Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу өлшемшарттарын және қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 535 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығын қараңыз.


      «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары;
      2) Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 535 қаулысымен   
бекітілген     

Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары

      Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу үшін олар мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
      1. Қалыптасқан аумақтық кластердің даму деңгейі:
      1) өңір үшін басым салалардағы өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдар тобының (үлестес емес кемінде 10 заңды тұлға) болуы;
      2) технологиялық тізбекті ұзартуға бағытталған, пысықталған жобалардың болуы;
      3) аумақтық кластерді дамытуға бизнес инвестицияларының болуы.
      2. Өңірде аумақтық кластерді одан әрі дамытуға арналған жағдайлардың болуы:
      1) қажетті шикізат және табиғи ресурстар;
      2) адами ресурстардың қолжетімділігі;
      3) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі көрсетілетін қызметтерді құруға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);
      4) энергетика инфрақұрылымының дамуы;
      5) көлік инфрақұрылымының дамуы;
      6) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның дамуы;
      7) білім беру инфрақұрылымының дамуы;
      8) қаржы ресурстары.
      3. Аумақтық кластерді дамытудың өзі орналасқан өңір және өзі жататын сала үшін:
      1) аумақтық кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспорты көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін;
      2) тұтас алғанда, кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспортының көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін маңызы (алдыңғы 5 жылдағы серпіннің дамуы негізінде).
      4. Кластерді дамытудың перспективалылығы:
      1) нарықтық перспективалар;
      2) аумақтық кластерді дамытудың:
      негізгі қызмет түрі бойынша өндіріс көлемінің артуы;
      негізгі қызмет түрі бойынша және ілеспелі өндірістерде жұмыспен қамтылғандар санының өсуі түріндегі экономикалық тиімділігі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 535 қаулысымен    
бекітілген       

Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді әрі аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аумақтық кластер – түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді, жиынтықтаушыларды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымды жеткізушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа ұйымдарды қамтитын өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырланған тобы;
      2) Аумақтық кластерді дамытудың жол картасы – бұл Аумақтық кластерді дамыту стратегиясының алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      3) Аумақтық кластерді дамыту стратегиясы – аумақтық кластерді дамытудың ұзақ мерзімді сапалы белгілі бір бағытын көрсететін, қызметінің саласына, құралдары мен нысандарына, аумақтық кластер ішіндегі өзара қатынастар жүйесіне қатысты құжат;
      4) Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдама – аумақтық кластерді дамыту пайымын, қызметтің тиісті бағыттылығының негіздемесін көрсететін және оны іске асыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен тәсілдерді қамтитын құжат;
      5) аумақтық кластерлерді іріктеу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;
      6) кластерлік қауымдастық – аумақтық кластердің барлық қатысушыларының мүдделерін білдіретін заңды тұлғалар бірлестігі;
      7) конкурстың бірінші кезеңіне қатысушылар – өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес-қауымдастықтар;
      8) конкурстың екінші кезеңіне қатысушылар – конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары, аумақтық кластердің барлық қатысушыларының мүдделерін білдіретін кластерлік қауымдастықтар;
      9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган;
      10) сарапшылық кеңес – құрамына индустриялық даму саласындағы тәуелсіз сарапшылар кіретін, ұлттық институт құратын консультативтік-кеңесші орган;
      11) уәкілетті орган – кластердің мамандануына сәйкес келетін салада салалық мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      12) ұлттық институт – индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институт.

2. Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу тәртібі

1. Конкурс жариялау және құжаттарды қабылдау

      3. Конкурс өткізу туралы шешімді конкурсты ұйымдастырушы қабылдайды.
      4. Конкурсты ұйымдастырушы ресми баспасөз басылымдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.
      5. Конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыру конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді (құжаттаманы) қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын жарияланады.
      6. Бірінші кезеңде ұсынылатын конкурстық өтінім:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған құрылымға сәйкес Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдаманы;
      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорытындысын қамтиды.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорытындылары өтінім қорытынды беруге тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде беріледі.
      7. Екінші кезеңде ұсынылатын конкурстық өтінім:
      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
      2) осы Қағидаларға 5-қосымшада баяндалған құрылымға сәйкес Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын;
      3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Аумақтық кластерді дамытудың жол картасын;
      4) уәкілетті органның Аумақтық кластерді дамыту стратегиясы және жол картасы бойынша қорытындысын;
      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органдарының қорытындысын (конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған конкурсқа қатысушылар ұсынады) қамтиды.
      8. Аумақтық кластерлерді дамыту стратегиялары, жол карталары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органдарының қорытындылары болған жағдайда, конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған кластерлік қауымдастықтардың екінші кезеңге қатысуына рұқсат етіледі.
      9. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта екі данада – саны бір данадағы түпнұсқасы мен саны бір данадағы көшірмесі және электрондық тасығышта ұсынылады.
      10. Конкурсқа қатысушы тіркелген конкурстық өтінімге өзгерістер енгізе алады немесе оны конкурстық өтінімдер беру үшін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін негізделген себептерді баяндай отырып, конкурсты ұйымдастырушыны жазбаша хабардар ету арқылы кері қайтарып ала алады.
      11. Конкурсқа қатысуға өтінім бір немесе бірнеше папкаға (томдарға) топтастырылып, нөмірленуге тиіс. Өтініш пен тиісті құжаттар орналасқан парақтарды көрсете отырып, өтінім құрамына кіретін құжаттар тізбесі бірінші тігіледі. Өтінім құрамында бірнеше папка (том) ұсынылған жағдайда, папкалардың (томдардың) нөмірлері және тиісінше әрбір папкадағы (томдағы) парақтар саны көрсетіледі.
      12. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімде берілетін ақпараттың толықтығы және анықтығы үшін жауаптылықта болады.
      13. Конкурстық өтінімді қабылдауға арналған мерзім өткен соң ұсынылған конкурстық өтінімдер қабылданбайды және қаралмайды.

2. Конкурстық іріктеу жүргізу

      14. Конкурс екі кезеңде жүргізіледі.
      15. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурсты ұйымдастырушы берілген өтінімдерді осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Осы жұмыстың нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда өтінімдері одан әрі қаралуға жататын конкурсқа қатысушылардың тізімі көрсетіледі.
      16. Егер конкурстық өтінімдер осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сай келмесе, сондай-ақ конкурсқа қатысушы ұсынған өтінім құрамындағы құжаттарда қамтыған мәліметтердің дәйектелмегені белгіленген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы бірінші кезеңге қатысушыны жазбаша хабардар ете отырып, өтінімдерді қайтарады.
      17. Бірінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді сала дамуының басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру үшін уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының (бұдан әрі – Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру үшін өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органға жібереді.
      Уәкілетті органның сала дамуының басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан, өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасына сәйкестігіне қорытындылары қорытынды беруге арналған өтінім тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
      18. Ұлттық институт конкурсты ұйымдастырушы үшін уәкілетті органның сала дамуының басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан және өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасына сәйкестігі тұрғысынан қорытындыларын жинауды жүзеге асырады және қатысушылар ұсынған аумақтық кластерлерді дамыту тұжырымдамаларына сараптама жүргізу үшін сарапшылық кеңестің жұмысын қамтамасыз етеді.
      19. Сарапшылық кеңестің жұмыс тәртібін ұлттық институт бекітеді, бұл ретте сарапшылық кеңестің құрамына индустриялық даму саласында кемінде 5 (бес) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар енгізіледі.
      20. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдаманы сарапшылық кеңес осы қаулымен бекітілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары (бұдан әрі – өлшемшарттар) бойынша, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімде бағалайды.
      21. Уәкілетті органның сала дамуының басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан және өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкестігі тұрғысынан қорытындылары, сарапшылық кеңестің әрбір Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдама бойынша жиналған баллдар көрсетілген сарапшылық қорытындылары конкурсты ұйымдастырушыға беріледі.
      22. Өтінімдер материалдарын, уәкілетті органның сала дамуының басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан және өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкестігі тұрғысынан қорытындылары мен сарапшылық қорытындыларды қарау қорытындыларын конкурсты ұйымдастырушы хаттамамен ресімдейді.
      23. Конкурсты ұйымдастырушының әрбір Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдама бойынша жиналған баллдар көрсетілген өтінімдер материалдарын қарау хаттамасы қол қойылған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияға беріледі.
      24. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдама бойынша оны ұсынған конкурсқа қатысушы конкурстың екінші кезеңіне жіберілетін балдардың ең аз мәнін Комиссия айқындайды.
      25. Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша қабылданған Комиссия шешімі Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) күн ішінде хаттамамен ресімделеді.
      26. Комиссия отырысының хаттамасында аумақтық кластерлерді дамыту стратегияларын және жол карталарын дайындауға арналған мерзімдер көрсетіледі.
      27. Конкурсқа қатысушы екінші кезеңде уәкілетті органға Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын қорытынды беру үшін жібереді.
      28. Уәкілетті орган:
      1) тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын қоса бере отырып, мемлекеттік қолдау шараларының ұсынылуын талап ететін іс-шараларды келісу үшін Аумақтық кластерді дамытудың жол картасын жібереді.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары Аумақтық кластерді дамытудың жол картасын келіп түскені тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде келіседі;
      2) келіп түскені тіркелген күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын:
      Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдамаға;
      осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
      29. Уәкілетті органның Аумақтық кластерді дамыту стратегиясы және жол картасы бойынша қорытындысы осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген іс-шаралардың қорытындылары жөніндегі ақпаратты қамтиды.
      30. Конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушыға осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық өтінім жібереді.
      31. Екінші кезеңде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурсты ұйымдастырушы берілген өтінімдерді осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Бұл жұмыстың нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда өтінімдері одан әрі қаралатын конкурсқа қатысушылардың тізімі көрсетіледі.
      32. Егер конкурстық өтінімдер осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарға сай келмесе, сондай-ақ конкурсқа қатысушы ұсынған өтінім құрамындағы құжаттарда дәйексіз мәліметтер белгіленген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы оны жазбаша хабардар ете отырып, конкурстық өтінімдерді қайтарады.
      33. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған конкурсқа қатысушылардың аумақтық кластерлерді дамыту стратегияларын және жол карталарын өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органға Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі  бағдарламасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру үшін жібереді.
      34. Ұлттық институт конкурсты ұйымдастырушы үшін конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған конкурсқа қатысушылар берген өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкестігіне қорытындыларын жинауды, аумақтық кластерлерді дамыту стратегияларына және жол карталарына талдау жүргізу жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын жүзеге асырады.
      35. Конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған конкурсқа қатысушылардың өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкестігіне қорытындысы, сарапшылық кеңестің қорытындылары негізінде аумақтық кластерлерді дамыту стратегияларын және жол карталарын талдау конкурсты ұйымдастырушыға беріледі.
      36. Конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдер материалдарын, өңірлік даму саласындағы мемлекеттік органның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкестігіне қорытындыларын қарау қорытындыларын, сарапшылық кеңестің қорытындылары негізінде аумақтық кластерлерді дамыту стратегияларын және жол карталарын талдауды конкурсты ұйымдастырушы хаттамамен ресімдейді.
      37. Конкурстық өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша материалдар қоса берілген, конкурсты ұйымдастырушы отырысының хаттамасы қол қойылған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияға беріледі.
      38. Комиссия конкурстың екінші кезеңінің жеңімпаздарын айқындау бойынша шешім қабылдайды және Аумақтық кластерді дамытудың жол картасына сәйкес кластерлік бастамаларды қоса қаржыландыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын беруге ұсыным береді.
      39. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша қабылданған Комиссия шешімі конкурстың екінші кезеңінің шеңберінде Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және конкурсты ұйымдастырушыға жіберіледі.

3. Конкурс қорытындыларын шығару

      40. Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия хаттамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында конкурстың нәтижелері туралы хабарлайды.
      41. Осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес конкурсқа қатысушы екеуден аз болған жағдайда, конкурс өтпеді деп танылады.
      42. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес конкурстың қайта өткізілетіні туралы (екі айдан кешіктірмей) хабарлайды.

Аумақтық кластерлерге 
конкурстық іріктеу жүргізу
қағидаларына      
1-қосымша        

Индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау
саласындағы уәкілетті орган

Аумақтық кластерлерді бірінші конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім

      Өтінімді тіркеуді өтінемін:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                   (аумақтық кластердің атауы)
____________________________________________________________________
(аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін конкурстың                     бірінші кезеңіне қатысушының атауы)

      _______________________
      _______________________               _______________________
(өтініш берушінің атынан құжаттарға         _______________________
қол қоюға өкілеттігі бар адамның лауазымы)  _______________________
                                                    (Т.А.Ә.)
                                            _______________________
                                            _______________________
                                                     (қолы)
Қабылдады:                                 Қолы: ________, № ______,
______________________________________     қабылдау күні 20__ жылғы
  (өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә.)            «___»_______

осы өтінімнің көшірмесі өтініш берушіге беріледі

Аумақтық кластерлерге  
конкурстық іріктеу жүргізу
қағидаларына      
2-қосымша        

Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдаманың құрылымы

      Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдаманың негізгі мақсаты – аумақтық кластер дамуының ағымдағы деңгейін бағалау және бұл ретте осы дамудың стратегиялық бағыттарын жасап, оның болашақтағы даму әлеуетін көрсету.
      Қосымшаларды есепке алмағанда, көлемі А4 пішіміндегі 20-25 парақ.
      Тұжырымдаманы еркін түрде орындауға болады, бірақ оның міндетті түрде мынадай құрылымы болуға тиіс:
      1. Кластердің қысқаша сипаттамасы
      Қысқаша сипаттама (А4 пішіміндегі 1-2 парақ):
      1) Аумақтық кластердің орналасқан жері
      2) Аумақтық кластердің салалық және салааралық тиесілігі
      3) Аумақтық кластердің негізгі қатысушылары
      4) Аумақтық кластердің құрылу мерзімдері
      5) Аумақтық кластердің қаржы-экономикалық көрсеткіштері
      6) Қолданыстағы қаржыландыру көздері
      7) Конкурс шеңберінде қаржыландыру алуға негіздеме

      2. Аумақтық кластерді құру мақсаттары
      2.1. Аумақтық кластерді құру мақсаттары мен міндеттері

      3. Қалыптастырылған аумақтық кластердің даму деңгейі
      1) Кемінде алты өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын мамандандырылған компания мен ұйымнан тұратын шоғырланған топтың болуы
      2) Технологиялық тізбекті ұзартуға бағытталған жобалардың болуы (технологиялық тізбек – толық технологиялық цикл шеңберінде технологиялық тізбектің түпкілікті өнімін әзірлеу, жасау және ілгерілету жөніндегі өндірістік және өзге де қызметті жүзеге асыратын, бизнесті бірлесіп жүргізу бойынша операцияларды орындау процесіндегі ретке келтірілген заңды тұлғалардың жиынтығы)
      3) Аумақтық кластерді дамытуға арналған меншікті және/немесе қарыз инвестициялар түріндегі бизнес инвестицияларының болуы

      4. Аумақтық кластердің құрылымы мен мамандануы
      1) Аумақтық кластердің салалық және салааралық тиесілігі
      2) Аумақтық кластердің құрылымы және аумақтық кластерден тыс әріптестік байланыстар, аумақтық кластерді интернационалдандыру әлеуеті
      Салалық статистиканың ұлттық және халықаралық көздеріне сәйкес әлем немесе Еуразиялық экономикалық одақ ауқымында тиісті саланың соңғы үш жылдағы сауда, тұтыну және өндіру бойынша негізгі көрсеткіштері
      Ұлттық статистика органдарының деректері бойынша тиісті саладағы Қазақстан экспортының соңғы үш жылдағы көлемі
      Өзге талдамалық деректер – ұлттық және халықаралық ұйымдар орындаған маркетингтік және өзге де зерттеулер
      3) Аумақтық кластерге қатысушылар өнімдерінің, тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің құнын жасау тізбектері
      5. Аумақтық кластерді одан әрі дамыту үшін жағдайдың болуы
      1) Қажетті шикізат және табиғи ресурстар (су және жер ресурстары)
      2) Талап етілетін біліктілік деңгейі бар адами ресурстардың қолжетімділігі
      3) Технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі көрсетілетін қызметтерді құруға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар)
      4) Энергетикалық инфрақұрылымның дамығандығы
      5) Көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамығандығы
      6) Инновациялық инфрақұрылымның дамығандығы (технопарктер, технологиялар трансферті орталықтары)
      7) Білім беру, ғылыми және зерттеу инфрақұрылымының болуы
      8) Халықаралық байланыстардың болуы, халықаралық жеткізілімдер тізбектеріне кірістіру
      9) Қаржы ресурстары

      6. Аумақтық кластердің өңірлік, ұлттық даму стратегиясының басымдықтарына және Қазақстанның кластерлік саясатына сәйкестігі
      1) Ұлттық басымдықтар
      Аумақтық кластердің Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес басым секторлардың жиынтығына сәйкестігін бағалау
      2) Өңірлік басымдықтар
      Аумақтық кластердің өңірлік даму бағдарламаларына сәйкестігін бағалау, жергілікті атқарушы органдар беретін басымдықтарға сәйкестігі туралы қорытынды
      3) Аумақтық кластерді дамытудың маңыздылығы (өткен жылдардың серпіні негізінде)
      Жұмыспен қамтылғандардың саны, аумақтық кластер кәсіпорындарындағы өндіріс көлемі және аумақтық кластердің барлық кәсіпорындарының экспорт көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін
      Тұтас алғанда, жұмыспен қамтылғандардың саны, аумақтық кластер кәсіпорындарындағы өндіріс көлемі және аумақтық кластердің барлық кәсіпорындарының экспорт көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін

      7. Аумақтық кластердің қатысушысы болуға ниет білдірген компаниялар мен ұйымдардың сипаттамасы
      Әрбір компания/ұйым үшін толтырылады

Атауы


Мекенжайы

Көше

Қала

Пошта коды




Капиталдың елдік тиесілігі




Компанияның/ұйымның негізі қаланған күн


Негізгі клиенттері



Елдік тиесілігі (отандық/шетелдік компания/ұйым)


Жауапты қызметкер

Тегі

Аты

Лауазымы




Телефоны


Ұялы телефоны


Электрондық поштасы


Компания сайты


ЭҚЖЖ кодировкасы

Негізгі қызметі

Қосымша қызметі

Қосымша қызметі

Қосымша қызметі

Қосымша қызметі






Жекелеген көрсеткіштері

2010

2011

2012

2013

Айналым, мың теңге





Экспорт, мың теңге





Таза кірісі, %





Жалпы қосылған құн





Қызметкерлердің орташа саны





Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) тартылған қызметкерлердің %-ы





ҒЗТКЖ-ге арналған шығындар, мың теңге





      8. Аумақтық кластерді дамытудың перспективалылығы
      1) Аумақтық кластерді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері (нысаналы индикаторларын көрсете отырып)
      2) Нарықтық перспективалар
      3) Аумақтық кластерді дамытудан болатын экономикалық тиімділік:
      Негізгі қызмет түрі бойынша өндіріс көлемін арттыру
      Қызметтің және ілеспелі өндірістердің негізгі түрі бойынша жұмыспен қамтылғандардың өсуі
      4) Кластерлік бастамаларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар
      Қаржыландыру көздерінің сипаттамасы
      Аумақтық кластерді құру бюджеті (шығындар құрылымының егжей-тегжейлі сипаттамасы, жеке іс-шараларға арналған шығындар, семинарлар, адами ресурстар)

Аумақтық кластерлерге  
конкурстық іріктеу жүргізу
қағидаларына       
3-қосымша        

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорытындысы

№ ____________                    20___ жылғы «___» ________________

      1. ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
                      (аумақтық кластердің атауы)

      2. Мекенжайы және телефоны ___________________________________
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының
_______________________________________________ мемлекеттік мекемесі
                   (атауы)
      Қатысушылардың болуын/болмауын және аумақтық кластерді ұйымдастырудың орындылығын/орынсыздығын растайды.

Кластерге қатысушылар

Кластерге қатысушының қызмет түрі

1.



2.



3.



4.



...



Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік мекемесі «(атауы)» ____________________________________ (Т.А.Ә., қолы)
М.О.

Аумақтық кластерлерге  
конкурстық іріктеу жүргізу
қағидаларына      
4-қосымша       

Индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау
саласындағы уәкілетті орган
      ___________________________

Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне қатысуға өтінім

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                      (аумақтық кластердің атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (конкурстың екінші кезеңіне қатысушының атауы)

      осы өтінімді аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне қатысу үшін қажетті құжаттар топтамасын жібереді.

      _______________________
      _______________________               _______________________
(өтініш берушінің атынан құжаттарға         _______________________
қол қоюға өкілеттігі бар адамның лауазымы)  _______________________
                                                    (Т.А.Ә.)
                                            _______________________
                                            _______________________
                                                     (қолы)
Қабылдады:                                 Қолы: ________, № ______,
______________________________________     қабылдау күні 20__ жылғы
  (өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә.)            «___»_______

осы өтінімнің көшірмесі өтініш берушіге беріледі

Аумақтық кластерлерге  
конкурстық іріктеу жүргізу
қағидаларына      
5-қосымша       

Аумақтық кластерді дамыту стратегиясының құрылымы

      Аумақтық кластерді дамыту стратегиясы
      1. Аумақтық кластердің қысқаша сипаттамасы
      2. Аумақтық кластерді құру мақсаттары
      3. Қалыптасқан аумақтық кластердің даму деңгейі
      4. Аумақтық кластердің құрылымы мен мамандануы
      5. Аумақтық кластердің одан әрі дамуы үшін жағдайдың болуы
      6. Аумақтық кластердің өңірлік, ұлттық стратегияның басымдықтарына және Қазақстанның кластерлік саясатына сәйкестігі
      7. Аумақтық кластердің қатысушысы болуға ниет білдірген компаниялар мен ұйымдардың сипаттамасы
      8. Аумақтық кластерді дамытудың перспективалылығы
      1) Нарықтық стратегия
      Өңір экономикасын және мақсатты нарықтарды дамыту аясында аумақтық кластердің салалық фокусының сипаттамасы (жеке салалар, нарықтар, импорт және экспорт бойынша ақпаратты қоса алғанда)
      Өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын құру тізбегінде жаңа позицияларға ие болу жөніндегі стратегиялық бастамалар
      Клиенттер тізбесін кеңейту жөніндегі стратегиялық бастамалар
      2) Инновациялық стратегия
      Жобалау және/немесе зерттеу ұйымдарының мамандануы мен көрсетілетін қызметтерінің сипаттамасы және аумақтық кластерді дамыту үшін олардың өзектілігі
      Аумақтық кластер шеңберінде жеке бастамалардың және жобалау және/немесе зерттеу ұйымдарының оларды іске асыруынан болатын тікелей нәтижелердің сипаттамасы
      Аумақтық кластер үшін өзекті зерттеу құзыреттерінің болуы, тиісті зерттеушілердің қысқаша кәсіптік деректері
      Аумақтық кластердің қатысушысы болып табылмайтын, бірақ аумақтық кластерді дамыту үшін әлеуетті маңызы бар жобалау және зерттеу ұйымдары туралы ақпарат
      3) Адами ресурстар саласындағы стратегия
      Өзекті білім беру бағдарламалары – білім беру ұйымдары іске асырған және аумақтық кластерді дамыту үшін өзекті білім беру бағдарламаларының тізбесі
      Аумақтық кластер үшін өзекті білім беру құзыреттерінің болуы, тиісті жаттықтырушылардың қысқаша кәсіптік деректері
      Аумақтық кластердің қатысушысы болып табылмайтын, бірақ аумақтық кластерді дамыту үшін әлеуетті маңызы бар білім беру ұйымдары туралы ақпарат
      4) Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі стратегия
      Халықаралық ынтымақтастық тетіктерін құру
      Экспортты дамыту және қолдау
      Өкілдік функциялар
      5) Аумақтық кластерді басқару және дамыту стратегиясы
      Аумақтық кластерді ұйымдастырудың заңдық нысаны
      Ұйымдық құрылымның сипаттамасы (штаты, құрылымы, ішкі тетіктері және қағидалары)
      Шешімдерді қабылдау және іске асыру тетіктері
      Аумақтық кластердің күшті, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен сын-қатерлерін талдау
      9. Қаржыландыру көлемі мен көздері
      1) Қажетті қаржы қаражатының жалпы көлемі
      2) Қаржыландыруды тарту қағидаттары
      3) Құрылым бойынша жалпы шығындар: операциялық, өзге шығасылар және еңбекақы төлеу қоры
      4) Алдағы 5 жылға арналған тоқсан сайынғы ақша ағыны
      5) Қаржыландыру көздері
      Меншікті немесе мүшелік жарналар есебінен
      Жергілікті бюджет
      Республикалық бюджет
      Өзгелер
      6) Өзін-өзі қаржыландыру процесін және аумақтық кластердің мемлекеттік қаржыландыруды алған кезінен бастап 5 жыл ішіндегі орнықтылығының сипаттамасы
      7) Тәуекелдерді және нарықтың конъюнктуралық ауытқуларына сезімталдықты талдау
      10. Аумақтық кластер қызметінің нәтижелері
      Аумақтық кластер қызметінің ағымдағы кездегі негізгі нәтижелерінің жеке блоктар бойынша сипаттамасы:
      1) Нарықтық позиция
      Ағымдағы ахуалдың сипаттамасы және өнімдерді, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу нарықтарының даму болжамы
      Өңірдің экономикалық дамуының басты сипаттамалары (кестелер, графиктер, түсіндірмелер)
      Аумақтық кластердің бәсекелестік ұстанымын талдау
      Аумақтық кластердің негізгі клиенттік топтары
      2) Инновациялар
      Аумақтық кластерде құрылған және нарықта іске асырылған инновациялардың сипаттамасы
      3) Адами ресурстар
      Еңбек ресурстары құрылымының қысқаша сипаттамасы (штаты, білім деңгейі, кадрлардың мамандануы)
      Аумақтық кластерге кіретін және кластер үшін кадрлар даярлайтын білім беру ұйымдарының қысқаша сипаттамасы (дайындау бағыттары және білім беру бағдарламаларының тізбесі, бағдарламалар бойынша білім алушылар саны, бітірушілерді еңбекке орналастыру статистикасы)
      4) Халықаралық ынтымақтастық
      Халықаралық байланыстардың болуы, халықаралық жеткізілімдер тізбегіне кірістіру
      5) Аумақтық кластерді басқару
      Әртүрлі мүдделер топтары арасындағы жауапкершілік аймақтарын үйлестіру және бөлу, инфрақұрылым және бизнес-климат

Аумақтық кластерлерге  
конкурстық іріктеу жүргізу
қағидаларына      
6-қосымша        

Аумақтық кластерді дамыту жол картасының құрылымы

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы

Жылдар бойынша қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері

Орындау мерзімдері

1.







2.







3.







Кластерді дамытудың жол картасы мынадай іс-шараларды қамтиды:
1. Нарықтық стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
2. Инновациялық стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
3. Аумақтық кластердің адами ресурстарының стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
4. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
5. Аумақтық кластерді басқару және дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
6. Өзге де іс-шаралар

Әрбір іс-шара үшін мыналар айқындалуға тиіс:
1. Нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған тұжырымдама
2. Іс-шараны іске асырудың аралық және түпкілікті тікелей нәтижелері
3. Орындаушылар
4. Жылдар бойынша қаржыландыру көлемі
5. Қаржыландыру көздері
6. Іске асырудың уақыт кезеңі
7. Нақты іс-шара бағытталған мақсатты топ
8. Іс-шараның нәтижелілігін бағалау тетігі