"Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан беріл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 776 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2016 жылға арналған нысаналы трансферт қаражатын бөлуде:
      "2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

1.
 

Өскемен қаласындағы қоршаған ортаны қалпына келтіру.
Өскемен қаласында су ресурстарын қорғау және өнеркәсiп ластаған жерасты суларын қалпына келтiру
 

205519
 

АШМ
 

ДБ
 

      ";
      "3. Бағдарламалық жобаларды іске асыруға" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

1.
 

Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын
ынталандыру
 

41260
 

ДСӘДМ
 

ДБ
 

      ";
      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

3.
 

Өнімді инновацияларды ынталандыру
 

152606
 

БҒМ
 

ДБ
 

      ";
      "4. Техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
      "
 

4.
 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қарағанды қаласындағы "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан 300 төсектік көпбейінді клиникалық аурухана салу және оны пайдалануға беру
 

54000
 

ДСӘДМ
 

АДБ
 

      ";
      "5. Үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған нысаналы даму трансферттері" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "
 

Қостанай облысы
 

240000
 



8.
 

Қостанай қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту
 

240000
 

ҰЭМ
 

ЕҚДБ
 

      ";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-бөліммен толықтырылсын:
      "
 

7. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге
 

1.
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге
 

2025367
 

ҰЭМ
 

ЕҚДБ
 

      ";
      мына:
      "
 

Жиыны
 

10121048
 


       "
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

Жиыны
 

12332643
 


       ".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев