кейін ББӘ БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындауды және сүйемелдеуді немесе әзірлеуді, техникалық көмек іс-шараларын іске асыруды және ХҚҰ-ны МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға тартуды қамтамасыз етеді.
      16. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, ББӘ бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісті бюджетті соңғы нақтылағанға дейін қайтаруды қамтамасыз етеді.
      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізумен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаны қайта қалпына келтіру арқылы пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару жүзеге асырылады.

3. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      17. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін ХҚҰ-дан мандат-хаттың болуы міндетті болып табылады.
      ХҚҰ-дан мандат-хат пен мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының болуы БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру шығыстарын жоспарлау үшін негіз болып табылады.
      18. БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға ББӘ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бюджеттік өтінімдер береді.
      19. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының, ББӘ қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімінің және техникалық тапсырманың негізінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған жобалардың тізбесін қалыптастырады және оларды осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына шығарады.
      20. БИЖ ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан астам болуы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

4. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған қаражатты пайдалану тәртібі

      21. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде жоспарланған үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау және сүйемелдеу – бұл техникалық-экономикалық зерттеуді әзірлеу; ХҚҰ айқындайтын тәртіппен тендерлік рәсімдер жүргізу бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар.
      22. Ынтымақтастық бағдарламалары есебінен іске асыру жоспарланатын үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыру үшін ХҚҰ-ның мандат-хаты, мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсыныстарына оң экономикалық қорытынды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бағдарламалық құжатқа экономикалық қорытындысы негіз болып табылады.
      23. ХҚҰ мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде дайындалуы мен сүйемелденуі қаржыландырылатын үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын Үйлестіру кеңесі мақұлдайды және олар ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.
      24. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражатын бөлу үшін бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі дайындалуы мен сүйемелденуі Үйлестіру кеңесінде мақұлданған ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде қолданған қаржыландырылатын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оларды осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына жібереді.
      25. Жоба бойынша көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      26. ББӘ ХҚҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен ХҚҰ-ның банктік шотына аудару жолымен ақша қаражатын ХҚҰ-ға ұсынады.
      Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне банктік шотқа аударылатын барлық қаражат аударымдары ХҚҰ-ның төлем тапсырмасын ұсынуы бойынша жүргізіледі.
      ХҚҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімінің ережелеріне сәйкес ХҚҰ шоттың басқарушысы және оған билік етуші болады.

5. БИЖ, бағдарламалық жобаларды және техникалық көмек көрсету іс-шараларын іске асыруға арналған бағыттар бойынша қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      27. Үкіметтік қарыз жобаларын және техникалық көмек көрсету іс-шараларын (бұдан әрі – техникалық көмек көрсету іс-шараларын) республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      28. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ББӘ үкіметтік қарыз жобаларын және техникалық көмек көрсету іс-шараларын қоса қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімдерін бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады.
      29. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінетін бюджеттік бағдарлама шеңберінде қоса қаржыландыруға жататын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оны осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына жібереді.

6. Үшжақты келісімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      30. Үшжақты келісімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар) қоса қаржыландыру үшжақты келісімге қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      31. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларда белгіленген тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді және тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      32. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға сәйкес бюджеттік инвестициялар бөлінісінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларын қарайды және экономикалық қорытынды дайындайды.
      33. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі:
      1) объектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесі бар бюджеттік өтінімді және олар бойынша шығыстар сомасын;
      2) жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды;
      3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерін;
      4) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындыларды;
      5) тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысын;
      6) ТЭН және ТЭН-ге кешенді ведомстволықтан тыс сараптаманың қорытындысын (бар болған жағдайда);
      7) жобалау-сметалық құжаттама және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстволықтан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын (бар болған жағдайда) тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.
      34. Тиісті ББӘ осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.
      35. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына шығарады.

7. ХҚҰ тарту арқылы МЖӘ, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға арналған қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі

      36. ХҚҰ тарту арқылы МЖӘ, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау Қазақстан Республикасының Үкіметі әріптестік туралы негіздемелік келісімдер жасасқан ХҚҰ (оның ішінде олар тартқан консультанттар) олардың рәсімдеріне сәйкес көрсететін қызметтерді білдіреді.
      МЖӘ, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтер концессиялық ұсыныстарды немесе жобаның тұжырымдамаларын, конкурстық құжаттамаларды, МЖӘ шарттарының жобаларын немесе концессия шарттарының жобаларын не олардың жекелеген бөліктерін әзірлеуді, тиісті конкурстық өтінімде ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, конкурсқа қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтиды.
      37. ХҚҰ-дан мандат-хат пен мемлекеттік инвестициялық жобаның (концессиялық жобаны әзірлеу кезінде) инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытынды МЖӘ жобаларын, соның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру үшін негіз болып табылады.
      Егер «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін БИЖ инвестициялық ұсынысына, БИЖ-дің ТЭН-іне, Инвестициялардың ҚЭН-іне, концессиялық жобалардың концессиялық ұсынысына экономикалық сараптама қорытындысы, сараптама қорытындысы немесе экономикалық қорытынды берілген болса, сондай-ақ МИЖ тиісті бюджетте көзделсе (қаржыландыру түрі мен әдісі айқындалған болса), онда ББӘ-ге МИЖ-дің инвестициялық ұсынысын әзірлеу талап етілмейді.
      38. ХҚҰ-ның МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды жүзеге асыруы кезіндегі міндетті шарты, МЖӘ жобаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындаған концессиялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны тарту болып табылады.
      39. Республикалық МЖӘ жобаларды, оның ішінде концессиялық жобалары дайындауды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын ББӘ арасында бөлу есебінен жүзеге асырылады.
      40. Жергілікті МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүргізіледі.
      41. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау үш кезеңде жүзеге асырылады:
      1) МЖӘ жобасының тұжырымдамаларын немесе концессиялық ұсыныстарын әзірлеу және іріктеу;
      2) МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың қажетті сараптамаларын жүргізу;
      3) жекешелік әріптестікті немесе концессионерді таңдау бойынша конкурстық рәсімдер және МЖӘ шартын немесе концессия шартын жасасу.
      42. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті МЖӘ жобалары, оның ішінде дайындауды қажет ететін концессиялық жобалар бойынша ұсыныстар әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      43. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті МЖӘ жобалары, оның ішінде дайындауды қажет ететін концессиялық жобалар бойынша ұсыныстарды қарайды және тиісті орталық мемлекеттік органға жібереді.
      44. ББӘ жергілікті МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.
      45. Республикалық МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша ББӘ МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.
      46. Жергілікті және республикалық МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінім қосымшаға сәйкес жасалады және мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
      1) МЖӘ жобасының немесе концессиялық жобаның атауы;
      2) бюджет қаражатын алушы туралы ақпарат;
      3) көрсетілетін қызмет түрлері және олардың құны;
      4) мемлекеттік инвестициялық жобаның (концессиялық жобаны дайындау кезінде) инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындының нөмірі мен күні.
      МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаны қоса қаржыландыру болған жағдайда, ХҚҰ тарапынан қоса қаржыландырудың көлемін және қоса қаржыландыруға жататын қызмет түрлерін көрсету қажет.
      Бюджеттік өтінімге:
      1) мынадай негізгі мәліметтер:
      көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;
      қызметтер көрсетудің мерзімдері;
      қызметтер көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторларын) көрсетілуге тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы;
      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі қоса беріледі.
      Көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ беретін бағаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      47. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен оны РБК қарауына шығарады.

8. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
есептілік беру тәртібі

      48. ББӘ бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы есепті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.
      Есепке орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның бірінші басшысының орынбасары қол қояды.
      Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есеп:
      1) бекітілген жоспарға/кестеге сәйкес іс-шаралардың нақты орындалғаны туралы (нәтижелерге қол жеткізілу сатылары);
      2) нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептері туралы;
      3) қаржыландыру көздерінің бөлінісінде бекітілген жоспарға/кестеге сәйкес бөлінген қаражаттың есепті кезең ішінде игерілуі туралы;
      4) қаржыландыру көздерінің бөлінісінде жоба іске асырыла бастағаннан бері бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;
      5) жоба бойынша қаражатты игеру жоспарынан/кестесінен қалыс қалған жағдайда, олардың себептері, сондай-ақ ұсынылатын шешу жолдары көрсетіледі.

Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер
шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен
бірлесіп жүзеге асырылатын      
Қазақстан Республикасының      
орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу
жөніндегі жобаларды іске асыруға  
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
берілетін нысаналы трансферт     
қаражатын пайдалану қағидаларына қосымша

МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімге нысан

      1. МЖӘ жобасының немесе концессиялық жобаның атауы.
      2. Бюджет қаражатын алушы.
      3. Көрсетілетін қызметтердің түрлері мен олардың құны.
    4. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындының (концессиялық жобаны әзірлеу кезінде) нөмірі мен күні.
      5. ХҚҰ тарапынан жобаны қоса қаржыландырудың болуы:
      1) құны;
      2) қаржыландыруға жататын көрсетілетін қызметтердің түрлері.
      6. Мемлекеттік органдағы байланысқа шығатын адамдар.