Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 410 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2011 - 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 699 қаулысы;
      2) «2011 - 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 699 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 617 қаулысы.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов