Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.07.2023 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеу бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Қ. Бишімбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 320 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокердиттеу бойынша
субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгі шарт
Астана қ. "____" ________ 2016 ж.
Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеу бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" деп немесе төменде көрсетілгендей аталатын
1) "Ұлттық экономика министрлігі" мемлекеттік мекемесі атынан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________ негізінде әрекет
ететін ____________________________________________________ және
2) "Қаржы агенттігі":
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан
___________________________ негізінде әрекет ететін _________________
_____________________________________________________________________
арасында:
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 95-бабына;
"2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң);
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының 56, 78 және 79-тармақтарына;
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 4-тармағына және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларының 3-тармағына сәйкес жасалды.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер қолданылады:
1) борышкер – жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе микроқаржы ұйымы;
2) тапсырыс беруші – "Ұлттық экономика министрлігі" мемлекеттік мекемесі;
3) орындаушы – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
4) уәкілетті орган – "Ұлттық экономика министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
2. Шарттың мәні
2. Орындаушы Бағдарламада айқындалған тәртіпте және шарттарда микроқаржы ұйымдары берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға/Бағдарламаның "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде екінші деңгейдегі банктер берген микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне ішінара кепілдік беруге арналған қаражатты аударуға міндеттенеді.
3. Тапсырыс беруші ____ жылы _________________________ теңге мөлшерінде қаражат аударады, оның ішінде
1) _________________________ теңге 087 "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы, 106 "Моноқалаларды, шағын қалалармен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыру қолжетімділігін арттыру" кіші бағдарламасына сәйкес, 311 "Жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарына берілетін субсидиялар" ерекшелігі бойынша микроқаржы ұйымдары берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін;
2) _________________________ теңге 087 "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы, 106 "Моноқалаларды, шағын қалалармен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыру қолжетімділігін арттыру" кіші бағдарламасына сәйкес, 169 "Өзге де ағымдағы шығындар" ерекшелігі бойынша екінші деңгейдегі банктер берген микроқаржы ұйымдарының ең кемі бір кредитіне ішінара кепілдік беру үшін.
4. Төменде атап көрсетілген құжаттар және оларда айтылған талаптар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы уәкілетті органға есеп (бұдан әрі – субсидиялау туралы есеп);
3) осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішінара кепілдік беру туралы есеп (бұдан әрі – кепілдік беру туралы есеп);
4) осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын/ішінара кепілдік берілетін жобаның мониторингі туралы есеп (бұдан әрі – мониторинг туралы есеп).
3. Субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге арналған
қаражатты аудару тәртібі
5. Тапсырыс беруші Шарт жасалғаннан кейін 10 (он) жұмыс күн ішінде Орындаушыға:
1) ____ жылы Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша микроқаржы ұйымдары берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін _________________________ теңге;
2) ____ жылы Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктер берген микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне ішінара кепілдік беру 50% тең болатын соманы үшін ____________________теңгені аударады. Қаражаттың қалған бөлігін Тапсырыс беруші Орындаушыға аударылған қаражаттың бірінші бөлігі толық игерілгеннен кейін, Кепілдік шарттарының жасалу шамасына қарай, мынадай жолмен Орындаушыға аударады:
Кепілдік шарты жасалғаннан кейін Орындаушы Тапсырыс берушіге тиісті хабарлама жібереді;
Тапсырыс беруші Орындаушыдан Кепілдік шартын жасасу туралы хат алғаннан кейін, ішінара кепілдік сомасынан 20% мөлшеріндегі қаражатты Орындаушының ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.
6. Осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген қаражат есебінен Орындаушы Бағдарламада, Субсидиялау және кепілдік беру шарттарында айқындалған тәртіпті және шарттарды сақтай отырып, Өңірлік үйлестіру кеңесі/Орындаушының уәкілетті органы мақұлдаған Борышкерлерге субсидия беруді және ішінара кепілдік беруді жүзеге асырады.
7. Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-іне дейінгі мерзімде осы Шарттың шеңберінде аударылған қаражат және субсидиялау көлемдері бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.
8. Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде осы Шарттың шеңберінде аударылған қаражат және ішінара кепілдік көлемдері бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушыға осы Шарттың талаптарына сәйкес микроқаржы ұйымдары берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге/екінші деңгейдегі банктер берген микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне ішінара кепілдік беруге арналған қаражатты аударуға міндеттенеді.
10. Тапсырыс беруші:
1) Тараптар үшін көзделген Шартпен белгіленген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
2) субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге арналған қаражатты аудару бойынша кемшіліктерді ақысыз жоюды талап етуге;
3) Осы Шартта айтылған жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
11. Орындаушы:
1) субсидиялар сомасын банк-төлем агентінде ашылған микроқаржы ұйымының арнайы ағымдағы шотына ай сайын аванстық төлемдермен Субсидиялау шартына төлемдер кестесін есепке ала отырып, аударуға;
2) әрбір Кепілдік шартына қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберуге;
3) Бағдарламада көзделген мониторингті жүргізуге;
4) Тапсырыс берушіні субсидиялауға және кепілдік беруге арналған қаражатты аударуда туындаған қажеттіліктер туралы хабардар етуге;
5) Тапсырыс берушіні осы Шарттың талаптарының орындалуына әсер ете алатын барлық жағдайлар туралы дер кезінде хабардар етуге;
6) Тапсырыс берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынуға;
7) Тапсырыс берушіге Субсидиялау туралы есепті ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін жіберуге;
8) уәкілетті органға ішінара кепілдік беру туралы есепті ай сайын есепті айдан кейін айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін беруге;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары мен Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларында белгіленген мерзімде мониторингтер бойынша есептер беруге міндеттенеді.
12. Орындаушы:
1) Бағдарламада, Субсидиялау және кепілдік беру шарттарында көзделген жағдайларда субсидияларды төлеуді тоқтата тұруға/кепілдікті жоюға;
2) Тапсырыс берушінің тарапынан негізсіз шығындарды болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.
5. Сәйкестікке тексеру
13. Тапсырыс беруші Орындаушының пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға арналған қаражатты аударуын тексеруге құқылы. Осы тексеруге кеткен барлық шығыстарды Орындаушы көтереді. Тапсырыс беруші тексеру үшін уәкілетті өзінің өкілдері туралы Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
6. Құқықтарды беру
14. Орындаушы Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін басқа біреуге толығымен де, ішінара да бермеуге тиіс.
7. Тараптардың жауапкершілігі
15. Орындаушы субсидиялар уақылы аударылмаған, сонымен қатар субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы есеп уақтылы ұсынылмаған жағдайда Тапсырыс берушіге, мерзімі өткізілген әрбір күн үшін, осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген сомадан 0,01 % мөлшерінде өсімпұл төлейді.
16. Міндеттемелерді тиісінше орындамаған немесе орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды осы Шартты орындаудан босатпайды.
17. Тапсырыс беруші Орындаушыға субсидияларды аудармаған жағдайда Орындаушы банкке Субсидияларды уақтылы аудармағаны үшін жауапкершілікте болмайды.
8. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
18. Еңсерілмейтін күш жағдайлары – кез келген Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын жағдайлар (су тасқындарын, жер сілкіністерін, жарылыстарды, дауылдарды, індеттерді, эпизоотияларды, стихиялық өрттерді, ереуілдерді, соғысты, көтерілістерді, мемлекеттік органдардың ресми актілерін қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмейді). Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.
19. Егер Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе тиісінше орындамаса, жауапкершіліктен босатылады.
20. Еңсерілмейтін күш жағдайлары орын алған кезде, Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын Тарап екінші Тарапқа дереу осындай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
9. Шартты бұзу
21. Егер Орындаушы:
осы Шартпен және/немесе Субсидиялау шартымен көзделген талаптарға сәйкес банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға арналған қаражатты аудармаса, залалсыз, Шарт талаптарының бұзылуына қандай да бір басқа санкцияларсыз Тапсырыс беруші Орындаушыға міндеттемелердің орындалмағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты бұза алады.
22. Тапсырыс беруші:
егер Орындаушы банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, тиісті жазбаша хабарламаны жіберу арқылы кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда, Шарт дереу бұзылады және егер Шарттың бұзылуы залал келтірмесе немесе іс-әрекеттердің жасалуына немесе кейіннен Тапсырыс берушіге ұсынылуы мүмкін немесе ұсынылатын санкцияларды қолдануға арналған қандай да бір құқықтарды қозғамайтын болса, Тапсырыс беруші Орындаушыға қатысты ешқандай қаржылық жауапкершілік көтермейді.
оның одан әрі орындалуы мақсатқа сай келмеген жағдайда, Орындаушыға тиісті жазбаша хабарламаны жіберу арқылы кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шарттың бұзылу себептері көрсетілуі, күші жойылған шарттың міндеттемелердің көлемі, сонымен қатар Шарттың бұзылуы күшіне енген күн көрсетілуі тиіс.
23. Осы Шарттың бұзылуы Тараптар арасында өзара есеп айырысулар жүргізілгеннен кейін ғана мүмкін болады.
10. Хабарлама
24. Егер Шарттың орындалуы кезеңінде Орындаушы кез келген сәтте субсидиялауға арналған қаражатты дер кезінде аударуға кедергі келтіретін жағдайларға кездесетін болса, Орындаушы дереу Тапсырыс берушіге кідіру фактісі туралы, оның болжамды ұзақтығы және себебі (себептері) туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
25. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама хат, жеделхат, немесе хабарлама түпнұсқасын кейін жіберетін факс түрінде жіберілуі мүмкін.
26. Шартты бұзу туралы хабарлама оны адресат алған сәттен бастап күшіне енеді.
11. Дауларды шешу
27. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер арқылы шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
12. Шарттың талаптарын өзгерту
28. Шарттың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.
13. Қорытынды ережелер
29. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда, Шарт бойынша және Шартты орындау жөніндегі барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
30. Осы Шарт Тараптардың осы Шарттың мәніне байланысты толық өзара түсіністігі болып табылады және олардың арасында Шарттың мәніне қатысты болған барлық бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтарды алмастырады.
31. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.
32. Осы Шарт барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
33. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары.
Тапсырыс беруші: "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы _________________ қаласы _________________ көшесі тел. ________________ БСН _________________ БСК _________________ ЖСК _________________ БЕК _________________ ________________ М.О. | Орындаушы: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы _________________ қаласы _________________ көшесі тел. _________________ БСН _________________ БСК _________________ ЖСК _________________ БЕК _________________ _____________ М.О. |
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеу бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шартқа 1-қосымша |
____________ бастап _____________ қоса алғандағы кезеңнің
субсидиялау туралы уәкілетті органға есебі
Микроқаржы ұйымының (бұдан әрі – МҚҰ) атауы | Жеке кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі – ЖКС) жүгінген орны | ЖКС атауы | Микрокредит беру шартының (бұдан әрі – МКШ) (транштың нөмірі | МКШ (транштың) күні | Кредит (транш) сомасы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Микрокредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы | Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
Лауазымды тұлға _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолтаңба, мөр)
Жауапты жұмыскер ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолтаңба)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеу бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шартқа 2-қосымша |
Ішінара кепілдік беру туралы есеп
(қаржы агенттігі Бағдарлама бағыты бөлінісінде уәкілетті органға
ұсынады)
№ р/н | Облыстың атауы | Банктік қарыз шарты бойынша кредит сомасы | Іс жүзінде берілген қаражат сомасы | Негізгі борыш бойынша берешек қалдығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қаржы агенттігінің кепілдік сомасы | Кепілдік сомасының қалдығы | Кепілдіктер бойынша қаржы агенттігі орындаған міндеттемелер сомасы | |
6 | 7 | 8 |
Лауазымды тұлға _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолтаңба, мөр)
Жауапты жұмыскер ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолтаңба)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеу бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шартқа 3-қосымша |
Субсидияланатын/ішінара кепілдік берілетін жобаның мониторингі
туралы есеп
(Кәсіпкердің / Лизинг алушының атауы) ____________ қ.
екінші деңгейдегі банкі (бұдан әрі – ЕДБ)/лизингтік компания (бұдан
әрі – ЛК)
201_ ж. " ___"_________
1. Жобаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы талаптарына (бұдан әрі – Бағдарлама)/Шартты түрде орналастыру бағдарламасы (бұдан әрі – ШОБ)/Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешіміне (бұдан әрі – ӨҮК) сәйкестігі туралы ақпарат
1 | Бағдарламаның/бағыттың атауы | ||
2 | ӨҮК шешіміне сәйкес жобаның атауы | ||
3 | Заңды мекен-жайы | ||
4 | Жоба іске асырылатын орын | ||
5 | ЖСН/БСН | ||
6 | ӨҮК/Жұмыс тобының шешімі (ӨҮК/ЖТ хаттамасының № және күні) | ||
7 | ӨҮК шешімімен мақұлданған жобаның жалпы сомасы, валюта | ||
8 | Іске асырылатын жобаның Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-нқ бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономика секторының бес таңбалы коды | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
9 | Айналым қаражатын толықтыруға арналған лимит үлесі, сомасы, % | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
10 | Жобаға меншікті қаражатымен қатысу, қатысу % (қатысуды сипаттаумен) | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
11 | Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ)/Қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) (№, күні, сомасы) | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
12 | Субсидиялау шарты (бұдан әрі – СШ) (№, күні, сомасы) | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
13 | Кредиттің нысаналы мақсаты (БҚШ/ҚЛШ/СШ сәйкес) | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
14 | Сыйақының номиналды мөлшерлемесі, % | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
15 | Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі, % | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
16 | БҚШ/ҚЛШ бойынша комиссияны төлеу, (болуы/болмауы, сомасы) | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
17 | Қарыз алушының жобасы бойынша ЕДБ/"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚДБ)/ЛК тарапынан комиссияны қайтару (болуы/жоқтығы, сомасы) 31.03.2015 ж. бастап бекітілген жобалар бойынша ЕДБ/ҚДБ/ЛК Қарыз алушыға бұрын алынған комиссияларды ағымдағы қаржы жылында өтейді. | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
18 | Мерзімінен кешіктірудің болуы (мерзімінен кешіктіру басталған күн) | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
19 | Шоттарға тыйым салудың болуы/болмауы | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
20 | Бағдарламаның 3-бағытының жобалары бойынша ақшалай түсімнің жалпы көлеміндегі валюталық ақшалай түсімнің үлесін есептеу (валюталық ақшалай түсім/ақшалай түсімнің жалпы көлемі, %) | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
21 | 750 млн. теңгеден жоғары сомалар бойынша жұмыс орындарының саны туралы ақпарат. Талапты тексеру: жобаны іске асыру кезінде ӨҮК бекіткен сәттен жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарына қатысты кемінде 10% жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылуы тиіс. | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
22 | Құндық және заттай мәнінде Сауықтыру жоспарының негізгі көрсеткіштері | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
жоспарлы мәні | |||
іс жүзіндегі мәні | |||
23 | Кепілдік шарты (№, күні, кепілдік сомасы) | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
24 | Кепілдік мерзімі, ай | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
25 | Кепілдік сомасы | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
26 | Қордың Уәкілетті органының шешіміне / Кепілдік шартына сәйкес жобаға кепілдік беру шарттарының тізбесі. | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
27 | Кепілдік беру жобалары бойынша тіркелген кепілдікті қамтамасыз ету тізбесі, үшінші тұлғалардың ауыртпалықтарының болуы | (сәйкес келеді /сәйкес келмейді) | |
28 | Бағдарламаның атауы, егер субсидиялау/кепілдік беру жөніндегі жоба қаражатты шартты түрде орналастыру бағдарламасының есебінен қаржыландырылған жағдайда, кредиттеу шарттарына/параметрлеріне сәйкестігін көрсету қажет. | Бағдарламаның атауы | |
(сәйкес келеді /сәйкес келмейді) |
Бұл кестеде барлық тармақтар толтырылады, тармақты тексеру қажет болмаған жағдайда, жоба бойынша осы критерийдің болмауына байланысты тексеру талап етілмейтінін көрсету қажет.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жоба жөніндегі түйіндемеге Қарыз алушы/Банк жіберген бұзушылықтарды егжей-тегжейлі сипаттау қажет.
2. Тексеру кезеңінде Қарыз алушы алған транштар (кредиттер) бойынша қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеру. Бұл кесте әрбір транш бойынша жеке толтырылады.
БҚШ/ҚЛШ (№, күні) | |
СШ (№, күні) | |
Таратып жазумен БҚШ/ҚЛШ/СШ бойынша кредиттің нысаналы мақсаты* | |
БҚШ/ҚЛШ бойынша сома | |
Жұмсалған қаражаттың іс жүзіндегі сомасы | |
Мақсатты пайдалануды растау үшін ұсынылған құжаттар** |
*Мақсатты таратып жазуда кредит қаражаттарының түпкілікті пайдаланылуын атап көрсету қажет:
инвестициялар кезінде (мысалы, ұн өндірісіне арналған жабдықтарды, жүк тасымалдарын жүзеге асыруға арналған автокөліктерді, кәмпит өндіретін цех ұйымына арналған тұрғын емес үй-жайларды сатып алу, кірпіш өндіретін цех салу, терезелер өндірісі бойынша негізгі құралдарды жөндеу/реконструкциялау және т.б.);
айналым қаражатын толықтыру кезінде (мысалы, кірпіш өндірісіне арналған шикізатты/материалдарды сатып алу, көлік шығыстары, еңбек ақы төлеу қоры, салықтар және т.б.);
қайта қаржыландыру кезінде таратып жазумен бастапқы қарыздың нысаналы мақсатын көрсету қажет.
**Бұл бөлімде қарыздың мақсатты қолданылуын растайтын барлық құжаттар көрсетіледі (келісімшарттар, төлем құжаттары, е/ш үзінді көшірмелер, фискалды чек және т.б.). Құжаттардың көлемі көп болған жағдайда, құжаттарды ірілендіруге рұқсат етіледі (мысалы, 2014 мамыр – 2014 қараша аралығындағы төлем ордерлері). Қарыздың мақсатты қолданылуын растайтын барлық құжаттар Филиалда сақталатын жобаның мониторингі бойынша құжаттамаға тігілуі тиіс.
1. Түйіндеме (барлық тармақтар толтырылады)
1) Қаржыландырылған жобаның іске асырылу барысы, ауытқулардың болуы туралы қорытынды, жобаның іске асырылуын қөрнекі түрде растау;
2) Жобаның Бағдарламаға, ШОБ-қа, ӨҮК, Қордың Уәкілетті органының шешіміне сәйкестігі туралы қорытынды;
3) Анықталған бұзушылықтар бойынша қорытынды (бұзушылықтардың/бұзушылықтың болмауының сипаттамасы);
4) Мерзімдері бар бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныстар, Банкке/Қарыз алушыға қолданылатын шаралар жөніндегі ұсыныстар.
Қосымшалар:
1) Компания қызметін және кредиттің мақсатты пайдаланылуын растайтын фотоматериалдар.
(өңірдің атауы) бойынша өңірлік филиал маманы
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
(өңірдің атауы) бойынша өңірлік филиал директоры
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
(Банктің атауы) өкілі
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
(жұмыс телефоны, электронды мекен-жайы (орындаушының байланыстары)
Қарыз алушы (компанияның атауы)
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)