Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2023 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Абай облысы.";
көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"7. Абай облысы.
8. Ұлытау облысы".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |